Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қайыңды мен Көлсай – Жетісудың басты жауһары

3410
Қайыңды мен Көлсай – Жетісудың басты жауһары - e-history.kz

"Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы - Көлсай көлдері жүйесіндегі су қоймаларының бірінен басқа, батып кеткен кемелердің діңгектері сияқты су түбінен шыршалар өсіп шыққан атақты Қайыңды көлін көруге болатын жер. Зерттеушілердің пікірінше, екі көл де XIX және ХХ ғасырлар тоғысындағы жер сілкінісі мен опырылу салдарынан пайда болған. Алайда, бұл факт туристердің өңірдің қасиетті географиясына деген қызығушылығын тек арттыра түседі. Qazaqstan Tarihy порталы пайда болуы қайғылы оқиғаға айналған, ал қазіргі заманғы мәртебесі оларды Жетісудың жеті қазынасының қатарына қосуға мүмкіндік берген Көлсай мен Қайыңды көлдері туралы әңгіме тарқатуды ұсынады.

Қарабұлақ кентінен (жүз жылдан астам уақыт бұрын ол да жер сілкінісінен зардап шеккен) "Көлсай көлдері" МҰТС дейінгі жол бір сағаттан астам уақытты алды. Ұлттық саябақтың өзі Қазақстан Республикасының ең жас қорғалатын табиғи объектісі болып саналады. Ол 2007 жылы ақпанда құрылды және 161 045 га аумақты бақылауына алды, бұл Бахрейн аумағынан екі есе және Андорра аумағынан үш есе артық. Бұл аумақтың ¾ - ге жуығы қорықтық аймақ болып саналатыны белгілі және тек 13% - ы туристік және рекреациялық мақсаттарда қолданыла алады.

Табиғи парктің аумағына кіру үшін кіре берістегі өткізу пунктінен өту керек. Содан кейін делегация жазиралы табиғи саябаққа келді. Жоғарыда тұрып-ақ үш Көлсай көлінің біріншісі Төменгі Көлсайға түсер соқпақты көруге болады. Сол жерден көлдің қозғалмайтын бетінің көрінісі ашылып, табиғи айнада таулардың ұлы бейнесі көрінеді. Осы көрініс сонау оңтүстіктегі көкжиекке дейін созылады. Делегация еш қиындықсыз төменге түсіп, алдарынан ашылған керемет көрініске сүйсіне қарады, бұл сәттер өміріңнің ең тәтті сәттері ретінде жадыңда қалатыны сөзсіз.

Жұмыс күні таңертең қайықтар мен катамарандарды жалға берушілер пирс басына жиналған екен, біз көлдің сол жақ жағалауын бойлап жүріп кеттік. Бұл соқпақтың Төменгі Көлсайдың бар сұлулығын ашатынын біз тек соңына жеткенде бір-ақ аңғардық. Соқпақ жол бұралаң емес екен, бірақ өрлеулері мен еңістері көп екен, сондықтан да гидке ілескен шерушілер қадамдарын кейде жылдамдатып, кейде бәсеңдетулеріне тура келді.

Ашық алаңқайға шыққан жолаушылар алдымен көзжеткісіз ландшафтты, көпғасырлық ағаштарды көреді. Егер жарқыраған күн сәулесі әсерінен бұл төбелердің ұшар басына қарау мүмкін болмаса, оларды судағы бейнесінен тамашалауға болады. Біраз ілгері жүріп саяхатшы көл бетіне түскен қарашаның салқын күнін көреді, ал төменде, пирстің астында көлбеу біліктердің су қоймасын қалай шайқап жатқанын көре алады. Қазір осы әдемі тыныштықтың пайда болуына апат себепші деп ойлаудың өзі қиын.

Көлсай көлдері Күнгей Алатаудың шығыс жақ сайында орналасқан. Көлдер жүйесі теңіз деңгейінен 1800, 2250 және 2700 метр биіктікте орналасқан және Күнгей Алатау тау жоталарындағы мұздықтардан бастау алатын Көлсай өзенімен қоректенеді. Экспедиция көрген көл 1800 метр биіктікте орналасқан. Оның ұзындығы бір шақырымнан сәл асады, ені шамамен 400 метр, ал кейбір жерлерде тереңдігі 80 метрге жетеді.

01aeff543fd504bf7e387a7de31d4681.jpg

6becaf03164594a16d74148667a64461.jpg

10d09b78b7ab6b71687eced06d04f111.jpg

Көлдер жүйесі тығыз шеңбермен Тянь-Шань шыршасының қылқан жапырақты ормандарымен қоршалған, олардың сыртында көкжиекте таулы қарлы массивтер көрінді. Жақын таулардың қарлы шыңдары тау орманының түрлі-түсті бояуларын керемет көлеңкелейтінін айта кету керек. Экскурсия жетекшілері күз бен қыс бұл жерлерге жазықтыққа қарағанда шамамен бір ай бұрын келеді дейді.

Көлсай көлдері-ең танымал туристік бағыттардың бірі-жоғарыда айтылғандай көшкін нәтижесінде пайда болған. Жергілікті тұрғындар бұл көлдер туралы көптеген аңыз-әпсаналар біледі. Солардың бірі – өзара дос болған бай мен кедей отбасылары туралы. Бай отбасының үш қызы, ал кедей отбасында жар дегенде жалғыз ұлы болыпты. Уақыт өтіп балалар ержеткенде байдың қыздары бірінен кейін бірі келіп әкесінен өзін көршінің баласына тұрмысқа беруді сұрайды. Әкелері бұл сұрақты жалғыз шеше алмай, Құдайға жүгінеді, ол ойлана келіп үш қызды үш көлге, ал жігітті осы көлдерді қоректендіріп тұратын өзенге айналдырып жібереді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша ынтық жүректер осылайша бір-бірімен табысқан екен.

Көлсай көлі туралы тағы бір маңызды жәйт. Осы көлде тіршілік ететін құбылмалы балтақ бұнда Кеңес Одағы заманында Чехословакиядан әкелінген екен. Сол замандарда оны жоғары партиялық номенклатура үшін өсірген екен. Ол жылдары бұл жерге қорықшылар мен жоғарғы буындағы коммунист шенеуніктерден басқа бөгде адам кіруге тыйым салыныпты. Ал қазір бұл жерге келем деушілерге - есік ашық.

Ақпараттық тур келесі күні әрі қарай жалғасты. Енді жолымыз Саты кентінен Қайыңды көліне қарай түсті. Жергілікті аңыздар бойынша, Қайыңды көлі тарихына бастау болған Кемі жерсілкінісінің аз алдында бір ақсақал алда келе жатқан апат жайлы түс көреді. Оның айтқанына сенгендер, оған иланып, тұрған жерлерінен көшіп кеткен, үлгермегендері су астында мәңгілікке қалған. Көп ұзамай қаза болғандарға арнап ақ қайыңдар отырғызылады, олар әлі де көлге барар жолда өсіп тұр. Бұл шын ба, өтірік пе айту қиын, дегенмен де өзенді бойлай көлдің төменгі жағында бүкіл Тянь-Шаньдағы ең үлкен ақ қайыңдар алаңқайы бар. Өзен де, көл де, сай да соның атымен аталған.

Геологиялық өлшемдер бойынша көлді Жетісудың қарт тұрғындары қатарына жатқызу қиын. Озеро по своим геологическим меркам сложно отнести к старожилам Семиречья. Зерттеушілер оның 19 ғасырдың аяғында - 20 ғасырдың басында қалыптасқанын және 1910 жылдың желтоқсанында Верный қаласында болған ең күшті жер сілкінісінің салдарынан пайда болғанын айтады. Басқа мәліметтер бойынша көлдің туған күнін 1938 жыл деп санау керек (Жалаңаш жер сілкінісі), бірақ тарихшылар бірінші нұсқаға сенуге бейім. Жер сілкінісі нәтижесінде Қайыңды шатқалында тектоникалық құлау пайда болып, ол табиғи бөгет сияқты осы шатқалдан өтетін Қайыңды өзенінің ағысын жауып тастаған. Су ағындары ойпатқа ағып, үлкен бөгет құрып, шыршалы орманды су басты. Осылайша, ұзындығы 400 метр және ені 100 метр болатын шұңқыр су астында қалды.

Қайыңды Алматы қаласынан шығысқа қарай 130 шақырым жерде орналасқан. Ол теңіз деңгейінен 1800 метр биіктікте жатыр және оған жету үшін өзеннен екі рет өтіп қана қоймай, өткір еңістер мен тік өрлерді жеңу керек. Сіз жететін көлдің ұзындығы 400 метрден сәл асады, ені шамамен 100 метр, ал кейбір жерлерде тереңдігі 20 метрден сәл асады. Көлдің суы мөлдір және таза, бірақ оның температурасын жайлы деп айту қиын - тек 6 градус қана жылы. Көлдің жыл бойғы төмен температурасының арқасында көлдің түбіндегі шырша бұтақтары шірімейді.

Бір қызығы, ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының ортасына дейін көл қазіргіге қарағанда біршама кең және екі есе терең болған деп саналады. Алайда, сол кезде болған күшті сел көлдің бір бөлігін шайып кеткен, нәтижесінде ол таязданып қалған. Көлге 2010 жылғы сел тасқыны одан да көп зиян келтірді, бұл бөгетті әлсіретіп, судың су қоймасы бассейнінен шығуына мүмкіндік берген. Бұл фактілер мамандарды Қайыңды көлінің болашағына пессимизммен қарауға мәжбүрлейді, көл үшін жер қыртысының кез келген жаңа қозғалысы соңғы болып шығуы мүмкін.

74c2755884f4ab02e320e971037b9573.jpg

75ad530a6bbd17d762152ee7bdb7ed76.jpg

86e74b6054cec7e3374559464d46180f.jpg

9185f9698877380a54be8d9d61d8c65b.jpg

51306b7d389085deb1ddbb1b9693261f.jpg

ad63a0fe8369f72f74bb689b150931db.jpg

e887b5999226bcf9f38db179f370a528.jpg

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?