Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Алаштың құнды кітаптары жарық көрді

2714
Алаштың құнды кітаптары жарық көрді - e-history.kz
Қазақтар және қазақтың саяси тарихынан құнды деректер беретін қазыналы кітаптар жарық көрді

2 қазанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл, ҚР Конституциясы мен Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл толуына орай «Конституциялық құрылымның мәселелері және Елбасының рөлі» атты Қазақстан тарихшыларының ІІІ конгресі болып өтті. 

Екі жылда бір өтетін бұл ғылыми жиынның биылғы ерекшелігінің бірі – тұңғыш рет тарихшылардың ұлттық конгресі кітапханасы сериясымен шығарылған кітаптардың таныстырылымы болды. Атап айтсақ, Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның «Қазақтар» және Алаш қайраткері Қошке Кемеңгерұлының «Қазақ тарихынан» деп аталатын ғылыми еңбектер топтамасы. Бұл екі кітапқа да қайраткерлердің қазақ тарихына қатысты зерттеулері мен мақалалары топтастырылды. 

33151b7669186eafb8e3033fdefe3a19.jpg

Әлихан Бөкейханның «Қазақтар» (Казахи) деген атаумен шығып жатқан еңбегіне ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысында мерзімді басылым беттерінде жарық көрген ұлт тарихына қатысты ғылыми зерттеулері мен мақалалары енді. Мәселен, «Киргизы», «Изъ переписки хана Средней Киргизской орды Букея и его патомковъ», Изъ переписки Киргизскихъ хановъ, султановъ, и пр.«, «Ихъ бумагъ султана Большой Киргизской орды Сюка Аблайханова» және «Қазақ» газетінде жарық көрген қазақ тарихына қатысты мақалаларының тарих ғылымы үшін деректік маңыздылығы зор. 

Қошке Кемеңгерұлының «Қазақ тарихынан» атты кітапшасы 1922 жылы Омбыда жазылып, 1924 жылы Мәскеуде Күншығыс баспасынан, яғни 91 жыл бұрын жарық көрген болатын. Кітаптың кіріспе сөзін жазған Ғаббас Тоғжанов: «Біздің қазақ әлі кітапқа кедей. Әсіресе, қазақ тарихынан жазылған кітаптар жоқ. Міне, қолдарыңыздағы кітапша, қазақ баспасөзіндегі қазақтың саяси тарихы тұрмысынан жазылған тұңғыш кітапша деуге болады. Кітапша ішіндегі жазылған сөздің ұзын-ырғасы – қазақтың қысқаша саяси тарихы», – деп еңбектің сол кезеңдегі қазақ оқырмандары үшін маңыздылығын айтып өтеді. 

1d84814d85e745934a9e8f0ebfe6f698.jpg

Қошке Кемеңгерұлының келесі бір құнды еңбегі – «Бұрынғы езілген ұлттар» атты кітапшасы. Бұл еңбекте Ресей империясының құрамында болған 36 ұлттың тарихы мен тағдыры сипатталады. Бұл еңбек 1923 жылы Омбыда жазылып, 1925 жылы Мәскеуде жарық көрген. Қазақстан тарихшылары ұлттық конгресі кітапханасы сериясымен жарық көріп отырған Қошке Кемеңгерұлының бұл еңбегіне жоғарыда аталған «Қазақ тарихынан» еңбегі, «Бұрынғы езілген ұлттар» атты зерттеуі, мақалалары, қазанамалары мен хаттары және ресми жазбалары қамтылған. 

Бұл еңбектердің жарық көруі Қазақстан тарихшылары ұлттық конгресі кітапханасын ашып берген игі бастама болды.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?