«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Орыс батырлық жырларындағы қыпшақ қыздары

3571
Орыс батырлық жырларындағы қыпшақ қыздары

Түрлі халықтардың мифологиясында әйелдердің рөлі зор құрметке ие болған. Скандинавтардың мифологиясында конунгтың қыздары, жауынгер қыздар-валькириялар құрметтелген. Герман жауынгерлері әйелдердің құдайы алайсиагидің барына сенген, ал Ежелгі Грецияда тіпті амазонкалар мемлекеті де «болған». Бұл дәстүр Ұлы дала аумағында да жалғасын тауып, жауынгер қыздар «поляница»деп аталған, олардың тарихы орыс халқының ауыз әдебиетінде сақталған. Бұл әйелдер кім болған? Олар қайдан пайда болған? Орыс былиналарында кімдердің есімдері сақталған? Бұл туралы Qazaqstan Tarihy порталы әңгімелейді.

Поляницалар туралы сақталған мәлімет өте аз, оның өзі орыс былиналарына сілтеме жасайды. Содан да болар олардың шығу тегі туралы мәселе әлі де ашық күйінде қалып отыр. Былиналарға сенер болсақ, поляницалар құр жауынгер ғана болып қоймаған. Олар алапат күш иелері болған және кейде қарсыластары – батырларды да жеңіп кететін кездері болған: «Поляница на коне будто сена копна. Она палицу булатную подкидывает, да под облако, под ходячее». Жауынгер қыздар ер жігіттермен жекпе-жекке шығып, тек өзін жеңген жігітке ғана тұрмысқа шыққаны осы былиналардан белгілі. Мысалы: «Женитьба Добрыни» былинасында батыр Добрыня Никитичтің Василиса Микулишнамен қалай кездескені туралы айтылады:  

Догнал Добрыня поляницу, богатыршу удалую,
Ударил поляницу булатной палицей,
Да ударил её в буйну голову.
Поляница тут назад приоглянется,
Говорит поляница таковы слова:
— Я думала, меня комарики покусывают,
А это русский богатырь пощёлкивает.

Алайда, Настасья орыс батырын жеңгенімен, кейіннен оған тұрмысқа шығады.

Былиналардан аздаған поляницалардың есімдері белгілі. Жоғарыда аталған Настасья Микулишна орыс батыры Микула Селяниновичтің қызы болған. Айта кетерлігі, Настасьяның туған әпкесі, боярин Ставр Годиновичтің жары Василиса Микулишна да поляница болған. Настасья Королевична батыр Дунай ивановичтің жары болған. Айта кетерлігі, олардың тарихы тым қайғылы: жекпе-жек кезінде Настасья Дунайдың көзін ағызып жібереді, бірақ кейін оған тұрмысқа шығады. Кейін үйлену тойы болып жатқан кезде Дунай атқан жебеге ілігіп, қайтыс болады. Бұдан соң Дунай Иванович те өзіне өзі қол жұмсайды. Илья Муромецке үш бірдей поляницаның қатысы бар. Оның әйелі Савишна, батырдың киімін киіп Киевті тугариннен құтқарады. Поляница Златыгорка оған батыр ұл Сокольникті туып береді. Басқа былина бойынша Златыгоркадан туған қызы да поляница болған, алайда шешесінің кегін қайтармақшы болғанда, өзі қаза табады. Былиналардан тағы да бір далалық патшайым – жауынгер әйел Марья Моревнаның есімі белгілі, кейіннен оның образын орыс халық ертегілерінің кейіпкері Данышпан Василисаны ( Премудрая) сипаттаған кезде қолданған.

Поляницалар славян қыздары болған ба? бұл сұраққа бұрын өткен зерттеушілер «жоқ» деп жауап берген екен. Академик әрі кеңестік тарихнаманың көрнекті қайраткерлерінің бірі Борис Рыбаковтың пікірінше ержүрек жауынгер қыздар туралы сюжеттердің тамыры скифтер мен сарматтар әлеміне кетеді. Ізашарының пікірін белгілі кеңестік филолог-русист Дмитрий Балашов та қолдайды. Ол «поляница» сөзінің славян тілінен шыққанына қарамастан, поляницалар салт ат мінген шабандоз және шебер садақшы сармат қыздары болған:  

«Это — степные наездницы и вместе с тем, после сражения с героем, — жёны богатырей. Допустить их корневое славянское происхождение едва ли возможно, этому противоречит факт упорной, постоянной борьбы с ними русских героев, хотя нарицательное имя этих наездниц — «поляницы» — славянское. По-видимому, надо признать женщин-поляниц сарматскими конными воительницами, а наличие славянского названия их означает, что представления о поляницах утвердились в эпическом творчестве до появления в русском языке тюркского слова «богатырь», название женщин-воительниц не изменилось, ибо из живого бытия они уже исчезли» 

Поляницалардың шығу тегі туралы сұраққа басқа дереккөздерде орыс батырлары мен поляницалар арасындағы жекпе-жек дәстүріне сілтеме жасайды. Бұл, кейбір зерттеушілердің пікірінше, славян батырлардың сарматтармен жекпе-жегін бейнелейді, олардың образы матриархат ықпалының күшті болуына байланысты жауынгер әйел образында іске асқан. Бұдан басқа, Настасья Королевичнаның өлімі туралы әңгіме де бұған жанама растау болады, ол өлгеннен кейін, былина бойынша оның қанынан, сол кезде дала мен орыс жерлерін бөліп тұрған Днепр өзені пайда болады. Қазіргі тарихнама орыс былиналарында сипатталатын поляницалардың образы түркі эпостарымен ортақ тамырға ие деп айтады. Бұл жерде қырым татарларының «Зюльбюэр-къыз» дастанының бас кейіпкерін (татарларда – «Турай батыр») мысалға келтіруге болады, ол да «Ставр Годинович» былинасындағы Василиса Микулишна істегендей, күйеуін қорғау үшін шашын қырқып, күйеуінің киімін киіп алады.

Зерттеуші Е.В. Чернышова өзінің «Культура народов Причерноморья» еңбегінде түрік дастандары мен орыс былиналарындағы кейіпкер әйелдердің жауынгерлік мотивтері туралы ой толғай келіп, былай дейді:  

«…дастан кейіпкерлерінің жауынгерлік сипаты тек жұбайының, отбасының жауларына, бөтен адамдарға, дұшпан тайпаларға бағытталған. Түркі амазонкалары, соның ішінде мұсылмандыққа дейінгі кезеңде де, олардың кеңестеріне құлақ асып, өздерін сүйіспеншілік пен құрметке бөлеген ерлердің билігіне толықтай мойынсұнып үйренді. Күйеу жігіттің қалыңдықпен жекпе-жегіне келетін болсақ, орта ғасырларда түркі халықтарында соңғысы үйлену тойының бір бөлігі болған және кез-келген жағдайда өліммен аяқталған жоқ. […] Былинаның сюжет қайғылы және қарама-қайшылы, және әр зерттеуші шығарманың негізгі идеясын өзінше түсінеді»  

Дегенмен, сарматтықтан басқа да нұсқа бар. Бұл нұсқаны Ортағасырдағы көшпенді халықтардың археологиясы, тарихы мен мәдениеті бойынша отандық жетекші маман Светлана Плетнева ұстанады. Ол ортағасырда барлық еуропа мемлекеттерінде әйелдердің жағдайы өте ауыр болды деп санайды. Оның айтуынша «XI ғасырда қандай да бір поляница – орыс қыздары туралы сөз болуы мүмкін де емес. Олардың жас қыпшақ қыздары болғаны сөзсіз». Ол Ортағасырда далада жауынгер әйелдердің болғанын археология да дәлелдейтінін атап өтеді. Қарумен жерленген әйелдердің қорымы Оралдан бастап Батыс Еуропаға дейінгі зор территорияда әлі күнге дейін кездеседі және қола дәуірінен бастап Ортағасырға дейінгі кезеңді қамтиды.

Қалай болғанда да, түркі халықтарының қоғамдық өмірінде әйелдер ұзақ уақыт бойы маңызды рөл атқарып келген. Джованни Карпинидің айтуынша, қыпшақ әйелдері атқа салт мініп, тамаша шаба алған. Сондықтан да, былинада болсын, дастан да болсын әйел, сын сағатта жарына көмекке келетін адал серігі болып сипатталады. Ол тек батырлық қана танытып қоймайды, сонымен қатар аса зеректігімен де көзге түседі.

Автор: Аян Аден