Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Ашаршылық ақиқаты: деректер мен дәйектер» атты кітап жарық көрді

3401
«Ашаршылық ақиқаты: деректер мен дәйектер» атты кітап жарық көрді  - e-history.kz
Белгілі журналист, өлкетанушы Сағат Жүсіптің «Ашаршылық ақиқаты: деректер мен дәйектер» атты кітабы жарық көріп, біз автормен сұхбаттасқан едік

Кітап атауы айтып тұрғандай, ашаршылық туралы екені белгілі. Бірақ ашаршылықтың қай толқыны? Алғашқысы жайында көп деректер айтыла бермейді, тіпті 1932 жылдан бастап жүргендер баршылық. Бұл туралы не дейсіз? 

Ашаршылық туралы айтқанда, совет заманында екі ашаршылықтың болғанын айтқан жөн. Бірінші ашаршылық 1918-1922 жылдар болып Қазақстанның оңтүстік облыстарын Қызылорда, Шымкент, Әулиеата және Алматы облыстарын қамтып, 1 миллиондай адам аштан өлген. Бірінші – Кіші Ашаршылық деп аталса, екіншісі Ұлы Ашаршылық деп аталады. Біз ашаршылық туралы әңгіме қозғағанда көбіне 1931-1933 жылдардағы екіншісін көбірек айтамыз. Осы «Ашарлышық ақиқаты: деректер мен дәйектер» кітабында осы екі ашаршылық туралы материалдар қамтылды. Осыған дейін жарық көрген, іздеген, жинаған барлық құжаттар кітапқа енді. 

Ашаршылық туралы деректер мен дәйектер қайдан алынды? Жалпылама айта аласыз ба: қанша қазақ қырылған? Әркім әр түрлі айтып жүргенде тоқетері қашан белгілі болады? 

Ашаршылық жайлы деректер ашық дерек көздерінен алынды және әртүрлі іздеп жүріп жазып алған естеліктерден құралды. Ашаршылық өткен өңірлердің тұрғындарымен, көзін көрген адамдардың кейбірімен және кейінгі ұрпақтарымен әңгімелесу барысында туындаған жазбалар «Ашаршылық туралы әңгімелер» атты бөлімде жазылды. 

408d2aeafd3ce5b835ff92a49667d16e.jpg

Ашаршылық құрбандарының жалпы нақты саны жайлы дерек көздерін совет заманында барынша азайтып көрсеткен. Ашаршылыққа дейінгі халық санақтарында қазақтардың саны азайтылып, ашаршылықтан кейінгі саны көбейтіліп көрсетілген. 

Салыстырмалы пайыздық көрсеткіштер бойынша сөйлер болсақ, бұл нәубетте қазақтың жартысынан астамы (советтiк билiктiң алғашқы 1920-1930-жылдарында қазақтар 4 млн-ға жуық адамынан айырылды, 1921-1922-жылдардағы аштық кезiнде 1 млн 700 мың адам, 1932-1933-жылдары 2 млн 300 мыңға жуық адам көз жұмғанын айғақтайтын деректер бар) қырылса, Украин халқының 15 пайызы ажал құшқан. 

Кітапта мынадай бір қызықты дерек бар. Совет үкіметі билікке келген соң одақ көлеміндегі балықшылардың мекемелерін қоластына қаратып алған. Лениннің пәрменімен 1924 жылы Арал балықшылары Ресейдің Поволжье халқына 24 вагон балық жөнелткен деген мәлімет оқулықтарда нық орын алған. Алайда мына бір тың дерек мені қайран қалдырды: вагон толы балықтар Ресейдің аймақтарына жетпеген, себебі жолда паровоз отыны ретінде сол балықтарды отқа жаққан. 

c4be7b45e291b4711cbfbb363cfa0a42.jpg

Ұлттың жартысынан астамы қырғын тапқанда бұл тақырыпта кітапты жазу қиындық туғызғаны анық. Нендей жаңалықты анықтай алдыңыз? Көз жасты үйірген қандай оқиға болды? 

Маған қиын тигені – бүгінгі билік тұтқасын ұстағандардың Ашаршылық жайлы халықтың жадын ұмыттыруға барынша тырысып жатқаны. Бүгінгі таңда ашаршылық куәгерлері дүниеден өтіп кетті. Тірі куәгерлер жоқ. Нәтижесінде бүгінгі ұрпақ Ашаршылық жайлы әңгімелерге ертегі, аңыз әңгіме сияқты жеңіл қарайды. 

Көз жасты үйірген сурет – Тазқара құстың аш баланың өлімін күтіп жатқан кезін суретке түсірген. Бұл суреттің авторы – Кевин Картер есімді америкалық фотограф. Ол Африкадағы Судан елінде болған ашаршылықтан өлім халіне жеткен кішкентай бала мен жемтікке үйір жыртқыш құстың бақылауын қатар түсірген. Дәл осындай жағдай Ә. Әлімжановтың «Әкемнен естігендерім» деген естелігінде осы кітапта суреттеледі. 

Әзірлеген Заңғар Кәрімхан

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?