Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Ұлы Дала елі» – Ұлытауда

1707
«Ұлы Дала елі» – Ұлытауда  - e-history.kz
Ұлытау өңіріндегі «Хан Ордасы» ескерткіші алдында экспедиция мүшелерін жергілікті жұрт салтанатпен қарсы алды

Тарихи-мəдени «Ұлы Дала елі» экспедициясы киелі Ұлытау өлкесіне келіп жетті Экспедиция құрамында «Қоғамдық келісім» РММ ҒСЖ жəне əдістемелік қамтамасыз ету қызметінің жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Нұрбек Шаяхметов, Қостанай облысы ҚХА жанындағы ҒСТ мүшелері, ғалымдар мен профессорлар бар. 

Ұлытау өңіріндегі «Хан Ордасы» ескерткіші алдында экспедиция мүшелерін жергілікті жұрт салтанатпен қарсы алды.

Ұлт ұясы Ұлытау – қазақтың көне ғасырлық тарихындағы ұлы оқиғалардың ордасы. Бұл өлкеде хандар ту тігіп, билер сөз саптап, батырлар қол бастап, жорыққа аттанған, елдік мәселелер осы жерде шешіліп, тоқсан ауыз ссөздің тобықтай түйіні осы арада айтылған. Киелі де қасиетті әрі өңірі қазынаға тұнған бай өлке. Салтанатты қарсы алу рəсімінде профессор Нұрбек Шаяхметов құттықтау сөз сөйлеп, қазақ халқының рухани және тарихи-мәдени мұрасын насихаттау негізінде қазақстандық біртектілік пен ұлттық бірлікті нығайтуды мақсат тұтқан экспедицияның маңыздылығын ерекше атап өтті. 

15e3db69f732247cb75501c2b90fd0ee.jpg

Ұлытау ауданының əкімі Х. Омаровқа экспедиция символы – күнделік-кітапты табысталды. Жезді ауылындағы Мәкен Төрегелдин атындағы тау-кен және балқыту ісі тарихы мұражайының бай қоры экспедиция мүшелеріне ерекше әсер қалдырды. 

Мұражай қорында б.з.д. V-III ғғ. Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір өзенінің бойынан табылған сақ дәуіріндегі тас мүсіндер, Байқоңыр өзені жағалауындағы жартастарға салынған петроглифтер, көне отарба және түрлі минералдар мен тастар, түрлі-түсті металлдарды қазып алуға арналған көне құрал-саймандар бар екен. Ерекше атап өтетіні, аталған музей — тау-кен және балқыту ісі саласына арналған ТМД бойынша жалғыз ғылыми-танымдық мекеме. 

Мұнан кейін экспедиция мүшелері, ең алдымен, Жезқазған қаласы тарихи-археологиялық мұражайында болды. Мұнда XIX- XX ғасырлар басындағы қазақтың ұлттық киімдері мен мұражай қорындағы сирек экспонаттар бар. Экспедиция мүшелерімен кездесу кезінде жергілікті тұрғындар Қазақ хандығының құрылу кезеңі, сол замандағы ұлттық салт-дәстүр, ұлттық киімдер мен тағамдар және этнография саласы туралы қызғылықты мәжіліс құрды. Мұражайдағы экскурсия барысында «Бұланты шайқасы» туралы диорама арнайы әсерлермен таныстырылды. 

Экскурсия аяқталғаннан кейін эскпедиция Жошы хан, Алаша хан және Домбауыл кесенелеріне аттанды. Жошы хан кесенесі – тарихи маңызды ескерткіштердің бірі екені сөзсіз. ХІІІ ғасырда соғылған кесене Ұлытау ауданында орналасқан. Ұлытау бағзы заманнан көшпелі тайпалардың жайлауы болғаны тарихта жазылған. 1228-1230 жылдар аралығында хан Жошы мен оның балаларының ордасы осы жерде орналасқан. Аңызға қарағанда, дәл осы Ұлытау өлкесінде 1227 жылы аңшылық кезінде Шыңғысханның тұңғыш ұлы Жошы өмірден озған. 

Қазақ жеріндегі тағы бір маңызды ескерткіштің бірі – Алаша хан кесенесі. Ол Малшыбай ауылына жақын жердегі Қаракеңгір өзенінің аңғарында орналасқан. Мазар «Алты алашты» құраған тайпалардың түп атасы — Алаша ханның құрметіне XI-XII ғасырларда тұрғызылған. 

Орталық Қазақстанда орналасқан ең көне тарихи жәдігер – Домбауыл кесенесі. Қаракеңгір өзенінің сол жағалауында орналасқан Домбауыл кесенесі ғұн тайпаларының әмірлігі кезінде соғылған. Аңыз әңгімелердің бірінде кесене Домбауыл есімді ұлы жауынгер және сырнайшының құрметіне салынған делінеді. Экспедиция жоспарында Жаңаарқа ауданында орналасқан Жұбан ана ескерткіші мен Долинка елді-мекеніндегі саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайында болу да бар. 

Гүлшат Хамит 

aynaline. kz

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?