Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Еліміздегі тарихи орындардың Қазақстанның әлемдік кеңістігіндегі имиджіне әсері

2573
Еліміздегі тарихи орындардың Қазақстанның әлемдік кеңістігіндегі имиджіне әсері - e-history.kz
Бүгін біз еліміздегі тарихи орындар мен діни-ғұрыптық орталықтарының Қазақстанның заманауи әлемдегі имиджіне қалай әсер ете алатынын қарастырамыз.

Туризм саласында халықаралық қатынастарды дамытудың маңызды қадамы Дүниежүзілік туристік ұйыммен байланыстарды әрі қарай дамыту және нығайту болып табылады, бұл Қазақстанға:
- халықаралық туристік қоғамдастық құрамына кіруге;
- Қазақстанның шетелдегі туристік оң имиджін тиімді қалыптастыруға;
- техникалық көмек алуға, білім беру бағдарламаларына қолжетімділік алуға;
- халықаралық туристік форумдарға қатысуға;
- жаңа технологиялармен алмасуға;
- елімізге туристік ағынды қалыптастыру және туристік қызметтердің әлемдік нарығына шығуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта туристердің Қазақстанда ең көп баратын жерлер Алматы, Астана, Оңтүстік – Қазақстан облысы (Түркістан, Сарыағаш), Щучинск – Бурабай шипажай аймағы болып табылады.
Қазақстанның негізгі тарихи – мәдени мұрасы – Ұлы Жібек жолы бойынша Қазақстанның тарихи – мәдени мұрасы объектілерінің көп саны орналасқан:

1) Түркістанның қасиетті ескерткіштері және «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи – мәдени қорық – мұражайы (ЮНЕСКО объектісі);

  2) ЮНЕСКО тізіміне енгізілген көне Отырар қаласының және отырарлық алқаптың археологиялық ескерткіштері;

  3) Сауран археологиялық кешені;

  4) Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы;

  5) ЮНЕСКО тізіміне енгізілген Арпа-Үзен петроглифтері;

  6) Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;

  7) Байқоңыр ғарыш айлағы;

  8) Қызылорда, Сарыағаш, Тараз қалалары.

  Өткен жылдарда жұмыс жасаған ЮНЕСКО-Қазақстан-Жапония бағдарламасы бойынша мынадай іс-шаралар өткізілді:

- XVI—XVII ғғ. мешітін сақтау, XIV ғғ. соңы —XV басының соборлы мешіттің солтүстік бөлігін сақтау;
- XIII—XIV ғғ. қыш шеберханасын сақтау;
 - қала бойынша туристік бағдарлар әзірленді, буклет дайындалды.

ҚР-да туристік индустрияны дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Министрлік Жібек жолы орталығында, Түркістанда және Отырар аумағында туризм объектілерін қалыптастыру бойынша жұмыстар іске асырылуда. Түркістанда «10 мың ғибадат ететін адамдарға арналған ауылдар», «ОҚО Туристік объектілері», «Тарихи – этнографиялық парк» жоспарлары әзірленуде.
«Discovery Central Asia» журналы өзінің жазылушылары арасында Қазақстандағы анағұрлым қызықты туристік объектіні көрсету нысанына әлеуметтік сауалнама жүргізді. Ең қызықтысы, осындай объекті Түркістан болды, сол себепті қалаға бірінші орын тағайындалып, «Орталық Азияның үздік туристік объектісі» сертификаты берілді. Мұсылман әлемінің белгілі қасиетті жерлері осында орналасқан. Тек Қожа Ахмет Яссауи (XIV-XV ғғ.) мұражайына ғана осы қасиетті жерлерге бас ұратын мыңдаған зиярат етушілер келеді. Келушілер үшін діни парызын орындау және сол жерде орналасу үшін барлық жағдайлар жасалған.

Қазақстанның діни туризмінің тарихы, сөзсіз, өте бай. Дәл осы ғибадат етуді - заңды түрде туризмнің ең көне түрі деп санауға болады. Дін тарихы ұрпақтарына діни жәдігерлердің көптеген санын сақтап қалды, оларға таңырқамай қарау мүмкін емес. Қазіргі әлемде діни туризм үлкен сұранысқа ие, яғни зиярат ету тақырыбының өзі мәдени феномен ретінде біздің мемлекетіміз үшін үлкен өзектілікке ие.

Діни туризм тамырларын тереңге жайған. Дін қоғамдық қатынастарға терең бойлап, туристік тәжірибе үшін жаңа көкжиектерді ашуда. Жалпы діннің имиджге қандай да бір қатысы бар ма, десек, бар сияқты. Діни туризм арқылы байып отырған мемлекеттер де бар. Қазіргі таңда үлкен қалаларда мешіттер мен шіркеулердің көрнекі болып тұруының өзі осы елдің бейбіт әрі деморкратиялық қағидаларды ұстанатын ел екендігін көрсетіп тұратын бірден бір символ тәріздес болып кетті. Ал бұл кез келген мемлекеттің жағымды имиджін қалыптастыратын элементтер. Діни нысандар әдетте әлеуметтік қызмет атқарады. Стратегиялық PR-да имидждік технологиялардың бірі ретінде діни бағыттағы қызметтер кешені де нық орын лауы тиіс. Дін – бейбітшілік ұғымымен қатар жүретіндіктен, діни туризм қашан да жағымды мағынадағы сипатқа ие. Діни туризмге кең жол ашқан мемлекеттің жағымды имиджі берден көзге түсер еді.  

Діни туризм мен зиярат етудің үш маңызды мақсаты бар.

Біріншісі – белгілі орындарға бару. Діндарлар белгілі маңызды оқиғалар жасалған немесе жасалып жататын орындарға барады: көптеген діндарлар Меккеге, Иерусалимге, Голгофаға, православие шіркеулері, Ватикан, будда ғибадатханаларына барады. Орта ғасырлардың өзінде осындай «сенім орталықтарында» олардың тілектері мен өтініштері шынымен де қабыл болатынына сенеді. Тілектің қабыл болатындығы туралы ақпаратттар – оң имидждің өзінен өзі таралатын қуатты құралы. Әрбір мемлекет осы қуатты құралды имидждік құрал ретінде пайдаланудың жарысында келе жатыр.

Екінші мақсат – сауығу. Қасиетті орындардың емдік күші бар деген нық сенімі адамдардың жүрегінде сөнбейді. Адамдарды нақты сенім әлде қасиетті орындардың күші сауықтырғанын және сауықтыратынын айту қиын. Бірақ бұл шындық: мүгедектер аяқтарына тұрып, зағиптардың көзі көріп, науқастар аурудан арылды. Ең маңыздысы сауығу, көзге көрінбейтін – рухани сауығу. Қандай да бір елдегі діни нысандардың рухани сауығуға мүмкіндік беретіндігі туралы ақпараттар мен пікірлер де аса жағымды имидждік элемент.

Үшінші мақсаты – пендешілік және ізгіліктік: білуге құмарлық, басқа сенімге қосылуға ұмтылу.

Діндар немесе атеист бола отырып, адам басқа діндерді тануға ұмтылады.

  Айта кету керек, діни туризм қажылықтан ерекшеленеді. Қажылық етушіні діни зиярат етуге тікелей қатысу маңызды. Қажылық туризмнің әлеуметтік – психологиялық базасы діниге қарағанда тар. Діни туризм діни орталықтарға баруды, негізінен, танымдық, ғылыми мақсатта баруды қарастырады және топтардың құрамында түрлі дін өкілдері болуы мүмкін.

Осы тұрғыдан алып қарағанда Қазақстанда ең танымал исламдық ескерткіштердің бірі, бүкіл әлем мұсылмандары құрметтейтін – ХІІ ғасырда өмір сүрген, сопылықтың негізін қалаушы Қ.А.Яссауидің кесенесінің болуы – ең тиімді де жағымды имидждік көрініс.

Әдетте кез келген объектіге қандай да PR мақсатындағы іс-қимылдар жасалғанда, оған тарих қосылып айтылса, бұл өте ұтымды жағдайға жол ашады. Дәл сол сияқты имидждік стратегияны құрғанда оның ақпарат таратуға байланысты тарауларында имидждік технологиялардың бірі ретінде имидждік тарихқа назар аудару маңызды. Тіпті имидждік тарихы жоқ болса да, оған қандай да бір деректердің көмегімн имидждік тарих ойлап табу амалдарын да қолданатын әдістер бар. Бұл тұрғыдан алған имидждік тариха та, PR-тарих та бола алатын кешендер елімізде аз емес. Қазақстанның орналасқан аумағы ІХ-Х ғғ.бастап ислам дінін ұстанды. Анығында, бұл процесс Қазақстанмен шекарада қуатты Саманид ислам мемлекетінің пайда болуымен белсенді дамыды. Саманидтерде сүннет ислам таралды. Исламдану факторлары арасында Ұлы Жібек жолымен халықаралық сауда жасау соңғы орында болған жоқ. Дегенмен де, Қазақстанның пұтқа табынатын түркі тайпаларының дүниетанымында өзгерісті кезең орта – азиялық сопылардың арқасында болды. Қазақстанның түркі –көшпенділері дәруіштер (диуаналар) исламды қабылдады. Түркілер әулие және қорғаушысы деп таныған сопы қауым басшыларының табынушысы болды. Дәл осы факті Қазақстан түркілерінің орта ғасырлардың өзінде қасиетті қабірлерге зиярат ете бастауына себеп болды. Қожа Ахмет Яссауи сопылық қауым басшысы, 12 ғасырда Оңтүстік Қазақстан аумағында, Яссы қаласында тұрды, қазір бұл Түркістан. Орта ғасырларда осы қауым басшысына ғибадат ету қалыптасты.

Қазақстанның саяси орталығы және Шығыс мұсылмандарының «екінші Меккесі» Түркістан – «түріктер елінің» қорғаушысы ретінде танылған және Хазірет-и-Түркістан деп аталған, Қожа Ахмет Яссауи есімін алды. Діндар тұлғасының және оның қабірінің танымалдығы қаланың ескі атауын ұлы сопының көшпелі халықтардың жалпы этникалық атауымен байланысын көрсететін жаңасына өзгертті.

діни 1.jpg

ХІІ ғасырда өмір сүрген сопылықтың негізін қалаушы Қ.А.Яссауидың кесенесі

Дәл осы Түркістанда Ахмет Яссауидің кесенесінде 1771 жылы Қазақ мемлекетінің тағына Абылайхан (Әбілмансұр) отырды. Түркістанның зиярат ететін орынға айналудың тағы бір себебі – бұл кесене маңайындағы көптеген адамдар жерленген. Бар Қазақстаннан туыстары өзінің танымал және құрметті туыстарын қасиетті орынға жерлеу үшін әкелді. Қазақтардың түркістандық діндарларға бар ынтасымен берілуі туралы ғалым Жүсіп Көпеев жазған болатын. Ол құрметті арғындарды (Орта жүз, Солтүстік Қазақстан) қайтыс болған соң Түркістанға әкелген. Ахмет Яссауи кешеніндегі көптеген көсемдер мен мәдениет қайраткерлерінің қабірлері және оларға зиярат етудің рухани – идеологиялық маңызы бар. Егер діни адамдар үшін бұл қасиетті орындарға тағзым ету мүмкіндігі болса, ал туристер үшін Түркістандағы тарихи жәдігерлерді көрудің бірегей мүмкіндігі болып табылады. 

«Қылует» (Хилват) жерасты мешітін де атап өту керек. Ол кесенеден 100 метр қашықтықта орналасқан. Яссауи Пайғамбарды еске алып, пендешілік өмірден толығымен бас тартып, осы жерасты орын –жайда қалған өмірін Аллаға сыйынып өткізген. Қылуеттен километр қашықтықта «Күмшік ата» қасиетті орны орналасқан. Бұл – жерасты жолы апаратын шағын үй, мұнда Яссауи зікір оқыған. «Әулие Күмшік атадан» басқа Оңтүстік Қазақстанның қасиетті орындарына Шіллі хан (Түркістан), Сайрамдағы үңгір құжралары мен Қазығұрттағы таулар жатады.
Міне, осындай діни-тарихи орындырымздың өзі діни туризмді дамытуға мүмкіндік беретін жағдайлар. Туристерді ғажайып әлемге елітетін керемет жерасты қорымдары және мешіттерімен танымал кешендер ретіндегі қасиетті қабірлерде «береке» бар делінеді, яғни діндарлардан келетін рухани күш беретін жер деп есептеледі. 

Имидждік технология ретінде діни кешендердің осындай сипаттарын кеңінен пайдалану – туризмді дамытуда қолданылып келе жатқан әлемдік дәстүр. Оңтүстік Қазақстанның мұсылмандық қасиетті орындарына зиярат етуде Арыстан бабтың қабіріне табыну және содан кейін ғана барып, Түркістан қаласына бару ережесі бар. Бұл ережені құдайшыл зиярат етушілер бүгінге де сақтап келеді. Арыстан бабтың кесенесі тарихи – мәдени қорық жүйесіне кіреді. Арыстан бабтың қасында оның екі серіктесі Лашын баб, Карға баб жерленген. Сәулетті құрылыс – ұлы әйелдің – Әбілқайыр ханның әйелі, Ұлықбектің қызы және Темірланның немересінің мазары бар. Оның есімі – Рабиға Сұлтан бегім. Бұл кесене зиярат етудің негізгі циклын аяқтайды. 

ОҚО-ның басқа қасиетті жерлеріне де баруға болады, мысалы, Яссауи (Ибрагим ата және Қарашаш ана) ұрпағы, Яссауидың қызы – Гаухар ананың қабірі бар. Қызылорда облысында А.Яссауи ұрпағы болған Қорасан атаның (Әбдіжәлел баб) және оның ағасы Ысқақ бабтың (немесе Баб ата – ОҚО Созақ аумағында) кесенесі бар. Имидждік тарихта адам есімдерінің сақталуы да маңызды. Бұл имидждік ақпараттарды байыта түсетін тәсілдердің ішіндегі ең маңыздылары. Өйткені адам есімі аталатын тарихтың шынайы деректік сипаты басымырақ болады. Сондықтан да мемлекеттің имиджмейкерлері имидждік тарихты құрастырған кезде осы жағдайға аса маңыз береді. 

Ұқаша ата (Хакаша) қабірі қасиетті орын болып саналады. Мұнда «өтірік – пен шындықтың» танымал құдығы бар, діндарлар куәгерлерден намыстанып, бұл сынақ үшін өте қатты алаңдайды. Күнә көп болса – құдық су аз береді, ал егер адам адал болса - шелек суға толады.
Қазақстанның аумағында Мұхаммедтің жақтаушылары жерленген 19 қасиетті орын бар. Сопылық қауым бастығы Махмұд Ағзамның немересі және қазақтардың ата – бабасы Бәйдібек атаның әйелі Домалақ ананың (шын есімі Нұриля) қабіріне зиярат етушілердің ағыны толассыз. Әйелдердің және ғашықтардың қамқоршы әйелі ретінде әулие Айша Бибіні санайды, оның кесенесі Таразға жақын жерде ХІ ғ. құрылған. 

Осының барлығы Қазақстанға «әлемге ашылмаған» діни туризмнің орталығы болуға мүмкіндік береді. Діни туризм қасиетті орындарға бару мақсатында кең пейілді қадам болып табылады және шабыттану бұлағы қызметін атқарады.
Сондай-ақ туризмді дамыту үшін Жетіасар алқабының жәдігерлері, Сығанақ қаласы, «Байқоңыр» ғарыш кешені, «Қорқыт Ата» мемориалдық ескерткіші, Арал табиғи – рекреациялы аймағының әлеуеті зор. 

Байқоңыр – Ғарыштық Жібек жолы 

Байқоңырға апаратын жол Қармақшы ауданы арқылы өтеді. Мұнда ұлы философ Қорқыт атаның мемориалды кешені орналасқан. Өңірдің көрнекті жері – Байқоңыр қаласы. Инфрақұрылымы жақсы қалыптасқан ғылыми – техникалық кешен ретінде ол әрдайым туристерге қызықты болды. Туристердің келуіне «Протон» старттық кешені, әлемдегі алғашқы ғарышкер Ю.Гагарин ұшқан старттық алаңы ұсынылады. Сондай-ақ келушілер «Союз» зымырантасығыш сынақ кешенімен, Ю.Гагариннің және бас конструктор С.Королевтің мұражай-үйімен, «Зенит» старттық кешенімен және басқа да көптеген көрнекі жерлерімен таныса алады. Сонымен қатар қаланың өзінде ыстық термалды шипалы көздері бар. 

 
діни 2.jpg

Байқоңырдың орналасу картасы

 
Байқоңырда эко және этнотуризмді дамытудың әлеуеті зор. Осының нәтижесінде жұлдызды Байқоңыр Бұқара мен Самарқанд секілді мұражай мәртебесін береді. Айта кету керек, Қазақстаннан басқа әлемнің бірде –бір ғарыш айлағында қарапайым туристің «аяғы баспаған». Және бұл еліміздің туристік имиджі үшін үлкен артықшылық. 


Байқоңырға жақын жерде жерленген «Қорқыт ата» ғибадат ету мемориал – орталығы бар, оғыз –қыпшақ тумасы (9-11 ғғ.), түркі философы, ойшыл, бақсы, абыз, күйші, алғашқы ысқымен ойнайтын аспап - қобызды ойлап табушы, суырып салма ақын, жырау, оғыз – қыпшақтардың өмірін сипаттаушы. Бұрын Сырдария жағалауында 50-ші жылдары, аңыз бойынша, Қорқыт ата кесенесі бұрған. Ал «Қорқыт ата» мемориалы 1980 жылы құрылды. Мемориалдың жалпы аумағы сегіз гектарды құрайды. Бұл бірыңғай сәулеттік ансамбль. Ескерткіште 4 тігінен стеласы бар және әрқайсысының лағыл түсті граниттен жасалған қобыз кескіндемесі бар. 

діни 3.jpg 
«Қоркыт-ата» мемориалы жалпытүркілік мұра ретінде танылды 

  Кеңернеуде 40 түтік орналасқан, олардан жел соққанда түрлі дыбыстар шығады. Бұл дыбыстар қобыз ойынын еске салады. Басында ескерткіштің биіктігі 8 метр болды, ал қайта салғаннан кейін 2014 жылы биіктігі он екі метрге дейін артты. Үстіңгі бөлігінде кеңернеулері бар төрт қобыз әлемнің төрт жағын білдіреді. Кешеннің ортасында амфитеатр орналасқан, оған екі мың адам сияды. Әр төрт жыл сайын түркі тілдес халықтардың фестивальі өтеді, оның қатысушылары қобызда, домбырада және басқа ұлттық аспаптарда ойнайды. 


«Алтын адам» - еліміздің символикасының ажырамас бөлігіне айналған Қазақстан тарихындағы белгілі археологиялық жаңалық. 


Ол 45 жылдан астам уақыт бұрын Алматы қаласынан 50 километр қашықтықта Есік қаласының шетінде табылды. Бұл Қазақстанның аумағында орналасқан сақ көсемінің рәсімді алтын киімі тиісілмей сақталған жалғыз қабірі. Ол көпшілікке «Есіктің алтын адамы» немесе «Алтын адам» атауымен танылған. Осы ашылудың тарихы және алтын костюм мен сақ князьі қалдықтарының кейінгі тағдыры көптеген аңыз бен болжамдармен байланысты. Осы тарихта белгілі қорықты ашудан бастап барлығы аңызбен жамылған. Қоғамда әрі күнге дейін «Алтын адамды» жергілікті адамдармен немесе тіпті бульдозер қызметкерлерімен кездейсоқ табылды. Анығында бұл еңбек толығымен отандық ғалымдарға тиесілі, бірақ бұл расымен де кездейсоқ табылған дүние. 

діни 4.JPG

Алтын адам 

Кемал Ақышев өзінің 1978 жылы жариялаған «Есік қорғаны» монографиясында «Алтын адамның» табылуы сақтардың әлеуметтік құрылымы және мәдениеті туралы білімнің артуына септігін тигізді. Ғалымның айтуынша, қорғанда жерленген адам мейірбан көшпенді ғана болған жоқ. Ақышевтің ойынша, қабір князь, сақ тайпаларының үлкен бірлестігі көсемінің ұлы мен мұрагеріне тиесілі болды деп санайды. 

Есік ашылуының тағы бір жұмбағы бүгінгі күнге дейін 26 белгісі бар, түбінде сырылған екі сызығы бар күміс тостаған. Көптеген ғалымдар мен тілшілер бұл жазуды ашып оқуға тырысты, бірақ аударма нұсқаларының әрқайсысы басқасымен сәйкес келмейді. Тостағандағы жазу – есік жазуының шағын үлгілерінің бірі ғана. Кемал Ақышев өз кітабында бұл жазу олардың лингвисттерге сәйкес, орхон – енисей жазуы немесе арамей әліпбиіне негізделген өзінің әліпби мен жазуы болғанын дәлелдейді. 

Діни туризмді дамтуда жолушалар тасымалы, олардың орналасуы, қонақ үйдің жайлылығы, тамақ, қызмет көрсету және тағы да басқа қырлары тек туристерге қызмет ету мағынасында ғана емес, сонымен қатар осы елдің имиджінің де белгілері ретінде жүреді. Яғни, осындай қызметтердің жоғары деңгейде болуы – өзекті болып табылады. Себебі бұл шеттен келген діни мақсаттағы туристің келесі жолы да келуіне себепші болады. Әрбір турист тек қана турист емес, ол осы елдің имиджі туралы әлемге жағымды да, жағымсыз да ақпарат таратушы ретінде де жүреді.
Біздің ойымызша, Қазақстанның туристік әлеуеті кез келген туристің сұранысын қанағаттандыра алады, тіпті негізгі туристік өнім қазақ халқының қонақжайлылығы мен ақ пейілділігі болып табылады. 

Діни туризмнің елдің имиджін қалыптастырушы технологиялардың бірі ретінде өркендеуін қамтамасыз ету үшін мынадай стратегиялық мақсаттар орындалса деген ұсынысым: 

діни5.JPG

  
Әрине, мұндай іс-шаралардың көп қарждыны қажет ететіндігі белгілі, бірақ, діни туризм қашан да өз шығынын ақтайтын бағыт деп ойлаймын. Дәл қазір елдің тартымды туристік имиджін қалыптастыру, Қазақстанға келетін туристердің демалуы үшін максималдық қолайлы жағдай жасау қажеттігі туындады. Яғни, туристік секторға инвестицияларды тарту өзекті болып отыр. «Қазақстан» туристік өнім ретінде әлі қалыптасқан жоқ. Қазақстан туристік бағыт ретінде әлемде онша танымал емес, бірақ оның жерлері бұрыннан бері жүздеген жылдар бойы Ұлы жібек жолының аумағында көптеген тарихи оқиғалардың куәсі болған Қытай мен Еуропа арасындағы байланысты қамтамасыз етті. 


Туризм саласында халықаралық қатынастарды дамытудың маңызды қадамы Дүниежүзілік туристік ұйыммен байланыстарды әрі қарай дамыту және нығайту болып табылады, бұл Қазақстанға:
- халықаралық туристік қоғамдастық құрамына кіруге;
- Қазақстанның шетелдегі туристік оң имиджін тиімді қалыптастыруға;
- техникалық көмек алуға, білім беру бағдарламаларына қолжетімділік алуға;
- халықаралық туристік форумдарға қатысуға;
- жаңа технологиялармен алмасуға;
- елімізге туристік ағынды қалыптастыру және туристік қызметтердің әлемдік нарығына шығуға мүмкіндік береді. 


Қазіргі уақытта туристердің Қазақстанда ең көп баратын жерлер Алматы, Астана, Оңтүстік – Қазақстан облысы (Түркістан, Сарыағаш), Щучинск – Бурабай шипажай аймағы болып табылады.
Қазақстанның негізгі тарихи – мәдени мұрасы – Ұлы Жібек жолы бойынша Қазақстанның тарихи – мәдени мұрасы объектілерінің көп саны орналасқан: 


1) Түркістанның қасиетті ескерткіштері және «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи – мәдени қорық – мұражайы (ЮНЕСКО объектісі);
2) ЮНЕСКО тізіміне енгізілген көне Отырар қаласының және отырарлық алқаптың археологиялық ескерткіштері;
3) Сауран археологиялық кешені;
4) Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы;
5) ЮНЕСКО тізіміне енгізілген Арпа-Үзен петроглифтері;
6) Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
7) Байқоңыр ғарыш айлағы;
8) Қызылорда, Сарыағаш, Тараз қалалары.
Өткен жылдарда жұмыс жасаған ЮНЕСКО-Қазақстан-Жапония бағдарламасы бойынша мынадай іс-шаралар өткізілді:
- XVI—XVII ғғ. мешітін сақтау, XIV ғғ. соңы —XV басының соборлы мешіттің солтүстік бөлігін сақтау;
- XIII—XIV ғғ. қыш шеберханасын сақтау;
- қала бойынша туристік бағдарлар әзірленді, буклет дайындалды. 


ҚР-да туристік индустрияны дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Министрлік Жібек жолы орталығында, Түркістанда және Отырар аумағында туризм объектілерін қалыптастыру бойынша жұмыстар іске асырылуда. Түркістанда «10 мың ғибадат ететін адамдарға арналған ауылдар», «ОҚО Туристік объектілері», «Тарихи – этнографиялық парк» жоспарлары әзірленуде.
«Discovery Central Asia» журналы өзінің жазылушылары арасында Қазақстандағы анағұрлым қызықты туристік объектіні көрсету нысанына әлеуметтік сауалнама жүргізді. Ең қызықтысы, осындай объекті Түркістан болды, сол себепті қалаға бірінші орын тағайындалып, «Орталық Азияның үздік туристік объектісі» сертификаты берілді. Мұсылман әлемінің белгілі қасиетті жерлері осында орналасқан. Тек Қожа Ахмет Яссауи (XIV-XV ғғ.) мұражайына ғана осы қасиетті жерлерге бас ұратын мыңдаған зиярат етушілер келеді. Келушілер үшін діни парызын орындау және сол жерде орналасу үшін барлық жағдайлар жасалған. 


Қазақстанның тартымды туристік имиджін жасау тиісті кең ауқымды шаралар кешенін жүргізуді талап етеді. Менің ойымша, негізгі имиджді іс –шара Қазақстанның туристік фирмалары мен агенттіктерінің халықаралық, оның ішінде ДЖСҰ бойынша жүргізілетін туристік көрмеге, жәрмеңкеге, конференцияларға қатысуы, сондай-ақ осындай іс-шаралардың өзінің аумағында ұйымдастыру болуы тиіс. Конгресстік туризмді дамыту маңызды, ол Қазақстанды Еуразияның қоғамдық және мәдени оқиғаларының орталығына айналдыруға септігін тигізеді.
     

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?