Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Астанадан Байтайлақ қорымына дейін...

1770
Астанадан Байтайлақ қорымына дейін... - e-history.kz
Астанадан келген БАҚ өкілдері қыркүйектің 27-сі күні Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Қалбатауы баурайындағы Байтайлақ батырдың кесенесінің ашылу рәсіміне қатысты

Қыркүйектің 26-28 жұлдызында Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында қазақтың даңқты қолбасшыларының бірі, Абылай хан заманындағы баһадүр батыр, Керейдің шеруші руының ұранына айналған Байтайлақ батырды еске алуға және де батыр құрметіне тұрғызылған кесененің ашылу салтанатына орай Пресс-тур ұйымдастырылды.

24e9359dd6c5cbfcf6b0415f5fb40082.JPG

Пресс-турға қатысушылар Астана қаласынан шығып, Павлодар шаһарын басып өтіп, мәдени-рухани өлке Семейге ат басын тіреп, әйгілі аспалы көпірдің бойында фотосуретке түсті. Кезінде алаштың зиялыларының ізі қалып, әдебиет пен өнердің ордасына айналған Семей қаласы талай шежірелі тарихты ішіне бүккендей сыр шертеді. Самсыған ормандарды басып өтіп, аспалы көпірге жеткенде тамсанып, таңырқадық.

1bb3f9e41d9d08c734a73760ce19e44a.JPG

 Мұндай таңғажайып ғасыр жобасы аталған көпір ТМД-да да жоқ. Тіпті әлем елдерінің өзінде саусақпен санарлық қана. Аспалы көпірдің үстімен жаяу өтіп, Ертістің толқындарына көз жүгіртіп өттік. Көпір үстінен Семейдің шағын ауданын тамашаладық.

3cbd16f60506a73118cd76ce1f4d0035.JPG

Журналистер қарт Семей қаласын, Ертіс өзенін, ескі тарихи орындарын бірінен соң бірі фотоға түсіріп әлек. Жақсы этюдті кадрлар жинап, аспалы көпірден ары өтіп, Семейдің орталық көшелеріне таңдай қаға қарадық. 

4cb34b1ef95e159109486d08913c9b6e.JPG

Бұдан соң журналистер Жарма ауданын бетке алып, Қалбатаудың баурайына жолға шықты. Семейден шыққан көлік 3 сағат ішінде аудан орталығына жетіп, «Рахат» қонақ үйіне аялдады. Демалып, бой жазған журналистер кешкісін «Рахат» мейрамханасындағы қонақасына қатысып, салтанатты тойдың ашылу рәсімін тамашалады. Ән мен күй, ізгі-тілектер мен құттықтаулар айтылып, қонақтарға «Байтайлақ батыр» шарфы мен бас киімі таратылды.  

7ae68d6db8b97eb01d91998771c8b002.JPG

Ал Астанадан келген БАҚ өкілдері қыркүйектің 27-сі күні Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Қалбатауы баурайындағы Байтайлақ батырдың кесенесінің ашылу рәсіміне қатысты. Алдымен былтыр ғана бой көтерген қазақтың даңқты батыры Ер Жәнібек Бердәулетұлының басына барып, құран бағыштады. 

83bf302f5f0ef063d3234697b5f66ff6.JPG

Сағат 11.00 шамасында Шеруші Байтайлақ батырдың ескерткішінің ашылу салтанаты басталып, ҚР Мемлекеттік Әнұраны шырқалды. Алыстан ат терлетіп келген қонақтар таныстырылып, Байтайлақ батырдың жорықты майдандағы тарихи бейнесі айтылып, ұлт тарихындағы алар орны сөз болды.

726481addbde0f42eea1c4c0559d161a.JPG

Байтайлақ батыр Бәйімбетұлының кесенесінің лентасын ҚХР Алтай аймағының экс-әкімі Қадыс Жәнәбілұлы, Моңғолия Республикасы Баян-Өлгей аймағының әкімі Дәрмен Құзкейұлы, Жарма ауданының әкімі Айдар Маратұлы,  тарих ғылымдарының докторы, профессор Ахмет Тоқтабай, тарихшы-ғалым, Шыңғысхан академиясының академигі Шынай Рақметұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Нәбижан Мұқамеджанұлы, кәсіпкер-меценант, батырдың ұрпағы Ділдехан Дәлелұлдары қиды. 17,3 метр биіктікті менмұндалап тұрған кесене ашылып, құрметті қонақтар жылы лебіздерін білдірді. 

dc459871ca5905428c84d767effc1f52.JPG

Айдар Маратұлы, Жарма ауданының әкімі:

«Біз қазақ елі «өлі разы болмай, тірі разы болмас» деп жатамыз. Ата-бабаларымыздың атын ардақтап, есімдерін ұлықтаған халықпыз. Соның бір дәлелі – бүгінгі кесенесі бой көтеріп отырған Шеруші Байтайлақ батыр. Қазақ елі биыл қазақ хандығының 550 жылдығы мерейтойын тойлап жатырмыз. Осы аралықта халқымыздың басынан небір қиындықтар мен қиыншылықтар өтті. Зорлық-зобалаң мен жаугершілік заманды бастан өткізген халықпыз. Сол ұлы мұраттар бабаларымыздың рухының биіктігінен сақталып, армандары орындалды. Қазақтың ұлан-ғайыр даласын жаудан азат етті. Бүгінгі есімі ұлықталған Байтайлақ батыр сол бабаларымыздың тұяғы». 

cd4680ec73e350f9e66a6400ccba074b.JPG

Дәрмен Құзкейұлы, Баян-Өлгей аймағының әкімі:

«Біз кеше ғана Қатонқарағайдағы Қаратай батырдың ескерткіші ашылу салтанатына қатысып қайттық. Одан кейін Ұлы Алтайды  дүние жүзіне танытқан қаламгер Қалихан Ысқақтың 80 жылдық мерейтойына қатыстық. Енді міне Байтайлақ бабамыздың кесенесін тұрғызып, есімін құрметтеп жатырмыз. Бұл шаралардың барлығы, айналып келгенде қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына тұспа-тұс келіп отыр. Өз басым бұл шараларға қатысып жатқаныма шын жүректен ризамын. Бұл батыр тек қана Керейлердің батыры емес. Не болмаса қазақтың тойлайтын тойы емес. Күллі алаш жұртының тойлайтын тойы, қазақ мемлекетінің хандық құрғанына 550 жылдық тойының қарсаңындағы үлкен маңызды іс-шара деп білемін. Тойдың болатынынан боладысы қызық дегендей, еліміздің алыстығына қарамай алыс-жақын шетелден келген қонақтардың ат арылтып келген қарасы көп болды. Бұл бабаларымыз болмаса, қазақ хандығы болмаса біз бүгін осындай ұлы бабамызды еске алу шарасына жиналмас едік. Бұл шараның негізгі мақсаты – дүние жүзінің қазақтарының ел  бірлігін сақтаудағы маңыздылығын көрсетіп, жастарға ұлттық тәрбие беру мәселесін айғақтайды«.

 

5691421bfeef8e47cccc200f7551bf54.JPG

Қадыс Жәнәбілұлы, ҚХР Алтай аймағының экс-әкімі, тарихшы ғалым:

«Жиын басқарушы керемет ой тастады. Қазақ батырларын кім деп танимыз деген ойды сабақтады. Мына біз кесенесін салдырып отырған Байтайлақ батыр Ақтабан шұбырынды кезіндегі Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Ер Жәнібек қатарлы батырлардың бірі. Бұдан басқа да талай батырлар болды. Бұл шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бекітті. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы әкімдігі қолдады. Қазақ болса бауырым деп танитын, қазаққа қатысты шаруа болса, менің жұмысым деп жұмылатын қазақтың мықты абзал азаматтары қатысып отыр. Шеруші ата ұрпағы атынан осы жоғарыдағы барша азаматтарға алғыс айтамын». 

87b400170ec66644f1345efe860543bc.JPG

Қалбатаудың биік төбесінде орналасқан Ер Жәнібек Бердәулетұлы кесенесі. Жергілікті халық бұл жерді ертеден «Байтайлақ қорымы» деп атап келген. Бұл жерде Ер Жәнібек, Байтайлақ батырдан басқа 20-дан астам батырдың қорымы бар дейді. Олар Найман, Керей, Қоңырат, Уақ руларының батырлары. Былтыр Байтайлақ батырдың қорымын тауып, таспен қоршау жасап, белгі қойып кеткен болатын батырдың ұрпақтары. Енді міне, биыл кесенесін тұрғызды. 

e28a2ebe86455e33bacb390bc39fb32d.JPG

Бұл күнгі игі шараның басы-қасында жүрген журналистер қауымы «Байтайлақ қорымы» тарихына сыр беріп, Қалбатаудың табиғатына тамсанды. Шежіреші, өлкетанушы ғалымдардан Жарма ауданының тарихына , жер-су атауларына байланысты мазалаған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Тарихшы, зерттеушілермен пікірлесіп, сұхбаттасты. Бүгінгі маңызды шараның негізгі ұлт тәрбиесіндегі рөлін айқындады. 

6128866c56f80ab83e341cfcf9369cfa.JPG

c1c8539b7a6b24005ea8ec92e5d77c13.JPG

b22b592a7cdd700436de17894ce73155.JPG

Шара соңы аяқталып, Жарма ауданының орталығындағы «Нұр» кафесінде батырға арналып құдайы ас берілді. «Байтайлақ батыр» деректі филмінің тұсаукесері болып өтті. Артынша екі күнге созылған еске алу шарасы қорытындыланып, Астанада көлемді салтанатпен жалғасатын болды. Журналистер негізгі міндетін қорытындылап, Жарма ауданың қимастықпен артқа тастап, Семейді басып өтіп, Астанаға жол тартты. 

Алтынбек ҚҰМЫРЗАҚҰЛЫ

Астана-Семей-Жарма-Астана

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?