«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Ғалымдарға шетелдік тағылымдамадан өтуге жол ашылады - тарихшы

1324
Ғалымдарға шетелдік тағылымдамадан өтуге жол ашылады - тарихшы
ҚР БҒМ Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері Құндызай Ерімбетова Президенттің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауына пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaqstan tarihy порталы.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында сөйлеген сөзінде, індет салдары қазіргі әлемнің құндылықтарын айтарлықтай өзгерткенімен, кез-келген мемлекет үшін адами құндылықтар басты өлшем болып қала беретіндігі мәлімделген болатын. Сондықтан да заманауи кезеңде білім және ғылым жүйесінің дәстүрлік әрі сандық кешенді жүйесін қалыптастыру өзекті. Қоғамның кез-келген саласында кәсіби білікті мамандар ғана елдің өркендеуіне қомақты үлес қоса алатындығы айқын. Қоғамдық келісім маңдай-тер еңбектің жемісі мен даму тұрақтылығының тірегі», - деді тарих ғылымдарының кандидаты Құндызай Ерімбетова.

Тарихшы ғалымның айтуынша, Президент бүгінгі Жолдауында Қазақстанның өткен онжылдықтардағы дағдарыс кезінде де қазақстандықтардың шыңдалғанын, нәтижесінде әлем жұртшылығы алдында мемлекеттің де беделін асырғанын атап өтті.

«Алдағы уақытта атқарылатын міндеттер көп. Жеткен жетістіктерді сақтау үшін қоғам дамуындағы олқылықтарға тосқауыл қою, азаматтардың лайықты өмір сүру қажеттіліктеріне қатысты мәселені шешу әрі оларды заңдық-құқықтық қорғау күн тәртібінен түспейтіндігі мәлімделді»,- деді Қ.Ерімбетова.

Қолға алынған мақсатты қимылдардың міндетті түрде іске асырылуы үшін тиімді мемлекеттік даму жоспарының стратегиялық жүйесін құру, құзырлы органдарға тапсырылды. Мемлекеттік қызметкерлер біліктілігін арттыру әрі сабақтастықты сақтау да ескерілді. Кез-келген ұлттық жобаларды жүзеге асыруда өз міндеттеріне жауапкершілік алу, жергілікті жерлердегі өзін-өзі басқару сапасын арттыру да маңыздылығы аталып өтті. Мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер арасындағы түсінбестікті жою тетіктерін іске асыру жөнінде ұсыныс жасалды.

Сондай-ақ тарихшы ғалым Мемлекет басшысының биылғы Жолдауындағы басты өзекті мәселелерге тоқталып өтті.

«Мемлекет басшысының биылғы Жолдауының басты мәселесі, бүгінгі әлемдік нарық қатынастары жағдайында халықтың әл-ауқатын жақсартудың жаңаша жолдарының саралап айшықталуы. Президент Жолдау барысында бірнеше рет, елдің стратегиялық дамуының негізгі басымдықтарының бірі - жемқорлыққа қарсы күрес екендігін ашық жариялады. Болашақ жаңа қоғамның іргетасы - әділеттілік, шынайы бәсеке, адами капиталдың дамуы, қоғам алдындағы негізделген шешім қабылдау мен жауапкершілік болып табылады. Бұл міндет – мемлекеттің жеке тұрғындарынан бастап, құзырлы органдар басшылары үшін де өзекті. Мұның барлығы Ұлттық экономиканы жандандыру бағытында стратегиялық жағынан өміршең кәсіпорындарды іске қосуды заңнамалық негіздер жасау қолға алынатын болады.

snimok111.jpg

Президент қазіргі индустрияландыру саласының мүлде жаңа қалыпты технологиямен даму ерекшелігін сөзге тиек етті. Ауылшаруашылығы бойынша экожүйе қалыптастыру тетіктерін жасау да маңызды. Логистикалық жүйеге тоқтала келе, көрші елдермен баламалы бәсекеге түсуге тура келетіндіктен оның инфрақұрылымдық дамуына аса зор мән берілді.

Бизнесті реттеу «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына жаңа тыныс бере алады. Түптеп келгенде жаңа әлеуметтік саясат құру, тұрғындарды еңбекпен қамту мәселесін оңтайлы шешуге жол ашады.

Қолжетімді білім алудың сапалық деңгейін арттыру бүгінгі жағдайда, Біріңғай Онлайн –білім беру платформасын қалыптастыру да күн тәртібінде. Үндеу аясында ғалымдар қауымдастығына жақсы жаңалық, халықаралық тәжірибелерге сай ғалымдар шетелдік тағылымдамадан өтуге жол ашылды. Мемлекеттің ғылыми-технологиялық даму әлеуетін пайдалану бағыттары іске асырылатынына сенімдіміз.

Мемлекет басшысының тарих маңызы бар Жолдауында дүниежүзіндегі геоэкономикалық дағдарыс жағдайында Қазақстанның қиыншылықты еңсере алатын бағыттарына мән берілді. Ең басым бағыты - халықтың өмір сүру сапасын арттыру. Бұл тиісінше қоғамның әрбір тұрғынының жігерлі еңбекқорлығы мен жауапкершілігін талап етеді»,-деді тарихшы.