Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ежелгі Майя және көне түрік халықтарының күнтізбесіндегі 13 санының сыры ІІ

1839
Ежелгі Майя және көне түрік халықтарының күнтізбесіндегі 13 санының сыры ІІ - e-history.kz
Жұмбаққа толы ежелгі Майя өркениеті мен түрік халықтарының арасында үлкен үндестік бар. Әсіресе күнтізбесі, сәуегейлігі және астрономиясы өте ұқсас.

«Керек болса, батыс өрениеті шығыстағы Алтайдан өркен жайып, Беринг жермойнағын басып өтіп, батыс жарты шардағы Юкатанда көктеген майя өркениетінен бастау алатын 13 айлық галактикалық табиғи күнтізбені мойындамақ түгіл, 13 деген санның өзіне тыйым салып, оны адамзатқа қатер төндіретін өте қауіпті құбылыс ретінде болмыстан аластауға бар күшін салады. Себебі 13 айлық галактикалық әрі ғылыми тұғыры берік күнтізбені мойындау батыс өркениеті үшін адамзат алдында жасаған алапат күнәсін ашық мойындаумен тең болар еді. Сондықтан да бадырайып тұрған шындықты көрсе де көрмегендей болып, өздерінің 16-ғасырдың екінші жартысында жіберген жабайы қателерін білсе де білмегендей, сезсе де сезбегендей болып, жыртқыштан қорыққан түйеқұсқа ұқсап, бұл күнде батыс өркениетінің басы құмға тығылып тұрған жайы бар», - дейді зерттеушінің өзі.

Басы: Ежелгі Майя және көне түрік халықтарының күнтізбесіндегі 13 санының сыры неде?

Әрі бұл пікірдің дәлелдерін алыстан іздеудің қажеті жоқ екенін айтады. «Себебі, мұндай жайттар біздер өмір сүріп отырған өркениеттің батысында бүгін де жыртылып айырылады. Мәселен, тарихта «қара жұма» атанып кеткен уақиғаның шын мәнінде орын алғаны байқалады. 1307-жылғы сәуір айының 13-і жұма күніне дөп келсе керек. Дәл сол күні Еуропадағы ең айбарлы ұйым болып саналатын Тамплиер ордеінің мүшелері тұтастай тұтқындалып, түрмеге табылады да, артынша, инквизиция, олардың бірін қалдырмай, тірідей өртетіп жібереді. Бірақ сол уақиғадан ейін батыс өркениетіне неше түрлі алыпқашпа сыбыстар тарап кетеді. Сондықтан да болар, сол заманнан бермен қарай жұма күндері мен 13-ке батыс өркениеті сескене де, сезіктене не карайды. Өйткені кез келген 13 пен соған дөп келетін жұма күні қалыптасып қалған соқыр сенімнің салдарынан батыс өркениетіне қауіп-қатер мен ажалға толы күн сияқты болады да тұрады.

Сондықтан да болар, 13-ке Америкада да оң қабақ танытпайды. Мәселен, американдықтардың зәулім ғимараттарында 12-қабаттан кейін бірден 14-қабат басталады. Пәтерлерде, қонақ үйлерде де табуға айналған 13-тің орнына 14 немесе 12 А сияқты эвфемистік сандар пайдаланылады», - деп жазады ағамыз өз еңбектерінде.

Zagadochnoe-plemya-Majya.jpg

Бір қызығы, 13 санына қатысты тыйымдар тек батыс емес, шығыс өркениетінде де кездесіп қалады екен. Әділ Ахметовтың «Байырғы америкалықтардың алтайлық тегі» атты зерттеу еңбегінде түріктердің де 13 деген саннан қатты секем алатыны туралы деректер кездеседі.

«Тыйымның пәрменділігі соншалық, олар 13 деген сөзді ауызға алмайды. Ал қытайлықтар мен жапондықтар үшін ең бақытсыз сан 4 болып есептеледі. Себебі әлгі халықтардың тілдерінде 4 деген санның атауы «өлім” немесе ажал» деген ұғымдардың атауларымен омонимдес болып келеді. Ал 9 деген ұғымды білдіретін жапон сөзі ауру деген ұғыммен омонимдес болғандықтан, әлгі сөз де табуға айналып, оны енді эвфемизм алмастырған. Жапониядағы ауруханалар мен емханаларда төрт пен тоғыз деген сөздердің көрінбеуі де әлгі соқыр сенімнің салдары екені айтпаса да түсінікті», - делінген аталмыш еңбекте.

Айтпақшы,бұл кітапта АҚШ халқы үшін үрейлі 13 санын масондардың емін-еркін қолдана беретіні айтылған.

«13-пен байланысты соқыр сенімге ең қатты мән беретін Америкада әлгі санды масондар емін-еркін қолдана береді екен. Мәселен, Американың бір долларлық банкнотының сырт жағына көз салған адам бадырайып тұрған мына бір белгілерді анық байқайды: банкноттың сол жақ қанатына 13 баспалдақты пирамида бейнеленген. Біріншіден, оның мәні - американдық доллар пайда болған кездегі Құрама Штаттар санының 13-ке жеткендігін паш ету болса, екіншіден, әлемдегі валюта бірлігі мен олардың долларға тәуелділігінен туындайтын ақша билігіндегі иерархиялық тәртіпті тұспалдап тұрған символ. Сосын пирамида төбесіндегі үш бұрыштың ішінен еш нәрсені қалт жібермей бақылап тұрған, өткір де жалғыз көз байқалады. Бұл көз бүкіл аспан әлемінің архитекторы болып саналатын масонның көзі екендігінде дау жоқ. Өйткені, масондар (о бастағы мағынасы – тас қалаушылар үшін «әлем» деген ұғым - ғұлама инженер әрі сәулетші және математик ойлап тапқан машина. Әлгі пирамиданың төменгі жағында латынша бас әріптермен жазылған “NOVUS ORDO SECLORUM” («Әлемдік жаңа тәртіп») деген үш сөз тұр. Мұның мәні «Жаңа халықаралық экономикалық тәртіп» деген ұғымға саяды.

maya_zodiak-2.jpg

Банкноттың дәл ортасында бас әріптермен терілген "IN GOD WE TRUST” (“Құдайға біз сенеміз”) деген жазу тұр. Бірақ бір долларлық американдық банкноттан христиан дінінің басты символы крест көрінбейді. Ақша бетінің оң жағында бір уысымен 13 жебені, екінші уысымен 13 жапырақты зәйтүн бұтағын бүрген сұсты бүркіт бейнеленген. Әлгі бүркіттің суреті АҚШ-тың мемлекеттік мөрiнен алынғаны байқалады. Ол мөрдi кезінде Бенджамин Франклин бастаған масондар тобы жасап шығарғаны тарихтан белгілі. Аспан әлемінің ұлы сәулетшісі атағына ие болған Бенджамин Франклин Дәуіт пайғамбардың 6 бұрышты жұлдызы мен бір долларлық әлгі ақша бетінен жиі көрінетін 13-пен сабақтас: 13 баспалдақ, 13 жұлдыз, бүркіттің 13 қанатындағы 13 сызық пен пәрменді уыстарындағы 13 жапырақты бұтақ пен 13 жебені және масондық қоғамының иерархиялық сатыларын көрсететін бүркіттің бір қанатындағы 32 қауырсын мен екінші қанатындағы 33 қауырсынды өте ұнататын болған. Бірақ бұл айтылғанның масондардан басқаға ешбір қатысы жоқ. Ал қарапайым американдықтар үшін 13 бұрынғыша қатерлі сан болып қала береді. Мәселен, Америкада жиі жүргізілген әлеуметтік сауалдамалардың бірі көрсеткендей, американдықтардың 8 пайызы (шамамен 20 миллион адам) осы күнге дейін 13-ке дөп келетін жұма кундерінен зәредей қорқады. Тіпті, бұл құбылыстың ресми атауы ретінде «Paraskevidеkаtrіaphobia» («Параскевидeкaтриафобиа») деген термин де айналымға еніп кеткен», - деп жазылған.

Автордың жазуынша, мұндай соқыр сенімге бой алдырудың салдарынан халық арасында 13-ке сай келетін жұма күндері жұмысқа шықпай қалу, іс-сапардан іркіліп қалу сияқты тыйымдар ара-тұра кездесіп қалып жатады екен.

«Бұл тұрғыдан қарағанда, американдықтардан ағылшындар да қалыса қоймайтын сыңайлы. Адам денсаулығы мен мінез-құлқының 13-пен байланысты жұма күндеріне қаншалықты қатысы бар екенін білу үшін арнайы сараптама жүргізген бір топ ғалым Ұлыбританияның көлік көп жүретін М 25 жол торабының бір сегментінде әр айдың алтысы мен он үшіне сай келетін жұма күндері орын алатын жол апаттарын біраз жыл бойы бақылапты. Нәтижесінде сарапшылар мынандай құбылысты байқаған. Әдетте 13-ке дөп келетін жұма күндері жолға шығатын жүргіншілердің саны айдың 6-сына сай келетін жұма күндерінен әлдеқайда аз болатынына қарамастан, 13-ке сай келетін жұма күндері жол апатынан ауруханаға түсетіндердің саны жай жұмада тіркелетіндерден 52 пайыз көбірек болатыны анықталған. Осындай көрсеткішті негізге ала отырып, сарапшылар 13-ке дөп келетін жұма күндері адамдардың жолға шықпай, үйде қалғаны абзал болады деген қорытындыға келген», - дейді ағамыз.

Бір қызығы АҚШ медицинасында да осындай ұғым бар екен. «Осының салдарынан «жұмадан қорқу» деген ұғымды білдіретін «Friggaphobia» (фриггафобия) деген жаңа термин де қазір айналымда жүр. Алайда осылай екен деп, 13 пен жұмадан күллі әлем қорқады деген пікір тумауға тиісті. Әр елдің заңы басқа, иттері қара-қасқа демекші, 13 пен жұмаға қатысты тыйымдар Шығыс өркениетінен гөрі батыс өркениетіне тән құбылыс екені жоғарыда келтірілген мысалдардан анық байқалады. Сосын, баз біреулер тыйым салды екен деп, 13 адам санасынан да, сөздіктерден де түсіп қалған жоқ. Олай болуы мүмкін де емес. Себебі 13-ке тыйым салып, оны болмыстан аластауға тырысу босқа тірлік. Өйткені жоғарыда айтып өткендей, 13 - осыдан мың жыл бұрын Майя ғылымы дәлелдеп кеткен бүкіл галактиканы реттейтін тұрақты өлшем. Бұл шындыққа көз жұмуға болмайды. Ендеше, батыс өркениеті бұл заңдылықты бәрібір мойындауына тура келеді», - дейді Ахметов мырза.

9998-800x420.jpg

Әділ ағамыздың зерттеулерінде 13 санының космология мен Уақыт заңының мызғымайтын тұғыры әрі бүкіл галактиканың мәңгі өзгермейтін тұрақты өлшемі екенін Майя халқының көсемі Пакаль Вотан ашқаны айтылады.

«Пакаль Вотан біздің заманымыздың 603 жылы дүниеге келген. Ол кезінде Юкатан жарты аралын мекен еткен майялардың патшасы болған. Сонымен қатар Пакаль Вотан - майялардың ұлы өркениетінің, оның ішінде, әлгі халықтың бірегей жазу жүйесі мен пирамидаларын, сол сияқты тылсым сырын тек осы халық ғана білетін күрделі күнтізбелер жүйесі мен Уақыт заңы және оның негізі болып табылатын төрттік өлшемге тән математикалық принциптерді терең меңгерген ғұлама.

Ерекше атап өтетін тағы бір фактор: Пакаль Вотан көзінің тірісінде-ақ майя космологиясы мен Уақыт заңының мызғымайтын тұғыры әрі бүкіл галактиканың мәңгі өзгермейтін тұрақты өлшемі - 13-ке баз біреулердің келешекте тыйым салатынын дәл болжаған және мұны 683-жылы өзі бақилық сапарға аттанар алдында кейінгі ұрпақтарға өсиет етіп қалдырған. Пакаль Вотанның көріпкелдігі шынымен-ақ рас болып шықты. Өзі қайтыс болғаннан кейін 870 жыл өткен кезде - 1553-жылы 13-ке тыйым салу католик шіркеулерінің басын бір жерге біріктірген, сол үшін Ұлы Григорий Бірінші атанған Ватикан басшысының тарапынан сезіле бастайды. Өйткені дәл сол кезде Ватикан шіркеуінің аталмыш басшысы күні бүгінге дейін күллі әлем қолданып келе жатқан 12 айлық жылға есептелген, бірақ ғылыми негізі өте әлсіз уақыт реформасын, дәлірек айтқанда, өз атымен аталатын ақауы көп күнтізбені айналымға енгізіп жібереді.

Дәл осы жерде әлгі күнтізбеге байланысты: “Сонда қалай? Әлгі күнтізбенің 13-ке қандай қатысы бар? Әлгі реформаның мақсаты не?" сияқты заңды сұрақтардың кесе-көлденең тұратыны даусыз. Ия, бұл сұрақтардың туындайтыны айтпаса да түсінікті. Сондықтан, әлгі сұрақтардың алдын алып, оларға нақты жауап іздер болсақ, біраз шындықтың бетін ашуға тура келеді.

Біріншіден, Покаль Вотан біздің заманымыздың 631683 жылдары аралығында 52 жыл бойы өз елін басқарып, майя өркениетіне орасан зор үлес қосқан биік тұлға еді.

Екіншіден, ол, әсіресе, пирамидалар құрылысына ерекше мән беріп, күнтізбелерге тікелей қатысы бар майялардың жазба тілін, яғни иероглифтер жүйесін қалыптастыруға мол еңбек сіңірген.

Үшіншіден, ерекше назар аударатын тағы бір фактор - майя өркениетінің негізі болып саналатын күнтізбелер жүйесінің аспан денелері циклдарын төрттік өлшемге негізделген математика ғылымы тұрғысынан дәл есептеген 17-18 түрін Пакль Вотан өте терең меңгерген», - делінген Байырғы америкалықтардың алтайлық тегі» атты зерттеу кітабында. 


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?