Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Көгілдір аспан түстес Ту

2415
Көгілдір аспан түстес Ту - e-history.kz

Мемлекеттік Ту тәуелсіз Қазақстанның басты символдарының бірі болып табылады. Ол әр азаматқа жақын әрі қымбаттың бәрін өз бойына жинай отырып, қоғам өміріне нық енді

Мемлекеттік символиканың сан ғасырлық тарихы бар. Оны зерттеп-зерделеу тарихи даму заңдылықтарын, халықтың менталитетін және қалыптасқан мемлекеттің басымдықтарын түсінуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік символар үнемі біздің жанымызда – қала көшелерінде, әкімшілік ғимараттарында, әуеде, суда. Қазақстанның Мемлекеттік Туы ғарышта да болып, биік таулар шыңдарында да желбіреді. Мемлекеттік ту арқылы мемлекеттіліктің даму жағдайы, оның тарихи-мәдени дәстүрі және дамудағы басымдылықтары кескінделеді.

Қазақ символикасының тамыры тереңге кетеді. Қазақстан аумағында жан-жақты жаратылысқа ие символдардың қолданылуы белгілі бір ойды немесе сөзді, іс-әрекетті немесе жүйені жеткізу үшін қолданылды. Тұжырымды түсінік пайда бола қоймаған кезде символдар өзіндік тіл қызметін атқарды. Символиканың тарихи тамыры терең және ол өркениеттің дамуымен тығыз байланысты. Қандай да бір саяси белгінің таңдалуы әр этномәдени ортада болды. Мысалы, ту прототипі әлемдік мәдениеттің барлық тотемдік бейнелеріне тән. Олар саяси биліктің ерекшелік белгілерінің жүктемесін көрсетеді. Мысалы, бұл мақсатта түрлі уақытта түрлі халықтар бұқаның, тасбақаның, жапалақтың, бүркіттің, жыланның, айдаһардың және т.б. кескінін қолданған. Осылайша ежелгі египеттіктер үшін олардың құдайлары мен фараондарының, ассириялықтар үшін – өгіздің, гректер үшін – Пегастың, минотаврдың белгіленгендері археологиялық деректер мен тарихи дереккөздерден белгілі. Қазақ халқының дәстүрінде бұдан да ежелгі белгілер сақталған – желеп-жебеуші аңдар мен ата-баба – тотемдер туралы айтылған іздер. Бұл жерде үлкен алуандық байқалады және тек дәстүрлі Бөрі ғана емес, сонымен қоса, Қарға, Бура, Құтан, Айғыр және мистикалық Қара балық пен Қызылқұрт та бар. Ортағасырларда Батыс елдерінде (Англия, Франция және т.б.) граф, герцогтар мен корольдерді айтпағанда әр рыцарьдың өз байрағы болған. Байрақтардың түстері әртүрлі болған. Түрік қоғамында қағанның символы – байрақ әскерге белгі мен пәрмен беру үшін қолданылған. Ежелгі түркілер символикада байрақтар, ту, мойшақтар, штандарттарды пайдаланған. Көсемнің бөрінің құйрығы тағылған найзасы байрақтың түпбейнесі болғаны әбден мүмкін. Ал мойшақтардың өзі тұтастай бір байрақтар кешені болғанға саяды. Мойшақ – жарты ай формалы ұзын таяққа ілінетін жылқының құйрығы; жоғары биліктің символы, қолбасшының белгісі. Османдар мен ортаазиялық түріктердің және моңғолдардың әскери тарихында мойшақ танымал болған. Айтқандай, қазақтарда жеңілген жаудың шашынан өрілген шашақ – мойшақ ілу дәстүрі болған. Батырлар жауына үрей туғызып, найзасының ұшына, қалқан, қылыштарына шашақ ілген. 

знамя тюрков.jpg

Қазақ хандарының байрақтары да шеру мен ұрыс кезінде әскерді басқарудың тиімді құралдарының бірі болды. Тарихи дамудың барлық кезеңінде символика рудың, мемлекеттің айқындауышы, саяси биліктің символы қызметінатқарған. Ортағасыр дәуірінде ту әскери-саяси символиканың элементіне айналды. Әскери символиканың дамуы мемлекеттік және саясилықтан да әлдеқайда бұрын басталды. Осылайша, түркі мәдениетіндегі әскери-саяси символдардың көп болуы, әскери-саяси процесстер аясында түркі символикасының эволюциялық дамығанын көрсетеді. ХVI-ХVIII ғасырларда қазақ байрақтары кем дегенде екі функция атқарған: олар маңызды қасиетті символ және әскери жорықтар кезінде әскерді басқарудың тиімді құралы болды. Әр рудың, әр билеушінің өз байрағы болды. Ұлттық тулардың шығу тегі ұлттардың қалыптасуының басталуымен байланысты. Ең алғаш рет «ту» сөзі Голландияда қолданылған. Ол «кеме туы» дегенді білдірген. Көп елдердің саяси дамуына байланысты бірте-бірте бұл термин ресми символға айнала отырып, ұлттық сипатқа ие болады. Ұлттық ту саяси ықпалдың құралына айналады. Оның сипаты заңнамалық акт – Конституцияда белгіленеді. Туды сыйламау елді сыйламау ретінде қабылданады. Саяси тулардың келесідей сыныптамасы бар: биколор (екі түсті), трибанд, триколор (үш түсті), тісше ту. Функционалдық өлшемшарттарына сәйкес саяси тулардың типологиясы келесідей: мемлекеттік ту; ұлттық немесе азаматтық ту; халықаралық ұйымдардың тулары; федерация субъектісінің туы және басқалар. Заманауи мемлекеттік тулар көбінесе түрлі-түсті жолақтардан тұрады, әдетте олар тіктөртбұрышты, алайда ерекше тулар да бар: Швейцария мен Ватиканның тулары төртбұрышты (квадрат), Непалдыкы – үшбұрышты.

флаг и президент.jpg

Қазақстан туының көгілдір түсі халықтың мәдени-этностық бірлігін және мемлекеттің бөлінбейтіндігі идеясын көрсетеді. Жарық – өмір мен қуат көзі. Сондықтан да күн бейнесі өмірдің символы болып табылады. Тудағы күн сәулесіне мұқият қарар болсақ, олардың молшылық пен амандықтың негізі – дән іспеттес екенін көреміз. Дала қыраны немесе бүркіт көшпенділердің дүниетанымында ерекше орын алады. Символика тілінде бүркіттің бейнесі мемлекеттік билікті, кеңдік пен көрегенділікті білдіреді. Далалықтар үшін – бұл бостандықтың, тәуелсіздіктің, мақсатқа, биікке ұмтылудың, болашаққа шарықтаудың нышаны. Сонымен қатар, қыран қуатты күшімен, болашақ жетістіктерге жетуге кедергі жасағандарға лайық тойтарыс бере алады. Қыран бейнесі егемен Қазақстанның дүниежүзілік өркениет шыңдарына ұмтылу рухынан да шыққан. Біздің туымызға жаңашылдық пен қайталанбастық беріп тұрған элемент – тудың сабына параллель орналастырылған ұлттық ою-өрнектен тұратын жолақ. Бұл жерде қазақтың оюы қошқар мүйіз салынған. Мемлекеттік туды әзірлеуге арналған конкурсқа 600-ден астам жоба қатысты. Комиссия бастапқы іріктеуден кейін төрт ерекше қызықтырған жобаларды Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесіне талқылауға ұсынды. Қазақстанның туы Шәкен Ниязбековтың шығармашылық ізденістері мен жігерлі еңбегінің қорытындысы. Осылайша, мемлекеттік символика тарихи даму заңдылықтарын, халықтың менталитетін және қалыптасқан мемлекеттің басымдықтарын зерделеуге мүмкіндік берді.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?