Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Сындарлы сәтте қателесуге қақымыз жоқ

1487
Сындарлы сәтте қателесуге қақымыз жоқ - e-history.kz
Мемлекет басшысының республикалық «Ана тілі» газетіне арнайы берген сұхбаты, халықпен президенттің ашық сырласуы ретінде қабылдадық. Тағдыр шешті осындай кезеңде, басқа түскен сынақтан өту жолдары мен қиыншылықты еңсеру тетіктеріне мән беру қажеттілігі айқындалып отыр. 

Жаһандық ауқымдағы сын қатерлер ашық мәлімделді. Ол: ірі державалар арасында текетірестердің күшеюі, аймақтардағы қақтығыстардың шиеленісуі. Бүгінгі туындалып отырған мәселелер өтпелі қиындық екенін түйсіну әрбір азаматтың міндеті. Себебі халық тағдыры таразыға түсіп тұрған шақта, одан шығудың қауіпсіз жолын іздестіру және іске асыру – парыз. Сұхбатта қозғалған өзекті мәселе: «Біз індеттен және экономикалық дағдарыстан кейін қалай дамимыз, не істеуіміз керек деген мәселеге баса мән беру».

Не істеу кере? Бұл сұрақ тарихқа көз жүгіртсек, әрбір өткен ғасырлардың басында қойылып келді. Алайда XXI ғасырдың басындағы бұл сұрақтың жауабы нақтыланған әрі оның қағидаттарын орындауға мүмкіндігіміз жеткілікті. Мемлекет басшысы «түпкілікті өзгеріске ұшыраған әлемнің бір бөлшегі, қазақ халқы болашақ жаңа дәуірдегі өзінің игіліктері үшін не қажет?» деген сұраққа жауап берді. Ол үшін тарихты дәріптеу, салт-дәстүрді сақтау, алға ұмтылу қажет. Ең өзектісі ел арасындағы арзан сөз емес, нақты атқарылатын іс-қимылдар маңызды болып тұр.

Біріншіден, ең алдымен тарихи жауапкершілікті сезіну және оны мойынмен көтеру. Тілдік проблеманың үлкен саяси мәні мен маңызына мән беру, қазақ тіліне деген қажеттілікті арттыру, өркениетті қадамдардың нәтижесінде ғана қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру; телевизиялық және радио хабарларының сапасын арттыру қажет, ауызбіршілікте болу;

Екіншіден, жаңартылған құндылықтарға бет бұру үшін бүгінгі сын-қатерлерге төтеп беретін ақыл-ой тұжырымы қажет. Болашақ заманда өшпес мұра болатын ар-ұждан, намыс сияқты ұғымдарды ақыл таразысына үйлестіру. Бұл үшін әрбір азаматтың еңбегі құрметке лайық болуы қажет. Бұның бастамасы ретінде Мемлекет басшысы «Халық алғысы» деген мемлекеттік награда тағайындап, «Еңбек Даңқы» орденінің мәртебесін көтеру жөнінде шешім қабылдағанын жеткізді. Осы тұста тұрғындарды еңбекке баулу тетіктерін шешетін үкіметтік органдардың жауапкершілігі мен халықпен тығыз байланысы қажет-ақ. Олардың сауатты шешімдері көп мәселенің алдын алатыны сөзсіз. Бүгінгі ақыл-ой, ғылым мен білім, шыңдалған еңбек дәуірінің жасампаздығы, еліміздің әрбір азаматының ар-ұжданымен жасалатын қадамдарға тікелей байланысты.

Сұхбатта аталып өткен келеңсіздіктерді жою тетіктері: азаматтардың заңды талаптарына құлақ асу, қаржылық және құқықтық мүмкіндіктер аясында оларға жәрдем беру, жастар үшін әлеуметтік лифт орнықтыру, мемлекеттік басқару ісіндегі және идеология саласындағы қателіктерді дер кезінде түзету сияқты міндеттерді құзырлы орындар қаперге алады деген сенімдеміз. Расында, ел тұрақтылығын бірінші кезекте халықтың өзі қамтамасыз етуі қажет. Ол үшін қолымыз да, көзіміз де, іс-қимылымыз да жасампаздық құндылықтарымен қарулануы тиіс. Ар ойлағанның, аяққа тапталмасы айқын.

Құндызай Ерімбетова,

ҚР БҒМ Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?