Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін сағат 19.00-де "Мәңгілік ел" театрландырылған қойылымын e-history.kz интернет порталының тікелей көрсетілімінен тамалашай аласыздар

1037
Бүгін сағат 19.00-де "Мәңгілік ел" театрландырылған қойылымын e-history.kz интернет порталының тікелей көрсетілімінен тамалашай аласыздар - e-history.kz
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған барлық іс-шараларды біздің порталдан тамашалай аласыздар

11 қыркүйек күні сағат 19.00-де Астана қаласының «Барыс» мұзайдын кешенінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Мәңгілік Ел» тетарландырылған қойылымын  «e-history.kz» порталының тікелей көрсетілімінен тамашалай аласыздар. Заманауи технология мен арнайы эффектілерді қолдану арқылы бұған дейін халықаралық Олимпиада ойындарында ғана көрсетілген қызықты әрі таңқаларлық қойылым өз көрермендерін асыға күтуде.

«Қазақстанның тәуелсіздігі деген өте  қасиетті ұғым. Бабалардың аңсағаны біздің буынның бақытына келді. Оны сақтау – бәріміздің парызымыз. Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады» деген Елбасымыздың «Тарих толқынында» атты кітабы – театрландырылған мерекелік шараның негізгі арқауына айналады.

Мерекелік қойылым қазақ елінің үш мың жылдық тарихы мен қазіргі заманауи келбетін 7 тарау арқылы сахналайды. Әрбір тарауда еліміздің халық болып дамыған, ұлт болып қалыптасқан тарихи кезеңдері ән-күй, жыр-терме, хореография, хор секілді әр түрлі жанрлар арқылы қамтылады.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?