Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай пошта маркалары шығарылды

2329
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай пошта маркалары шығарылды  - e-history.kz
ҚР Ұлттық музейінде «Қазпошта» АҚ Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған пошта маркаларын таныстырды

Шараға Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев пен ҚР Парламентінің депутаттары, пошта саласының ардагерлері қатысты. 

«Қазақ хандығының 550 жылдығына орай елімізде 50-ге жуық конференция өтті. Шетелдегі елшіліктерде 40-тан астам шара өткізілді. Бұл жауапты іске Ұлттық музей ұжымы да өз үлесін қосып келеді. Музейде өткізілген конференциялар мен көрмелер соның айғағы. Бүгін «Қазпошта» ұжымы да Қазақ хандығының 550 жылдығына сый жасап отыр. Пошта маркаларын шығарып, тарихымызды дәріптегені үшін «Қазпоштаға» үкімет тарапынан алғысымды білдіремін», – деді Б. Сапарбаев. 

Мерейтойлық пошта маркасының авторы – белгілі суретші Р. Ахмедин. Таралымы 5 мың данадан асады, бағасы 550 теңге тұрады. 

caac9ae9a1f3457443afb4646db679a7.png

Айта кетейік, «Қазпошта» АҚ 2015 жылдың барлық мерейтойларына арнап пошта маркаларын шығарған болатын. Олардың қатарында «Ассамблеяның 20 жылдығы», «Ата заңға 20 жыл», «Жеңіске 70 жыл» маркасы бар. 

«Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде тарихи оқиға өтті. Тарихта тұңғыш рет Қазақ хандығына арналған марканы шығарып отырмыз», – деді тарихшы ғалым, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универсиетінің профессоры Зиябек Қабылдинов. 

З. Қабылдинов айтуынша, мұндай марканың шығуы үлкен тарихи маңызға ие, бұл – патриотизм мен тәуелсіз Қазақстан азаматтарының ұлттық тарихқа қызығушылықтарын арттыру. 

«Елбасы әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену мақсатын қойып отыр. Бұл мақсатты тек халық патриоттық рухтың күшімен жүзеге асырады. Тек тарихын жетік білген адам ғана өз елін гүлденген, мықты мемлекетке айналдыру үшін жұмыс істейді», – деді тарихшы ғалым. 

Осылайша еліміздің бас қаласы Астананың орталық алаңы  «Қазақ елінде» ұлттық мемлекеттің негізі қалануының 550 жылдық мерейлі тойы басталды. Қаз-қатар ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, ұлы тойға дайындық қызу жүріп жатыр.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?