Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Алтын тұлпар» аламан бәйгесі өтеді

2331
«Алтын тұлпар» аламан бәйгесі өтеді  - e-history.kz
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Алтын тұлпар» дәстүрлі республикалық турнирі өткізілмек

Аламан бәйге «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының бас демеушілігімен, «Нұр Отан» партиясы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен өтеді.  

Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған аламан бәйге Астана қаласынан 35 шақырым жердегі «Қабанбай» ауылында өткізілмек. 6 күні сағат 11.00-де басталады деп күтілуде. 

Бәйгенің басты ерекшелігі,  жарыс жолы 51 шақырымға ұзартылып отыр. Бәйге ұзындығы 12.5 шақырымды құрайтын үлкен шеңберді 4 дүркін айналып шабу арқылы жүргізіледі. Шеңбердің бойына әрбір 2 шақырым сайын бір-бірден 7 бақылау бекеті орналасады. Бекеттерде телекамералар мен төрешілер, адам және мал дәрігерлері, тәртіп сақшылары орналасады. Жарысқа қатысатын шабандоздарға түсі әр түрлі, арқасында нөмірі бар футболка кигізіледі.

Төрешілер көлденеңнен ат қосылып кетпеуін бақылайтын болса, телекамералар бәйге барысын халыққа тікелей көрсетеді. Бұлардан басқа 2 тікұшақ бәйгені биіктен бақылап камераға түсіреді. Көрермендер мен ат иелері өз тұлпарларының қай тұста шауып бара жатқандығын ЛЭД экраннан бақылауға мүмкіндік қарастырылған. 

Аламан жарысқа еліміздің 14 облысы және Астана, Алматы қалаларының әрқайсысынан 10 сәйгүлік бәсекеге түсуге мүмкіндік қарастырылған. Жарысқа жүйрік тұқымдардың барлығы қатыстырылады. «Алтын тұлпар» аламан бәйгесінің биылғы жүлде қоры 23 млн теңгені құраса, бас жүлде 10 млн теңге. Мәреге алғашқы жеткен 9 тұлпарға диплом және қаржылай жүлде беріледі. 

Аталмыш шара аясында «Ат сыншысы» байқауы ұйымдастырылады. Шын жүйрікті жазбай таныған сыншыларға «Толыбай сыншы», «Күреңбай сыншы», «Шоқай сыншы», «Киікбай сыншы» атындағы арнайы жүлделер бар. 

Жарыс өтетін жерге жолауышлар тасымалдайтын автобус қатынайды. Жарыс кезінде концерттік бағдарлама, қол өнер көрмелері және тойшы қауымға арнап қымызмұрындық, ұлттық тағам түрлерінен фестиваль ұйымдастырылады. 

Қыркүйектің 4 күнгі мәлімет бойынша «Алтын тұлпар» аламан бәйгеге қатысу үшін: Астанадан – 10, Ақмоладан – 1, Ақтөбеден – 1, Алматыдан – 10, Атыраудан – 2, Жамбылдан – 10, Қарағандыдан – 10, Қостанайдан – 10, Қызылордадан – 5, Маңғыстаудан – 11, Павлодардан – 5, Солтүстіктен – 1, Оңтүстіктен – 3, Шығыстан – 7 жүйрік өтінім беріп үлгерді. Бұл жүйріктерді тұқым-түрге бөліп қарар болсақ: қазақы жылқы – 8, араб-ағылшын – 13, ағылшын – 13, ағылшын-қазақ – 3, Қостанай тұқымы – 10, араб жылқысы – 13, орыс тұқымы – 1, будан тұқым – 16, ағылшын-ахалтеке – 1, жабы – 1. 

Журналистер үшін Астана қаласының сол жағалауынада орналасқан Қазмедиа орталығының алдынан қыркүйектің 6 күні, сағат 9:00-де арнайы автобус қатынайды. 

ulttyqsport.kz

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?