Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ұлытауда «Ұлытау – ұлт бесігі» атты конференция өтті

1678
Ұлытауда «Ұлытау – ұлт бесігі» атты конференция өтті - e-history.kz
«Бұланты шайқасы» стелласы ашылып, Ұлытау кентінде «Ұлытау – ұлт бесігі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына жалғасты

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы «Ұлт ұясы  Ұлытауда» жоғары деңгейде аталып өтті. «Бұланты шайқасы» стелласы ашылып, Ұлытау кентінде «Ұлытау – ұлт бесігі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына жалғасты. «Қазақ хандығының 550 жылдық» мерейтойы қарсаныңда өткен ғылыми-практикалық конфенренцияның басты мақсаты – Елбасына сұхбатына арқау Ұлытау жерінің тарихын зерттеп, қазақ тарихында алар орнын бағамдау. Ел санасына тарих пен тағылымда сіңіртіп, рухани құндылықтарды насихаттау. Әрбір өскелең ұрпақты ұлы хандар жатқан, үш жүздің басы қосылған өңірді құрметтеуге шақыру. 

Ғылыми-практикалық конференцияда көрнекті тарихшылар, жазушылар мен ғалымдар баяндама мен зерттеулерін жұрт назарына ұсынды. Конференцияға жиналған ғалымдар Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының Ұлытауда өтуінің маңызы зор екенін атап өтіп, Қазақ хандығы тұсындағы Ұлытау өңіріне қатысты тың зерттеулерін ұсынып, тарихымызды бүтіндеу бағытындағы ойларын ортаға салды. Міне, осы құндылықтарды дәріптеу мақсатында Ұлытауда жуырда тағы бір айшықты шара болып өтті. Халықаралық деңгейде өткізілген бұл мәдени форум мен ғылыми-практикалық конференцияның басты мақсаты – Елбасы сұхбатына арқау болған Ұлытау жерінің ұлылығын дәріптеу, ел санасына бірлік пен тәуелсіздік тағылымын сіңіру, рухани құндылықтарды насихаттау. 

3f8833bf00c33198b61c5a413eb0d130.jpg

«Ұлт ұясы – Ұлытауда қазақ мемлекеттігі қалыптасқан. Үш жүздің басы біріккен жерде тәуелсіздігіміздің түп-төркіні жазылған», – деп ғылыми-тәжірибелік конференцияға жиналған тарихшылар мен зиялы қауым өкілдері баса айтты. «Қазіргі күні бұл өңірде 800-ге жуық тарихи-археологиялық ескерткіштер бар екен. Қойнауына талай сырды бүгіп жатқан бұл қорымдар әлі де тыңғылықты зерттеуді қажет етеді», – дейді ғалымдар. Әсіресе қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіровтың келелі ойлары мен ұсыныстары конференцияға қатысушылардың құлшынысын желпіндіріп тастады. 

b2fe0b4a4e9ac3212e8328530d66ae68.jpg

Тарих ғылымдарының докторы, профессор С. Жауымбаеваның «Ұлытау өңірінің қола дәуіріндегі археологиялық ескерткіштері» атты баяндамасы арқылы әлі де күрделі археологиялық зерттеу жүргізу керектігін анық байқатты. Қазақ тарихындағы «Алаш үкіметі» тақырыбында зерттеу жүргізген профессор Тұрсын Жұртбайдың баяндамасында алаш идеясы, қазіргі қазақ идеясы кеңінен айтылды. Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры орынбасары, археолог, ғалым Темірғали Аршабеков «Қазақ хандығы дәуіріндегі Ұлытау өңірі» атты баяндамасында шетел жазба деректеріндегі Қазақ хандығы мен Ұлытауға қатысты зерттеулерді жүзеге асырған. 

0960999a21e6f798f55a62713b9a1245.jpg

«Ұлт ұясы – Ұлытаудағы» Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда өзекті де келелі мәселелер көтерілді. Ең бірінші Ұлытау өңірінің сонау қола дәуірі кезеңгі тарихынан бастап, былтырғы Елбасы сұқбатына дейінгі тарихтың мәселелері қозғалды. Екінші қазақ хандары Қасым хан, Хақназар, Кенесары хандардың осы Ұлытау өңіріне қатысы бар екендігі айтылды. Өз басым осы ғылыми-практикалық конференцияда «Қазақ хандығы дәуіріндегі Ұлытау өңірі» атты баяндамамды оқыдым. Онда Қытай, Араб, Парсы жазбаларындағы Ұлытау өңіріне қатысты деректерді айтып өттім. Шоқан Уәлиханов, Қ. Жалайыри, Орыс зерттеушілерінің еңбектерінде кездесетін Ұлытауға қатысты мәселелерде кеңінен талқыланды», – дейді археолог, ғалым Т. Аршабеков. 

7895c2127f6e2e987bc2b832fb4c02b1.jpg

Ұлытау Қазақ хандығы тарихымен біте қайнасқан. Себебі, Қазақ хандығына қатысты көптеген тарихи оқиғалар осы өлкеде өрбіген. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның соңы бірнеше секция бойынша жұмыстармен жалғасты. 

Алтынбек ҚҰМЫРЗАҚҰЛЫ

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?