Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Елдіктің терең тамыры» атты салтанатты іс-шаралар өтеді

1607
«Елдіктің терең тамыры» атты салтанатты іс-шаралар өтеді - e-history.kz
Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы ұлан-байтақ еліміздің әр түкпірінде кеңінен тойланады.

Ұлы тойға үн қосқан кезекті салтанатты іс-шараның жалғасы Бөкей ордасы ауданының Хан ордасы ауылында өткелі отыр. Жер кіндігі Ұлытауда да өткізілетін ұлы тойдың бір думаны батыс өңірде де тойланбақшы. Тамыздың 24-26 жұлдыздарында Хан ордасында «Елдіктің терең тамыры» атты мәдени-көпшілік шаралар өтеді деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мәлімдеді. 

Үш күнге жалғасатын мерейтойдың алғашқы күні алыс-жақыннан келген құрметті меймандар мен қонақтарды қарсы алып, Жәңгір хан, Шоқанмен тұстас өмір сүрген қазақтың тұңғыш ғалымдарының бірі Мұхамед-Салық Бабажанов, дәулескер күйші Дәулеткерей Шығайұлының кесенелеріне тағзым етіледі деп күтілуде. 

40c13bacc0333b376e32a0d7a5ca8677.jpg

Тамыздың 25 күні аудандық мәдениет үйінде екі айналымнан тұратын «Тарихы терең Қазақ елі» атты республикалық ақындар айтысы өтеді. Оған республика өңірлері мен қалаларынан жиырмадан астам айтыскер қатысып, бақ сынамақшы. Мерекелік гала-концертте Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармония мен Бөкей ордасы ауданының өнерпаздары сахнаға шығады. Кешкісін Ардагерлер саябағында отшашу болады. 

Тойдың үшінші күні дала қызықтарымен басталады. Ұлттық спорт түрлерінен жүлделі орындар сарапқа салынып, аламан бәйгенің жеңімпазы темір тұлпарға қол жеткізеді. «Күш атасын танымас» дегендей, алыптар айқасында да қомақты жүлде тігіледі. 

Ал «Тарих қойнауынан қазіргі заманға дейін» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға ресейлік ғалымдардың да қатысуы жоспарланған. Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры көремендерге «Алтын дала шежіресі» атты театрландырылған қойылымын ұсынады. Ұлттық спорт ойындары, жәрмеңке де келушілер назарынан тыс қалмақ емес. 

f9992b3ffdcda6a5bb9f36ec7efac25a.jpg

Айта кетер болсақ, Бөкей хандығының құрылуы қазақ халқының тарихында орасан зор рөл атқарды. Кіші жүз қазақтарының бір бөлігінің күш-жігер жұмсауымен қазақтар Жайық өзенінің оң жақ бетіндегі бедерінің бұрынғы атамекеніне қайта қоныс аударып, бекініс алуының, кейінірек дәстүрлі қазақ жерінің бір бөлігін біржола иемденіп қалуының сәті түсті. Бөкей хандығы 1801-1845 жылдар аралығында үстемдік құрды. Алғашқы ханы – Бөкей хан. 

Қазіргі Батыс Қазақстан облысында Бөкей ордасы деген тарихи-музей халық игілігіне қызмет атқарып келеді. Сондықтан қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының Бөкей ордасында тойлануында да мәнісі зор.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?