Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Жаңа технология тарихымызбен таныстырады

2424
Жаңа технология тарихымызбен таныстырады - e-history.kz
ҚР Ұлттық музейде енгізілген «Online-ticket», «QR-код» және «Аudio-гид» жүйелерінің таныстырылымы өтті

Еліміздегі заманауи жаңа технологиямен жабдықталған бірегей мұражай – Ұлттық музей деп айтуға енді толық негіз бар. Бұған дейін мұражайға келушілер экскурсия жүргізушілерге тәуелді еді. Бүгінгі таңда кез-келген азамат музейдегі аудио-гид қызметін пайдалана отырып, өз бетінше барлық экспонаттармен толық таныса алады. Аудиогид үш тілде, яғни қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде ақпарат береді. 

7f77e4df1508c98553fa81049c0cd4d9.JPG

3145118287928d7b8a9adb90555630e4.JPG

«Аudio-гид» құрылғысы. Тіл таңдау барысы

Сондай-ақ, мұражайдың әр жәдігерінің тұсында QR-кодтар орналастырылды. Бұл кодтарды планшет, смартфон, айфон секілді гаджеттердегі арнайы бағдарламамен сканерлеп, экспонаттар туралы толық мағлұмат алуға болады. Таңдаған үш тілдің (қазақ, ағылшын және орыс) бірінде жәдігер туралы ақпарат мобильдік құрылғының экранына шығады. 

d83b29eed0c5dc4c9db02415244e95ce.JPG

ca40108e021d829318a8da980829c5d7.JPG

«QR–код»пен скан жасау сәті. Жәдігерлер туралы ақпарат планшеттің экранына шығады 

Бұған қоса, Ұлттық музей келушілерге қызметтің жаңа түрі – «Online-ticket» жүйесін енгізді. Қазақстанның кез-келген аймағынан музей сайтына кіріп, он-лайн тәсілімен билет сатып алуға болады. Бұл келушінің уақытын үнемдеп, қолайлы жағдай туғызады. 

bdbd92816810235af8bb6dbb37c9d22d.JPG

«Online-ticket» билетімен музейге кіру барысы

– Дамыған отыз елдің қатарына енуді көздеген мемлекетімізде әрбір мекеме әлемдік стандарттарға сәйкес жұмыс ұйымдастыруға талпыну қажет. Біз интернет арқылы онлайн режимде билет алу мәселесін ұйымдастырдық. Бұл жүйе Астаналық драма тетарда бар және бүгінде біздің музейге орнатылды. Келесі жаңа дүниелер: «QR-код» және «Аudio-гид». Мәдениет саласы экономика мен әлеуметтік өмірге көп әсер ететін ресурс болғандықтан, Ұлттық музейді жаңа заманауи технологиялармен жетілдіру арқылы тарихымы бен құндылықтарымызды дәріптеуіміз керек. Бұл тек елдік рухымызды оятып қана қоймай, еліміздің әлем аренасындағы абыройын арттырады, – деді бізге берген сұхбатында Ұлттық музейдің директоры Дархан Мыңбай. 

– Қала қонақтары мен тұрғындары кез-келген қаладан, кез келген уақытта сайтымызға кіріп, онлайн жүйесінде музейге билет алып, алдын-ала жоспарлы түрде келе алады. Сайттағы прайс-парақшада барлық бағалар көрсетілген. Бұл жобаға ақпараттық және қаржылай ресурстар көптеп құйылды. Олар үнемі жаңарып, толықтырылып отырады, – деген мәліметпен бөлісті Ұлттық музейдің ғылыми хатшысы Роза Қадысова. 

Естеріңізге сала кетсек, ҚР Ұлттық музейінің ашылғанына бір жылдан астам уақыт болды. Үнемі жаңа жәдігерлермен толығып отыратын мұражай туристер мен ел тұрғындарының қызығушылығын оятып, тарихымыздың терең әрі мөлдір бұлағынан сусындатуда. Бүгінде Ұлттық музей жаңа технологияны белсенді енгізіп, әлемдік стандарттарға сай жұмысын жалғасып отыр.  

Гүлжанат ӘБДІМОМЫНОВА

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?