Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Астанада «Дешті-Қыпшақ. Құпия белгілер» деректі фильмінің тұсаукесері өтеді

2332
Астанада «Дешті-Қыпшақ. Құпия белгілер» деректі фильмінің тұсаукесері өтеді  - e-history.kz
Екі сериялы «Дешті-Қыпшақ: Құпия белгілер» деректі фильмі – тарихи тақырыптағы фильмдердің қатарына қосылған сүбелі туынды

2015 жылдың 15 шілдесінде сағат 19.00-да «Сарыарқа» ойын-сауық орталығында Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау аясында шығарылған екі сериялы «Дешті-Қыпшақ: Құпия белгілер» деректі фильмінің тұсаукесері өтеді. Сценарий авторы әрі жоба режиссері Бақыт Қайырбеков. Фильмнің қосымша режиссері Алексей Каменский. 

ХI ғасырда қыпшақ тайпалары Оңтүстік және Батыс Қазақстан, Поволжье, Кавказ және Қара теңіз жағалауы аумақтарын мекен ете бастады. Орыс халқына олар половецтер (қыпшақтар) деген атпен белгілі болды. Шыңғысхан шапқыншылығына дейін Алтай мен Еділ аумағында туысқан түркі халықтарының бірігу процесі жүріп жатты. Бұл процесс қазақ халқының халық ретінде қалыптасуына себепші болды. 

Өткізілетін уақыты мен орны: 2015 жылғы 15 шілде, сағат 19.00 Астана қ., «Сарыарқа» ойын-сауық орталығы 

Журналисттерді шараға аккредитациялау үшін баспасөз қызметіне келесі телефон номерлері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-04-05, +7(7172)74-04-07. 

 ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?