Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Домбыра. Көшпенділер тарихын сақтаушы

1897
Домбыра. Көшпенділер тарихын сақтаушы - e-history.kz
Домбыра — көшпенді тайпалардың бірегей және сазды тарихы. Оның ішектері ғасырлар бойындағы музыкалық даналығын сақтайды

Халықтық музыкалық аспаптар қазақтар мәдениетін зерделеудегі ғажайып қайнар көздері болып табылады. Халықтың ең жақсы көретін аспабы домбыра болатын. Домбыралық музыка тарихы көшпенділер өмірімен тығыз байланыста болды. Домбыра күйлері олардың өмірлік тәжірибесін жинақтады, табиғат, адам туралы білімін алып жүрді, осылайша бір буынннан келесі буынға табысталып отырды.

Домбыраның төрт ғасырдан артық тарихы оның алғашқы шертпелі музыкалық аспаптардың бірі, осыған ұқсас түрдегі музыкалық заманауи аспаптарының негізін қалаушысы болып табылады.

Сақ тайпалары

Б.з.д VII-IV ғасырда Қазақстан территориясында әсіресе қолданбалы көркемөнер, ауызекі және музыкалды шығармашылық саласында келер ұрпаққа бай рухани қазына қалдырған сақ тайпалары өмір сүрген. Қазақтың көптеген музыкалық аспаптары сақтарға келіп тіреледі. Сақ дәуірінде сыбызғы мен домбыра кеңінен таралған. Біздің заманымызға жеткен және осы уақытқа дейін халық арасында танымал ежелгі домбыра күйлерінің арасынан «Шаңырау», «Аққу» және басқа да күйлерін атауға болады. Қазіргі қазақтың бесік әндері, олардың әуезі мен ырғағы өз бастауларын сол уақыттарда алады. Қазақтың ысқымен ойналатын аспабы — қобызды сақтардың да пайдаланғанын зерттеуші ғалымдар дәлелдеген.

Ғұндар

Б.з.д. III-II ғасырымызда ғұндар әлемдегі қуатты мемлекеттің бірін құрған болатын. Олар тек қана озық әскер ғана болмады, олардың арасынан дарынды ақындар, сыбызғы, домбыра, қобызда ойнаған музыканттар, жыршылар мен күйшілер де бар болатын. Біздің уақытымызға дейін ғұндар күйлері жетті: «Кеңес», «Сары өзен», «Шұбар ат». Сонымен қатар б.з.д. II-I ғасырда ұлы күйші, сыбызғышы — Саймақ дүниеге әкелген «Сары өзен» күйін осы уақытқа дейін орындап келеді. «Сары өзен» мағынасы қытайша — «Хуанхе» өзенінің мағынасын береді. Ғұндар қытаймен жер үшін осы өзеннің бойында соғысқан. Бұл музыкалық шығармалар мен музыкалық аспаптар қазақтардың ғұндар ұрпақтары болып табылатындығының жарқын көрінісін танытады.

Қимақ қағанаты

Б.з.д. IX-VI ғасырларда Ертіс жағалауында қимақ тайпалары өмір сүрген. Тарихи мәліметтер бойынша қимақ ұлысында қазақтардың өкілдері болып табылатын қыпшақтар өмір сүрген он екі тайпа болған. Олардың өздерінің жеке жазбасы мен өзінің «Манихей» діні дамыған. Қимақтан шыққандардың бірі — танымал Жанах ибн қаған әл-Қимақи. ХІ ғасырда қимақ қағанаты құлады. Алайда қазақтарда осы уақытқа дейін қыпшақ тайпасы сақталған (Орталық және Солтүстік Қазақстан).

Домбыра қимақтардың да музыкалық аспаптары болған. Бізге дейін олардың жақсы көрген күй-әуендері жетті: «Ертіс толқындары», «Мұңлы қыз», «Тепен көк», «Ақсақ қаз», «Бозінген», «Желмая», «Құланның тарпуы», «Көкейкесті» және т.б.

Музыкалық аспаптар көшпенділер өмірінің әр алуан жақтарында қызмет еткендігін атап өтуге болады: бақсылардың дуалы рәсімдері, күнделікті тұрмысы, әскери тәжірибесі, балалар мен жастар ойыны, музыкамен әуестеніп ойнауы, кәсіби музыкалық жұмыстары. Домбыра Еуразия бойында өзінің құрылымының ұдайы жетіліп отыруының арқасында кеңінен таралды.

Домбыра жаппай таралымының күшінде көптеген аймақтық түрлері бар. Батыс Қазақстан облысындағы домбыра ұзын мойынды, Батыс Қазақстан күйлерінің күрделі формасына қатысты екі актілі диапазонды болып келеді. Олардағы ойын амалдары осы аймақ күйлерінің динамикалық стилін көрсетеді. Шығыс Қазақстан облысының қысқа мойынды, оның диапазоны Шығыс Қазақстан күйлерінің ән стилімен байланысты 1,5 октавалы болып келеді. Бұл жерде үш шекті домбыра да кездеседі.

Домбырадағы ойнау техникалары мен дыбыс түзулері музыканттарға кез-келген композицияда ойнауды іске асыруға мүмкіндік бере отырып, алуан түрлі болып келеді. Домбыраға арналған күйлер — қазақ музыкасының дамуының шыңы. Домбырашы-күйшілердің, соның ішінде музыкасы ғасырлардан өткен данышпандарының әр кезеңдегі буындарының шағармашылық күшімен қазақтардың рухани әлемінің аса тереңдігін танытатын мыңдаған күйлер жасалды.

Қазақтың танымал сазгері Ахмет Жұбанов «домбыра» сөзінің «қозы құйрығы» деген мағынаны беретін «дүнбаһ» және «бурра» деген араб сөздерінің тіркесінен жасалғандығын болжамдады. Шынымен де, домбыраның корпусы конус тәрізді пішінді болып келеді және қозының құйрығы тәрізді аяқталады. Ал қазақ музыкасын зерттеуші Александр Затаевич екі шекті домбыраның дыбысынан «үшінші» дыбысты анық естігендігін жазады.

Домбыра дәстүрлі кәсіби әншілерінің — эпикалық әндер орындаушысы — жыраулардың, әнді поэтикалық тартыс шеберлері — ақындардың, лирикалық әндерді орындаушысы — сал мен серілердің міндетті аспабы және тұрмыстық кәсіби музыкада ойнаудың кеңінен таралған түрі болып табылады.

Мирас НҰРЛАНҰЛЫ

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?