Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Тың, өрлеу мен құлдыраулар. Сол кездердің фотосуреттері

1523
Тың, өрлеу мен құлдыраулар. Сол кездердің фотосуреттері - e-history.kz
«Адамдар жерде нан өсірді-жер адамдарды өсірді. Тың игеру, образды түрде айтқанда, еңбекшілерді, патриоттарды және өз ісінің шеберлерін шыңдады» Л.И. Брежнев

Кеңестік және тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстан тарихында адамдардың санасында олардың тікелей қатысушылары және ұрпақтарымен із қалдырған елеулі оқиғалар көп болатын. Солардың ішінде – тың игеру. Бірнеше миллион гектарды игеру сияқты мұндай ауқымды жобаның тарихта ізсіз қалуы мүмкін емес еді. Сол жылдардың жаңғырығы әлі күнге дейін біздің өмірімізге өз ықпалын тигізіп келеді. Қазақстан үшін оның маңызы өте зор: қаншалықты оң әсері болса, соншалықты теріс әсері де берілді.

Тың игеру республиканың өндірістік күшін дамытуға арналған қуатты ынталандыру – КСРО-ның халықтық шаруашылық кешенінің ажырамас бөлігі болып табылды. Ол минералды қордың кен орнын іздеу масштабының және оларды өнеркәсіптік қолданудың күрт кеңеюімен, өнеркәсіптік өндірістің жаңа салалары және соның ішінде ауыл шаруашылығына қажеттіліктерімен тікелей байланысты ірі зауыттар туындауымен ілесе жүрді. Ірі аймақтық-өндірістік тораптар тек тың игеру аудандарында ғана пайда болмады. Электр стансаларын, әсіресе жылу электр стансаларын салу, Жезқазған, Балқашта түсті металлургия кәсіпорнының қайта құрылысы мен кеңейтілімі кең серпін алды. Республикада дәл тың игеру жылдарында құрылыс индустриясының мықты базасы құрылды: цемент, кірпіш зауыттары, темірбетон өндірісі бойынша комбинаттар. Жеңіл және тағам өнеркәсібі ары қарай даму жолына түсті: жаңа Алматылық мақта-мата өнеркәсібі мен Семей шұға мата комбинаты, Өскемен мен Абайдағы тігін фабрикалары, Жезқазған мен Ақтөбедегі трикотаж фабрикалары, жаңа ет комбинаттары, сүт зауыттары және тағы басқа да кәсіпорындар қуатты арттырды. Қаланы совхозы және колхоздармен, елдің түкпір-түкпірінің экономикасымен байланыстыратын темір және автокөлік жолдарының желісі кеңейді. 1950-1975 жылдар ішінде Көкшету, Қостанай, Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының пайдаланудағы темір жолдары 1713-ден 3896-ға дейін артты, ал қатты төсемді жол ұзындығы да осы уақыттар ішінде 2,3 мыңнан 44,2 мың шақырымға дейін өсті. Жаңа қуаттың өсуі елдің экономикалық нығаюын еселей түсті.

Алғашқы жылдары тың жерлер гектарына 9 центнерден егін берді. Сол уақыттары заманауи технологиялар есебімен бұл орташа көрсеткіш. Сонда бұл егінді жақсы деп есептеуге болатын еді. Тың игеру науқанының негізгі міндеттері – елді бидаймен қамтамасыз ету. Бұл міндет үш-төрт жылдың ішінде-ақ бастапқы кезеңде жүзеге асты. Қазақстан жылына шамамен миллиард пұт астық бере бастады, бұл «Қазақстандық миллиард» деп аталды.

Әлемдік тәжірибемен келісе отырып, азық-түліктегі мәселені шешу үшін бір адамға жылына 1 тонна астық өндіру жеткілікті болатын. Қазақстанда кейінгі жылдары бір жан басына шаққанда 1,5 тонна астық өндірілді. Мұндай елдер әлемде санаулы ғана: Канада, АҚШ, Дания, Франция, Венгрия, Румыния. Нанға бөлінетін әлемдік егіс алқабының 90-95 пайызы бидайдың жұмсақ сұрыптарына бөлінді. Сол уақыттары Қазақстанда ақуыздың жоғары құрамымен ерекшеленетін бидайдың қатты сұрыптары да өндірілді.

Алайда тыңайған жердің аса ауқымды далаларын жырту Қазақстандағы шабындық және жайылымды пайдалы жерлерінің күрт қысқаруы мен ауыл шаруашылығының дәстүрлі саласының ұзақ уақыттағы дағдарысының басталуына алып келді. Мыңдаған гектар жер жергілікті елді-мекендер салу үшін алынып, құнарлы жердің едәуір аймағы инфрақұрылымдық орналастырылым үшін бөлінді. Нәтижесінде ауыл шаруашылығының дәстүрлі саласы – мал өсіру ісіне қайталанбас зарар келтірілді. Мал өсіруді дамыту деңгейінің құлдырауы өз кезегінде ет және сүт өнімдерінің жетімсіздігіне алып келді. 1955 жылы КОКП ОК-нің 47 далалық аудан мен 225 совхозды етті мал өсіруге міндеттеудің арнайы қаулысын қабылдауға тура келді. Жер суландыру және жемшөптік базаларды кеңейту бойынша жұмыстар басталып кетті. Соңында 1960 жылдарға қарай республикадағы малдың жалпы санын 37,4 млн басқа дейін (1928 жылы 29,7 млн бас) көтеруге үлкен күш жұмсады.

Дегенмен тұрғындар санының өсімі азық-түлікпен қамтамасыз етуде 1962 жылы үкіметке ет бағасын 30% және майды 25%-ға арттыруға мәжбүрлеген белгілі бір қиыншылықтарға алып келді. Ет өндірісін үш есе арттыру жоспары орындалмады. Тыңайған ерді игеру бойынша жүргізілген акциясынан басқа республикадан тұрғындардың ағылып келгендігін атап өткен жөн. Тың игеруге ауыл шаруашылығы өндірісінің он мыңдаған мамандары келіп жатты. 1954 жылдың бірінші жартысының өзінде тек Ақмола облысына тың игеруге 20 мыңнан артық адам келді. Бұдан өзге өнеркәсіптік кәсіпорын тың және тыңайған жерді игеру үшін 1386 маман мен механизаторын жіберді. 1954-1955 жылдары совхоздарға 4,5 мыңнан астам маман келсе, ал 1959 жылы олардың саны 15 мыңға жетті. 1953-1958 жылдары ауыл шаруашылығына барлығы 266,6 мың механизатор әкелінді. Бұл ұлттық дәстүрлер мен салттар рөлінің төмендеуіне, қазақ тілінде білім берген мектептер санының күрт азаюына алып келді, ұлттық әдебиет пен кезеңдік баспа шығарылымы азайып кетті. Солтүстік облыстарда тілдік және демократиялық мәселелер туындады.

Тұтастай алғанда, тың игеру Қазақстанды астықтың әлемдегі ірі өндірушісіне айналдырды және сол уақыттары республикада кезекті жылдары ауыл шаруашылығының ұзақ уақыттар бойы орын алған дағдарысының себебін орнатты.

Төменде сіздердің назарларыңызға Қазақстандағы тың және тыңайған жерді игеру кезіндегі мұрағаттық фотосуреттерді ұсынамыз.

3563ca774e57ff29c5b8345d5d8f402a.jpg

Тың игеруге алғашқы жолдамамен келушілер

eef318dab402e68b66d5e0151c80e7b8.jpg

Алғашқы атыз

c7074082fc5fc2b2f2047c502c8cb8de.jpg

Тың игерушілер

9698f86fcd42ae15d589540f5eeae8fa.jpg

Тың және тыңайған жерді игеру аудандарында теміржол құрылысы өріс алды. Суретте Көкшетау стансасына келіп жеткен тар табанды паравоздар

d27691d8dc9498b62e1b49fa5cffc6d3.jpg

1955 жылы сәуір айының басында Солтүстік Қазақстан облысына Мәскеу қаласының Ленин ауданынан жолдамамен жіберілгендер келді. Шамалы уақыт бұрын ғана бос жатқан алаңқайда «Ленин» совхозы ұйымдастырылды, алғашқы шатырлар пайда бола бастады

c7dd0387e423fe12600c89ac4388568f.jpg

Өскемен ауылшаруашылық техникумын бітірген комсомол В. Абылғазин жаңа астықты совхозда жұмыс істеуде

8b6588c084226a0ba7925b7a7726e1f2.jpg

Ақмола облысының «Калининский» совхозындағы мектепте

5d2c4d9fd877cb527db73a0f3e1d4b11.jpg

Қостанай облысының «Өрнек» совхозындағы жеке үйлер

42088db09cc7395ff5a405a73e4b3083.jpg

Ақмола облысындағы «Дальный» совхозының мектебіндегі оқу жылының бірінші күні

fe5f0e44baee690c418b7ae1169a5ad1.jpg

Көкшетау облысы Қызыл ту ауданының «Херсон» совхозындағы  бірінші көше

64dfbb1431e8dfba564844d406f638d7.jpg

Солтүстік Қазақстан облысындағы «Ленин» совхозындағы жаңа дүкен

b2063fcef22df9af52df42031d9c17b3.jpg

Қазақстанға егін жинау үшін мәскеулік комсомолдары бар бірінші эшелон келді. Суретте ММУ студенттері Алматы облысындағы Рославль совхозына келе жатыр

f4ff6269cf3ef63587d97b39bd0d5b21.jpg

Қостанай облысы «Өрнек» совхозындағы алғашқы үйлер

2f73295986ce6cc92063882c03e0187d.jpg

Қостанай облысының Таранов ауданы Ленин атындағы колхозындағы механизацияланған ток, оның өндірімділігі – сағатына 20 тонна. Ауданда 14 механизацияланған ток жасалған

c063bdbfdf7370e0610b4005056bce90.jpg

Тың жерлерді игерудің символы болып Ақмола облысының Двуречный совхозындағы алғашқы тың атыздарын көтерген осы ескерткіш – трактор қалады

2a4113c9a11b12e450c2660ac684cd60.jpg

Тың даласындағы бірінші егіс

45f64b8e9c998eefd40e92e8c1748658.jpg

Тыңның үлкен наны басталып кетті

6bc88266245896f8c768ae5f45a9c107.jpg

Егіс агрегаты егіс даласына шықты

9e7a8a320be73c6e53a1dc5a15bd958a.jpg

Жастар қолымен тың даласында совхоз бекеттері құрылды

b02ab2352e6d98d5d173418166d4dd53.jpg

Двуречный совхозының жұмыскерлері жаңа жерлерде біржола қожалық етіп тұрақтап қалды

850ea4c492fb5a5de01d6a191cce725c.jpg

Партия мен үкімет жетекшілері Н.С. Хрущев, Д.А. Қонаев, Ж.А. Тәшенев халық ақыны Омар Шипинмен әңгімелесуде

Фотоальбом (Тың: сол уақыттағы тұлғалардың фотосуреттері)

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасына мұрағат материалдарын ұсынғандығы үшін алғысымызды білдіреміз.

Мирас НҰРЛАНҰЛЫ

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?