Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Евгений Кочетовтың «Қазақстанды өзгерткен сөздер» кітабының тұсауы кесілді

1312
Евгений Кочетовтың «Қазақстанды өзгерткен сөздер» кітабының тұсауы кесілді - e-history.kz
Кітап беттерінде мемлекетіміздің қиын-қыстау кездерінде еліміздің тарихын қалыптастырған Шыңғыс ханнан бастап Нұрсұлтан Назарбаевқа дейінгі көшбасшыларымыздың айтқан сөздері жинақталған

2015 жылы 16 маусымда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде экономист, тарихшы және публицист Евгений Кочетовтың «Қазақстанды өзгерткен сөздер» кітабының тұсауы кесілді. Сонымен бірге Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған бірегей көрменің ашылуы өтті. 

«Қазақстанды өзгерткен сөздер» атты кітап – тарих, экономика, саясат және философия тоғысатын ауқымды зерттеу. 

e1b9e58910fe497a4c30797b0a9f5b42.jpg

– Евгений, кітабыңыздың негізгі мақсаты қандай? 

– Бұл кітаптың негізгі мақсаты – көптеген қазақстандықтарға шынайы тарихымызды баяндау. Оқиғалардың хронологиясынан тарихи оқиғаларды жеке алып қарастырмадым. Менің көздегенім – дереккөздерді және оқиғалардың барысын толық көрсету. Сонымен бірге, мақсатым – өзгенің орнына қорытынды жасамай, оқиғалар тізбегін дұрыс қалыптастыру.

3fd5c7eadfe18e5ccbfc9b4fe5f834b6.jpg

– Кітапты қанша уақыт жаздыңыз? 

– Екі жыл бойы (идеяның пайда болу сәтінен бастап кітап қолыма түскенге дейін) еңбектендім.

– Кітабыңыздың ерекшелігі неде? 

– Мен қолданған негізгі қағидат – сол замандағы стилистиканы өзгертпеу. Барлық материалдар түпнұсқадан алынған. Мысалы, егер Абылай ханның патшайымына жазған хатын оқысаңыз, аңғарасыз. Мен хаттың тұпнұсқасындағы тілді барынша сақтауға тырыстым.

– Кітаптың жазылуына кімдер атсалысты? 

– Кітап үшін материалдар көптеген ұйымдардан мұқият жинастырылған. Олардың ішінде ҚР Президентінің Мұрағаты, Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағаты, Орталық мемлекеттік мұрағаты, Қазақстандағы көптеген кітапханалар бар. Семей қаласындағы Абай музейі және Түркістандағы Ахмет Яссауи мұражайының қызметкерлері зор көмегін тигізді. Бұл кітапты бірқатар қалаларды аралап жүріп жаздым. Көптеген адамдар кітаптың жазылуына, материалдардың жиналуына атсалысты.

– Кітаптың мазмұны туралы айтып берсеңіз... 

– Кітап беттерінде мемлекетіміздің қиын-қыстау кездерінде хандардың жазған хаттары жинақталған. Мысалы, Кеңес өкіметі тұсындағы кезеңді айтсақ, қоғам және саяси қайраткерлеріміздің коммунистік партиялардың съездерінде, басқа шараларда жасаған баяндамалары жазылған. Сонымен бірге, кітап беттерінде Қазақстанның тарихына жанама қатысы бар тұлғалар да орын алды. Мысалы, Никита Хрущев Қазақстанның игілігіне не жасады? Ол тың игеру жобасын ұсынды. Аталмыш жоба еліміздің даму тарихына әсер етті. Сонымен бірге, Қазақстанға өз ықпалын тизіген тұлғалар көп.

– Оқырмандарға жеткізбек ойыңыз қандай болды? 

– Өз бетімен қорытындылар жасамауға барынша тырыстым, өйткені кітаптағы оқиғалар бір-біріне қарама-қайшы. Оқырман жазғанымды мұқият оқыса екен деп қалаймын, сондықтан да көптеген нәрселерді аяғына дейін жеткізбей жаздым. Сонда ғана кітап оқитын қауым Филипп Голощекин, Генадий Колбин немесе еңбектегі басқа кейіпкерлердің айтқан сөздерін ой елегінен өткізіп отырады. 

– Кітапты қандай оймен жаза бастадыңыз?

– Біріншіден, кітап институционалды экономика бойынша кең ауқымды зерттеу түрінде жоспарланды. Бірақ, жұмысқа кіріскенімде, әріптестеріммен ақылдаса бастадым. Ыбырай Алтынсаринді, Абай Құнанбайұлы және Жамбыл Жабаевты сөз қылғанда, институционалды экономика туралы жаза алмайтынымды түсіндім. Сонда кітабымның форматын өзгертуге бел байлап, кішкентай балалардан бастап ересек қауымға дейін түрлі жас аралығындағы оқырмандарға қызықты болып көрінетін кең ауқымды зерттеуді жазуға шештім. Зерттеу жұмысым ұғынықты тілмен жазылса, оны мектеп оқушыларынан бастап ересек оқырманға дейін барлығы оқып, өз қызығушылығына сай үндес келетін тұстарды іріктейді. Осымен шектеліп қоймай, кітаптың жалғасын жазамын деген ойдамын. Мүмкін, бұл трилогия немесе осы секілді бір еңбек шығады... Кітаптың жалғасы күрделі әрі қызықты болады. 

– Кітапта пайдалынған материалдар қаншалықты ақиқат? 

– Мен әдейі ешқандай өзгерістер қоспай, материалдың дереккөздеріне сілтемелер жасадым. Олардың көмегімен фактілердің дұрыстығын қайта тексеруге болады. Оқиғалардың хронологиясынан тарихи оқиғаларды жеке алып қарастырмадым, мен үшін бұл өте маңызды дерек.

– Кітап жазылу барысында «Мәңгілік ел» идеясының қандай тұстарын аңғарттыңыз? 

– Қасым хан айтқан керемет дәйексөзі бар. Ол өз ұлдарына қазақ даласын тәуелсіз жерге айналдыру жөнінде баяндаған. Соңғы демі таусылар алдында осы арманын аманат етіп кеткен екен.

– «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын қалай түсінесіз?

– «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы – біріншіден, құндылықтарымызды айқындайтын бағыт, сонымен бірге, бұл – білім, мәдениет, еліміз бәсекеге қабілетті болуы қазақстандықтардың негізгі бағыты. «Мәңгілік ел» идеясы – бұрыннан бері пісіп-жетілген, бізге аса қажетті идея.

— Уақыт бөлгеніңізге алғыс білдіремін! 

Мирас ИРГЕБАЕВ

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?