Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ұлт жоспары – 100 қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет

1585
Ұлт жоспары – 100 қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет - e-history.kz
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «100 нақты қадам – Қазақстан мемлекеттігін нығайтудың жаңа кезеңі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар, факультет декандары және кафедра меңгерушілері қатысқан дөңгелек үстелде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылдың 6 мамырында Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде айтқан «Ұлт жоспары — 100 қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» бағдарламасы талқыланды. 

«100 нақты қадам» – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары. Жоспардың негізгі мақсаты «Аурулардың сыртқы белгілерін» сылап-сипап қою емес, оларды «жүйелі емдеу» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды», – делінген маңызды құжатта. 

Жоспар негізіне 5 институционалдық реформалар кіреді: 

– кәсіби мемлекеттік аппарат құру; 

– заңның үстемдігін қамтамасыз ету; 

– индустрияландару және экономикалық өсім; 

– біртектілік пен бірлік; 

– есеп беретін мемлекетті қалыптастыру. 

Дөңгелек үстел басындағы пікірлесуді жүргізген Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Дихан Қамзабекұлы бүгінгі әңгіме халықтық бағдарламны түсіндіру бойынша елімізде ең алғашқылардың бірі болып отырғандықтарын жеткізді. 

Тақырып бойынша алғашқылардың бірі болып сөз сөйлеген экономика ғылымдарының докторы, профессор, «Тұран» білім беру корпорациясының вице-президенті, академик Орақ Әлиев өз кезегінде елімізді ең алдымен үш негізгі бағыт бойынша дамытуды ұсынды: ауыл, туризм және су шаруашылығы. 

Экономика ғылымдарының докторы, профессор Мырзагелді Кемел мемлекеттік қызметкерлер қатарына мұғалімдер, дәрігерлер мен мәдениет қайраткерлерін қосу жөнінде әңгімеледі. Экс-депутат сонымен қатар мемлкекеттік қызметкерлерді басқа бюджеттік сала мамандарынан бөлуді дұрыс деп санамайтындығын айтты. 

Мемлекеттік қызметкерлер туралы тақырыпты одан кейін саяси ғылымдар докторы, профессор Нәубет Қалиев жалғастырды. «Мемлекеттік қызметтің құндылықтары мен негіздері әлі күнге дейін толық жасалған жоқ. Күшті әрі дамыған мемлекеттің негізі мемлекеттік аппарат болып отыр, бірақ Қазақстанда ол жағын әлі жетілдіру қажет», – деді ғалым. 

ҚР ҰҒА академигі, Еуразия ұлттық университетіне қарасты клеткалы биология және биотехнология институтының директоры, профессор Рахметқажы Берсімбай бағдарламаның 64-пунктін, яғни «Өндіріске инновациялар енгізу жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру» мәселесін толықтай қуаттайтынын білдірді. 

Заңның үстемдік құруын қамтамасыз ету мәселесі және сот әділдігінің тиімділігі жайлы ЕҰУ заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Қошанова кеңінен әңгімеледі. 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?