Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Жібек жолы» атты қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі

2561
«Жібек жолы» атты қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі - e-history.kz

ҚР Мемлекеттік Орталық музейі мен «Бақыт» сәндік-қолднбалы өнер орталығы 2015 жылдың 23-24 мамыры күндері «Жібек жолы» атты Орталық Азия қолөнер шеберлерінің дәстүрлі көрме-жәрмеңкесін өткізді.

Жәрмеңкеге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Ресейден келген 150-ге жуық халық шебері қатысты. 

ҚР Мемлекеттік Орталық музейде сәндік-қолданбалы қолөнер көрме-жәрмеңкесін өткізу игі дәстүрге айналды, сонымен қатар өнерді бағалаушылар мен қолөнер бұйымдарын тұтынушыларының арасында үлкен қызығушылық тудырды десек артық емес. 

Ұлы Жібек жолы – Шығыс пен Батыс халықтарының мәдени-экономикалық қарым-қатынасын дамытуда үлкен маңызға ие, сондай-ақ тарихи қалыптасқан халықаралық сауда жолы. Ертеде Шығыс базарына әлем елдерінің саудагерлері мен сатып алушылары асыға келіп Қытайдың жібегі мен фарфорын, Үндістанның тәтті дәмдерін, Хорезмнің қыш бұйымдарын, сонымен қатар, түрлі бейнелеу туындыларын тиімді бағамен сатып, сауда-саттық жүргізген. Жібек жолымен сату үшін Ферғананың асыл тұқымды аттары, араб және нисия арғымақтары, түйелер мен пілдер, мүйізтұмсықтар мен арыстандар, барыс пен киіктер, қаршығалар мен сұңқарлар, тотықұстар мен түйеқұстар алып жүрілді. Мәдени өсімдіктер: жүзім, шабдалы, қауын, тәтті татамдар мен қант, жемістер мен көкеністер Жібек жолы арқылы тарады. Алайда сауда жасалатын негізгі зат жібек болып қала берді. Алтынмен бірге жібек халықаралық валютаға айналды, ол патшалар мен елшілерге сыйға тартылды, жалдамалы әскерге ақы және мемлекеттік қарыз ретінде төленді. 

Ұлы Жібек жолының көне мәдени салт-дәстүрі бүгінгі күні-де сәтті дамуда. Көрме Қазақстан және Орталық Азия елдерінің арасындағы мәдени байланыстың және іскерлік қарым-қатынастың дамуына үлес қосады. Сонымен бірге, ол жастарға ұлттық құндылықтарды бағалауға үйретеді. 

Музей қабырғасында дәстүрлі түрде өткізіліп отырған көрме-жәрмеңке, өз нәтижесін беруде: жыл сайын іс-шараға жаңа шеберлер, дарынды қолөнершілер қосылуда, мәдени қарым-қатынас шеңберінде әріптестер мен музейге және қолөнершілердің бұйымдарына қызығушылық танытатын келушілердің саны көбеюде. 

«Жібек жолы» көрме-жәрмеңкесінде алуан түрлі сыйлықтар – киім-кешек, әшекей бұйымдар, қыш ыдыстар, саз аспаптары, шығыс миниатюралары мен тері өнімдері, киіз және жібектен жасалған бұйымдар, шамшырақ пен бойтұмарлар, былғары бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды. 

Анықтама телефондары: ҚР Мемлекеттік Орталық музейі: 264–46 -50, 264-55-77; 

ҚҚ «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығының телефоны: 375-56-58, 7 701 3908125, +7 (775)-623-29-66

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?