Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайындағы Халықаралық музей күні

2403
Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайындағы Халықаралық музей күні  - e-history.kz
2015 жылдың 22 мамыр күні сағат 10.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында Халықаралық музей күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтеді

Бүгін, 2015 жылдың 22 мамыр күні сағат 10.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында Халықаралық музей күніне арналған мерекелік шаралар басталады. 

Халықаралық музей күнінің бағдарламасы:

Сағат 10.00-нан 23.00-ге дейін «Картинаның бір бөлігі бол» атты музей коллекциясы жауһарлары бейнеленген банерлер фонында интерактивті суретке түсу; 

Сағат 10.00-нан 11.30-ға дейін және 15.30-дан 17.00-ге дейін «Мүсіндер саябағында» интерактивті пленэр. Қатысқысы келгендердің бәрі қатыса алады. Әрбір қатысушының жұмысы «Мұражай – келушілер көзімен» атты көрмеге қойылады, ал үздіктері сыйлықтармен марапатталады; 

11.00-ден 14.00-ке дейін Қазақстан Халқы ассамблеясының концерттік бағдарламасы, ұлттық тағамдарынан дәм ұсынылады; 

12.00-де және 13.00-де суретшілер Юрий Тарлер (Нью-Йорк) мен Александр Кравчуктің (Санкт-Петербург) кескіндеме мен графикадан шеберлік сабақтары; 

14.00-де Алматы техникалық университетінің қатысуымен арт-дефиле; 

17.00-де «Мұражай – келушілер көзімен» пленэр-көрмесінің ашылуы және «Мұражайдан көшірмесін тап» конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау; 

23.00-де аңызға айналған «Бугарабу» этнографиялық тобы мен әнші Венера Оразбекованың концерті; 

23.30-да квест-ойынның жеңімпаздарын марапаттау; 

24.00-де Анна Старчактың қатысуымен fire-show өтеді.

«Мұражайдан көшірмесін тап» акциясы

Биыл мұражай қабырғасында алғаш рет өткізілгелі отырған «Көшірмесін тап» деп аталатын ерекше акция көрермендеріміз үшін тосынсыйымыздың бірі болмақ. Мерекенің басталуына бір апта қалғанда мұражай экспозициясында бір жұмыс пайда болады. Әрине, ол авторлық түпнұсқа жұмыс емес. Қонақтарға оны мұражай экспозициясынан табу тапсырылады. Өз пікірлерін мұражайдың зал қараушыларындағы арнаулы күнделікке жазып қалдырып кетулеріне болады. Естелік сыйлықтар мереке күні жеңімпаздардың қолына тиеді. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 22 мамыр күні сағат 17.00-де өтеді.

c23c821617e1415634452466405086cc.JPG

Әбілхан Қастеевтің мұражай үйінде өтетін мерекелік шаралар (Бекхожин к., № 6-а үй):

Әбілхан Қастеевтің мемориалдық мұражай үйіндегі экскурсия. Экскурсияны қылқалам шеберінің қызы жүргізеді. Автобус Ә. Қастеев мұражай үйіне сағат 14.00-де шығады.

6973f390d4ee4fe734f2e2581b97645f.jpg

Орталық көрме залында өтетін мерекелік шаралар (Желтоқсан д., 137, Жамбыл к., қиылысы):

17.00-де Мысыр мәдениет орталығы ұйымдастырған «Ежелгі Мысыр құпиялары» деп аталатын көрме өтеді.

Шараның кураторы — Оксана Танская. 

Күні бойы музейге кіру тегін болмақ. 

Барлық сұрақтар бойынша келесі телефон бойынша хабарласа аласыз: 

 Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер мұражайы

050040, Алматы, Көктем-3, 22/1, 

 тел. (327) 3945718, т/факс 3945519, 

 e-mail: kasteevmuseum@hotmail.com

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?