Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Мәскеуде Н. Назарбаев туралы «Жібектей есілмеген жол» кітабының тұсаукесері өтті

1675
Мәскеуде Н. Назарбаев туралы «Жібектей есілмеген жол» кітабының тұсаукесері өтті - e-history.kz
2015 жылдың 20 мамырында Ресей Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік қабылдау үйінде орыс жазушысы Сергей Плехановтың «Жібектей есілмеген жол» («Не шелковый путь») кітабының таныстырылымы өтті

Ресейдегі Қазақстан елшілігі мәлімет еткендей, Сергей Плехановтың еңбегі Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентіне Нұрсұлтан Назарбаевқа арналады. Бұл кітап «Мировые люди» атты жаңа серияның алғашқы шығарылымы болып жарық көрді. 

Автор бұл кітапты 15 жыл бойы жазған, бүкіл Қазақстанды аралап, бас кейіпкердің (ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың) балалық пен жастық шағы өткен жерлеріне барып қайтты. Жазушы Елбасының жақындары мен жақтастарымен де әңгімелесті. Айта кететін жайт, Сергей Плеханов Президентпен де бірнеше рет кездесті. 

eb8f2bf8e85b189f09192ab3e1c1bc02.JPG

Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров шараның басында сөз сөйлеп, Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі Марат Тажин, Әзербайжанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі Полад Бюльбюль оғлы, «Назарбаев орталығы» көпсалалы ғылыми-талдау және гуманитарлық-ағарту мемлекеттік мекемесінің директоры Қанат Саудабаев «Жібектей есілмеген жол» кітабына қатысты өз ойларын ортаға салды. 

62cd68354cc681e647e6645183ba3e23.JPG

73a45c38e7f64b4a1a01b712a3f6edf1.JPG

Тұсаукесердің рәсіміне белгілі саясаткерлер, бизнесмендер, әдебиет пен өнер қайраткерлері, елшілер, ғылыми, академиялық салалардың өкілдері қатысты.

0bf0e2308210968243eee101ebf4ca96.JPG


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?