Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Н.Назарбаевтың жеңісі туралы сарапшылардың пікірі

1139
Н.Назарбаевтың жеңісі туралы сарапшылардың пікірі - e-history.kz

Борис Әлікенұлы Жапаров, ҚР Президенті мұрағатының директоры, профессор: 

«Бүгінде Қазақстан — Орта Азия елдері, Еуразия материгі үшін табысты және алға ұмтылған дамушы елдің үлгісі. Бұл жетістігіміз Ұлт көшбасшысының халқымызды тарихымыздың тоқырау тұстарынан абыроймен алып шығып, жарқын болашаққа жетелеп келгенін көрсетеді. Қуатты және батыл көшбасшы — саяси табыстың басты кепілі. Өз ұлтының мүддесін бәрінен жоғары қоятын, туған халқына қызмет етуге бар күш-жігерін салатын, өз елінің нағыз патриоты ғана көшбасшылық қызметке лайық бола алады. Мен Нұрсұлтан Әбішұлын осылай елестетемін!».


Ковальская Светлана Ивановна, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Тарих кафедрасының профессоры, т.ғ.д.:

«Ел тағдырында да қарапайым адамның өміріндегідей шешуші оқиғалар орын алады. Бұл болашақ даму жолын айрықша айқындап береді.

2015 жылдың 26 сәуіріндегі сайлау осындай оқиғаларға жатады. Қазақстан халқының жасаған таңдауы — Президентіміздің беделін және ерен еңбегін мойындау.  Бұл жаңа жоспарлар мен мақсаттардың шынайылығын дәлелдеп, ең бастысы — еліміздің өз болашағына деген сенімділігін білдіреді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Елбасы лауазымына сайлануымен шын жүректен құттықтаймын!».


 Айтмағамбетов Думан Рамазанұлы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

«Археология мен этнология» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты:

 «Бұл сайлаудың нәтижесі — Н.Ә. Назарбаевтың мызғымас беделінің және еліміздің әрі қарай дамуының кемел кепілі. Қазақстан халқы тарапынан Елбасы саясатына шексіз қолдау көрсетуіміз арқылы, оның жан-жақты позициясын нығайтып отырмыз.

Жағымды болжамдарға қарамастан, сайлау нәтижелері таңғалдырды. Нұрсұлтан Назарбаев орасан зор пайыздық көрсеткішпен алға шықты. Елбасының жеңісіне сайлауалды платформаның маңызды міндеттері де әсер етті. Олар кәсіпқой мемлекеттік аппараты бар мемлекет құруға, заңңың ұлықтылығы және адам құқығын қорғауды қамтамасыз етуге, экономикалық реформаларды жүргізу және жеделдетілген жолмен орта тап құруға бағытталған.

Идеялар ұсынып және оларды жүйелі іске асыру — Қазақстан Президентінің басты ерекшелігі. Сондықтан да халық Ұлт көсемінің жеңісін тұрақтылықтың кепілі және ертеңгі күнге деген сенімді қадам ретінде қабылдайды.

Осы орайда, Елбасымызға айтылған барлық тілектерге қосыламын. Нұрсұлтан Әбішұлына зор денсаулық, қиыншылықтармен күресу жолында қажымас қайрат, барлық бастамаларына сәттілік тілеймін».


Әділ Ахметов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық түркі академиясының

Тіл және терминология орталығының жетекшісі, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі жанындағы Ақсақалдар алқасының мүшесі:

«Нұрсұлтан Назарбаевтың кеше ғана өткен президенттік сайлаудағы үлкен басымдықпен қол жеткізген жеңісі — нағыз тарихи жеңіс. Олай деуге толық негіз бар. 

Біріншіден, бұл сайлау азаматтарымыздың бұрын-соңды болмаған белсенділігін танытты. 

Екіншіден, бұл сайлау халқымыздың саяси сауаттылығының биік деңгейге көтерілгендігін паш етті. Өйткені таңғы сағат алтыдан кешкі сағат сегізге дейін сайлау учаскелеріне ағылған азаматтардың, оның ішінде, әсіресе, жастардың легі толастамады. 

Үшіншіден, бұл сайлау ынтымағы жарасқан көпэтносты халқымыздың ауызбіршілігінің мызғымастығын айқындап берді. 

Төртіншіден, бұл сайлау Ел тізгінін түзу ұстаған Президент Назарбаевтың сындарлы ішкі саясаты мен көпвекторлы сыртқы саясатына деген халық сенімінің зор екендігін әрі бұл сенімнің бүкіл халық қастерлейтін құндылыққа айналып отырғанын көрсетті. 

Бесіншіден, бұл сайлау күллі халқымыздың болашаққа деген үмітін тек қана Елбасымен ғана байланыстыратынын дәлелдеді. 

Демек, бұл сайлауда халқымыз егемендігі мен азаттығының жасыл туы мен билік тізгінін Қазақстанның мәңгі Ел болуын көксейтін, Елін сүйетін әрі Елі сүйетін көсеміне, Ұлт лидері Нұрсұлтан Назарбаевқа қайта ұстатты. 

Елбасын осы тарихи жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, «Еліміз аман, жеріміз бүтін болсын! Жүзіміз әр заманда жарқын болсын! Мәңгі Ел — мұратымыз маңдайымызға бақ болып қонсын!» деген ізгі тілек пен ақ ниетімді қосамын».


Тілеген Садықов, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универвитеті Тарих факультетінің

деканы, т.ғ.д., профессор: 

«2015 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Президенттігіне сайлауда Елбасы Н. Назарбаевтың жеңіске жетуі Қазақстан халқының айрықша ынтымақ, бірлігін айғақтады. Сайлаушылар Нұрсұлтан Әбішұлының Қазақстан дамуының стратегиялық бағдарламаларын бірауыздан қолдайтындарын сайлауда дауыс беру арқылы жария етті. Бұл — осы сайлаудың ең үлкен, ең басты мазмұндық саяси ерекшелігі. 

 Сайлау барысында Қазақстанда тіркелген 9 миллионнан астам электораттың 95 пайызының сайлауға келіп белсенділік көрсетуі, мемлекетімізде азаматтық қоғам құру барысында жаңа сапаға көтерілгендігін айғақтайды. 

Осыдан 550 жыл бұрын тарих сахнасына көш түзеген халқымыз Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жасампаздықты ту еткен сарабдал саясатының арқасында бүгінде халқының бірлігі жарасқан, экономикасы қуатты, бүкіл әлем мойындаған заманауи тәуелсіз мемлекетті қалыптастырды. 

Жиырма жыл бұрын мемлекеттік тәуелсіздіктің тірегі — Конституцияны қабылдап, барша ұлт пен ұлысты байырғы қазақ жерінде өзара ынтымақ пен келісімге ұйытқан Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды. Осының барлығы сайлау кезінде еліміздің ытнымағы мен бірлігі жарасқан ел екендігін бар жаһанға тағы бір мәрте дәлелдеді».


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?