Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Алматы Жеңіс эстафетасының символын қабылдады

1429
Алматы Жеңіс эстафетасының символын қабылдады - e-history.kz
1 ақпанда Беларусь Репсубликасының Брест қаласынан шыққан Жеңіс эстафетасының символы 28 сәуірде Алматыға жеткізілді.

1 ақпанда Беларусь Репсубликасының Брест қаласынан шыққан Жеңіс эстафетасының символы  Алматыға жеткізілді. Алматылық шекарашылар «28 панфиловшылар» саябағында эстафетаны салтанатты түрде қабыл алды. Айта кетейік, символ Ұлы Отан соғысына қатысқан ТМД елдерінің сыртқы шекаралары арқылы жылжып келеді.

Оны Ресей Федералды қауіпсіздік қызметі шекара қызметінің өкілдерінен ШҚО-дағы «Уба» шекарашылары қабылдап алған болатын. Эстафета Өскемен мен Астана қалаларында болды. Ал алматылық шекарашылар оны өз кезегінде Тараз шекарашыларына табыстайды.

2 мамырда эстафета Қордайдан қырғыз шекарашыларына табысталады. Осылай, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзербайжан елдерін аралаған эстафета 28 мамырда Мәскеуге жетеді деп жоспарланып отыр.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, кадрлық жұмыс басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Керімбаев аталған мәдени шараның сұрапыл соғыс кезінде жанын пида еткен азаматтардың рухына тағзым етуде маңызы зор екендігін атап өтті.

«Біз фашистердің қанды азуынан жеріміз бен елімізді азат етіп алып қалған ата-бабаларымыздың арқасында өмір сүріп отырмыз. Азат әрі гүлденген елде өмір сүріп жатырмыз. Әлемде болып жатқан қақтығыстарға қарамастан, Қазақстан бейбітшілікті сақтап отыр. ҰҚК басшылығы атынан сіздерді Жеңіс мейрамымен шын жүректен құттықтаймын», — деді ол.

РФ-ның Алматыдағы бас консулы Алексей Демин аталған шараның тек қана Қазақстан ғана емес, соғыстан жапа шеккен барша халықтың жүрегінен ыстық орын алатынын атап өтті.

«Біздің бейбіт өміріміз үшін жанын құрбан еткен аталарымызды 9 мамыр қарсаңында ғана емес, үнемі еске алып, құрметтеп жүру артық етпейді», — деді ол.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?