Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ерлікке тағзым етілді

2122
Ерлікке тағзым етілді - e-history.kz
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Ерлікке тағзым» атты тарихи-танымдық кездесу кеші өтті.

Жастардың Отан тарихына деген сүйіспеншілігін арттыруға, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында өткен шараға соғыс ардагерлері Бекмади Ахат Бекмадияұлы, Тәбеш Барлыбай, Боранбаев Мыңайдар және Аушакимов Шұғаеп арнайы шақырылған болатын. 

f59b9ddd718215f46f9f357b352796db.jpg

5017b07d73b85762aaf2a2079497e83f.jpg

Боранбаев Мыңайдар 1926 жылдың 10 мамырында Қостанай облысы, Амангелді ауданында дүниеге келген. «Ұлы Отан Соғысының ІІ дәрежелі Құрмет белгісі» орденімен, «Белоруссияны фашисттерден босатқаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. 

32b381a63f7e004450b7dc610c7a2064.jpg

Аушакимов Шұғаеп 1936 жылдың 10 мамырында Солтүстік Қазақстан облысы, Совет ауданы Баянды ауылында дүниеге келген. «Тыңға 50 жыл», «Еңбек ері», «Жеңіске 50 жыл», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған. 

Тәбеш Барлыбай 1925 жылдың 15 мамырында Көкшетау облысы, Қызылту ауданы, Жасқайрат ауылында дүниеге келген. «Отан соғысы» ордені, «Германияны жеңгені үшін», «Әскери қызметі үшін», «Украинаны азат өткені үшін», «Белоруссияны азат еткені үшін», «Маршал Жуков», «Еңбек ардагері», «Жеңістің 25 жылдығы», «Астанаға 10 жыл» медальдарымен марапатталған. 

Бекмади Ахат Бекмадияұлы 1923 жылдың 1 қыркүйегінде, Ақмола облысы, Калинин ауданында дүниеге келген. «Ұлы Мәскеу» шайқасында, «Курск-Орловск» майданында болған.

Жастар ардагерлерге арнап соғыс тақырыбындағы өлең-жырлар орындап, көрініс-қойылымдар көрсетті. Майдангер-де өз тарапынан соғыс естеліктерімен бөлісіп, тағлымға толы әңгімелерін ортаға салды.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?