Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Сәбит Мұқановтың туылғанына – 115 жыл

1189
Сәбит Мұқановтың туылғанына – 115 жыл - e-history.kz

Биыл жазушы Сәбит Мұқановтың туылғанына - 115 жыл толып отыр. Сәуір айының 26 жұлдызында дүниеге келген әдебиет майталманын бүгін ерекше еске алып отырмыз.

Кеңес халқының фашисттік Германияны ойсырата жеңуіне әсер еткен бірегей факторлардың бірі — сол заманның мықты идеологиясы еді. Талай талантты ақын-жазушыларымыз ерен еңбек етіп, соғыс жылдарында фашистік басқыншыларды әшкерелейтін өлеңдер, очерк, әңгімелер көптеп жазды. Халқымыздың майдан мен тылдағы ерлігі мен қаһармандығын паш етті. Осы орайда, 9-мамыр — Жеңіс күні қарсаңында, биыл 26-шы сәуір күні туылғанына 115 жыл толған әдебиет майталмандарының бірі, ақын-жазушы С. Мұқановты ерекше еске алып отырмыз. 

Сәбит Мұқанов Солтүстік Қазақстан облысының Преснов ауданында дүниеге келген. Бала кезінде молдадан дәріс алып, сауатын араб ғарпімен ашты. Жастайынан ертегі-жырға, әңгіме-қиссаға әуес болған бала Абайдың шығармалары мен татарлық Ғабдолла Тоқайдың өлеңдерінен сусындап, рухани нәр алып өседі. Омбы қаласындағы жұмысшы факультетінде оқып жүріп, орыс тіліне төселіп, орыс әдебиетімен терең танысады. Бұл жазушының шығармашылық шабытын шарықтата түсіп, «Батырақ», «Октябрь өткелдері», «Сұлушаш» поэмаларын жазуға негіз болады. Сол кездің өзінде-ақ талантты, ақынның поэмалары кітап болып басыла бастайды. 

Рабфакты бітірген соң, С. Мұқанов 1926 — 1928 жылдар аралығында республикалық «Еңбекші қазақ" (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетіне еңбек етеді. Одан соң Ленинград университетінде және Мәскеудегі қызыл профессура институтында оқып, оны 1935 жылы тәмамдайды. «Майға сәлем!» және «Ақ аю» поэмаларының жарық көруі, ақын өмірінің осы кезеңіне сәйкес келеді. 1935 жылы С. Мұқанов «Қазақ әдебиеті» газетінің негізін қалап, редакторы болып қызмет атқарды. 1937 жылы Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы қызметіне тағайындалды. 1938 жылы, ақын-жазушының «Ботагөз» романы («Жұмбақ жалау»), «Менің мектептерім» (1941), «Колхозды ауыл осындай» (1937) шығармалары жарық көреді. 1943 жылдан 1951 жылға дейін С. Мұқанов екінші рет Жазушылар одағының төрағасы болып, республикада көркем әдебиетті онан әрі өркендету жолында қызмет етті. Ал, 1950 жылдары С. Мұқанов «Сырдария» романын, «Шоқан Уәлиханов» пьесасын жазды. Кейін бұрынырақ жарияланған екі томдық «Өмір мектебі» кітабының жалғасы ретінде «Есею жылдары» деген өмірбаяндық романын жазып шығарды.

 С. Мұқанов — белгілі қоғам қайраткері. 1947 жылдан 1963 жылға дейін Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.Әдебиетті дамытудағы қажырлы еңбегі үшін С. Мұқанов екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, 1960 жылы 60 жасқа толуына байланысты Ленин орденімен наградталған.

d3ef8397b66ad9b29bcafbca41f6fe96.jpg

С. Мұқановтың әріп басу машинкасы 


578bc803387c670c0aeeca123e3f7d97.jpg

С. Мұқановтың қаламы

1cd12a5e2b577d3a52247b122750611e.jpg

Жазушының жұмыс үстелі

4b98f37adc3a693475c140461ba91cc5.jpg

Мұқановтар отбасының жатын бөлмесі

da45070acc5727d6481badea13a430d6.jpg

С. Мұқановтың кітапханасы

d1c40ca0ae5ed556e9e0335861b34c85.jpg

Сәбит Мұқанов туып өскен үйдің макеті




Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?