Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Өңір өзбектері өсіп-өркендеуде

2227
Өңір өзбектері өсіп-өркендеуде - e-history.kz
Өзбек ұлты бүгінде республикамызды мекендейтін 7 ірі этностың біріне жатады.

Ежелгі заманнан Қазақ хандығы құрылға дейін қазақ пен өзбек ұлты түркі тілдес халықтардың құрамында теке-тірес өмір сүріп, тағдыры да, тарихы да бір болды. Орта Азияны мекендеген біртұтас түркі халқы орта ғасырларда түрлі ұлыстарға бөліне бастады. Ең соңғы болып өзбек, қазақ, ноғай ұлттары жеке-жеке мемлекеттерге айналды. Тілі, діні мен ділі бір қазақтар мен өзбектер XV ғасырдың екінші жартысында бір-бірінен біржола бөлініп, оқшау отау тіккен. 

Тарихта Алтын Орданы билеушілерінің бірі Өзбек ханның (1312–1342) есімі «өзбек» сөзінің шығуына себеп болғандығы айтылған. Сонымен қатар, «Алтын Орда империясы ыдырағанда Жошы ұлысының сол қанатындағы көшпелі тайпалар кезінде Өзбек ханның ұлысы болғандықтан, олар өздерін „өзбекпіз“ деп атады. Осы ұлан-ғайыр аймақта 1428 жылы билік құрған Әбілқайыр ханның ұлысы „Көшпелі өзбектер мемлекеті“ деген атпен тарих сахнасына шықты. Кейін, Әбілқайыр ханның өмірінің соңында (1469 ж.ө) көшпелі өзбек мемлекетінен өзбек, қазақ, ноғай ұлыстары бөлініп, жеке-жеке мемлекеттерге немесе ұлттарға айналды», — деген деректер бар.

Бұл бөлінуге қарамастан, өзбек пен қазақ қоян-қолтық қарым-қатынасын жалғастырып, өзара көші-қон үрдісін үзбеген. Бұған түрлі тарихи кезеңдер мен саяси оқиғалар да септігін тигізді. 

Белгілі әлеуметтанушы М.Ертаевтың зерттеулеріне сүйенсек, қазіргі таңда Өзбекстанда 1.5 миллион қазақ тұрса, Қазақстанда ресми деректер бойынша 375 мың өзбек тұрады екен. Өзбек жұртының Қазақстандағы саны болашақта 2–2,5 миллионға жетіп қалуы мүмкін деген де болжам бар. 

Шекаралық ынтымақтастық қауымдастығының төрағасы Марат Шибұтов мәлімдеуінше, ала тақиялы, ағайынның көптігі 2009 жылы халық санағы барысында да анық байқалған. 

«Қазақстанда ресми түрде тіркелген өзбектердің нақты саны 500 мыңдай. Бұған қоса 500 мыңдай босып жүрген өзбек бар. Бірыңғай экономикалық кеңістік көкжиегінің кеңейіп келе жатқандығын ескерсек, олардың күні ертең Қазақстан азаматы болуына толық мүмкіндігі бар. Егер қазіргі үрдіс жалғаса берсе, орыстың өзі „жұтылып“ кеткелі тұр. Қорыта айтқанда, 2–2,5 миллион өзбек этносы 2020 жылға қарай қазақтан кейінгі орынды иемденетін ұлтқа айналмақ», — дейді саясаттанушы, ақапарат көздеріне берген сұхбатында. 

Өзбектер Оңтүстік Қазақстан облысын көптеп қоныстанған. Қазақ халқы ежелден төрт түлік мал баптауға бейім болса, еңбекқор өзбек елі егіншілікке жақын. Олар бау-бақша, дәнді-дақылдар мен мақта өсіру арқылы еліміздің экономикалық өсіп-өркендеуіне орасан зор үлес қосып келеді. Сондай-ақ, салт-дәстүрі, өнерпаздығы мен қонақжайлығы және ас мәзірі жағынан өзбектер қазақ ұлтына ұқсайды. 

Гүлжанат ӘБДІМОМЫНОВА

5db070b0512dee10cb56dca0c06a97f9.jpg

3a80ccb97f953e3f905bd1bd3b4e62b7.jpg

253db3863ee4740a45a28d461ab50075.jpg

a9c218eeed42b8e97a6bde68b057b441.jpg

Суреттерде: өзбек ұлтының ұлттық киімдері, дастархан мәзірі мен тұрмыс бұйымдары.
Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?