Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ұлттар мәдениетінің фестивалі

2925
Ұлттар мәдениетінің фестивалі  - e-history.kz
Гүмилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тарих факультетінің археология және этнология кафедрасында сыған, өзбек, қазақ, татар, үнді және жапон «ауылдарында» думанды тойлар өтті.

Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20-жылдығына арналған Ұлттар мәдениетінің фестивалінде қызықты көріністер қойылды. Гүмилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тарих факультетінің археология және этнология кафедрасының барлық курс студенттері сыған, өзбек, қазақ, татар, үнді және жапон ауылдарына ұйымдасып, сол ұлттардың дәстүрлі мәдениетімен таныстырды.

ccb582b8d9344478bef51d070331ee5c.jpg

Сыған қызының биі


Мәселен сыған ауылының «тұрғындары» тобыр болып би орындап, алақанға қарап бал ашты. Және гитарамен ән шырқап, қонақтардың көңіл-күйін көтерді. Өзбек ұлты «қыз ұзатуды» көрсетсе, қазақ халқы «тұсаукесер» рәсімінен көріністер қойды. Татар халқы ұлттық би билесе, үнділер «үйлену» үрдісін өткізді. Әсіресе, жапондық қыздардың қойған биі мен жігіттердің  шығыс жекпе-жегі әсерлі болды. 

07f39d7b08a9a2c38e40f3fed153aaae.jpg

Жапон қыздарының биі


Жастардың өнеріне Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарих факультеті деканы т.ғ.д., профессор Т. С. Садықов, Қазақстан халықтары Ассамблеясының өкілдері, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ЮНЕСКО бойынша дәстүрлік және этникалық толеранттылық кафедрасының меңгерушісі Г. М. Шалахметов, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік герб авторы Ж.Мәлібеков және Ұлттық тарихшылар конгресінің мүшелері баға берді. 

886756bc2e1b4a49ebf57f8b5b4b528d.jpg

Үнді қызының некелесу сәті

— Біздің білімгерлеріміздің түрлі ұлт образдарына кіре алғаны соншалық, өзбектер пысықтығымен, қазақтар қонақжайлылығымен, сығандар «қауіптілігімен», жапондар көңіл тыныштандыратын сабырлылығымен, татарлар мұқияттылығымен, үнділер әдемі әдептілігімен ерекшеленіп, рухани күш-қуат сыйлады. Бұл фестиваль, әсіресе, жастардың өздеріне аса қызықты болып, өзге ұлт өкілдерінің мәдениетіне сый-құрметін арттыра түсті, — деген ойымен бөлісті тарих кафедрасының археология және этнология факультетінің меңгерушісі Ұлан Үмітқалиев. 

828596800edd6c7058ad7c4511ab3957.jpg

Татар қызы ұлттық тағам ұсынуда


Фестиваль қатысушылары кабинетті (ауылды) безендіру, ұлттық киім, слайд-шоу, таңдалынып алынған этносқа қатысты шығармашылық көрсетілім (ұлттық би, ән, көркем көрініс т.б.), ұлттық тағамдар әзірлеу жағынан бағаланып, іс-шараға белсенді қатысқандары үшін дипломант және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

17ddad70fca8c5c555605fb42783dcb3.jpg

Қазақ халқының тұсау кесер рәсімі

Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20-жылдығына арналған Ұлттар мәдениеті фестивалінің мақсаты: Қазақстанды тату-тәтті мекендеп жатқан ұлттардың өзіндік мәдениеті және дәстүрімен толық таныстыру; Әртүрлі мәдениеттер мен дәстүрлер және ұлттар мен ұлыстар арасындағы татулық пен өзара келісімді нығайту; Елімізді және шет елдерді мекендеген әртүрлі халықтардың мәдениетіне көңіл аудару арқылы толеранттылықты қалыптастыру.

9507cf8bbf026f7c58dd3e5fa84f70ba.jpg

Жапондық жігіттердің шығыс жекпе-жегі

f0bc25177ab9265929a903c3f4e609ae.jpg

Үнді халқының ұлттық ас мәзірі


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?