Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

ҰОС жылдарында жасақталған дивизиялар

3036
ҰОС жылдарында жасақталған дивизиялар - e-history.kz
ҰОС жылдарында Қазақстандағы әрбір төртінші қазақстандық майданға жіберілді. Майданға бір миллион төрт жүз мыңнан астам қазақстандық шақырылды.

Қазақстан аумағында жасақталған әскери құрылымдар соғыстың алғашқы күндерінен бастап, жаумен ерлікпен шайқасты. Майданға қатысқан алғашқы әскери құрамалардың бірі — 312-атқыштар дивизиясы. Дивизияны полковник А. Ф. Наумов басқарды. Кейін ол генерал-майор атағына иеленді. 

316-атқыштар дивизиясы генерал-майор И. В. Панфиловтың басшылығымен теңдесі жоқ ерлік танытты. 

1941 жылы 16 қарашада Дубосеков разъезіндегі шайқаста фашист басқыншыларынан Мәскеуді қорғау кезінде генерал Панфиловтың дивизиясындағы 28 жауынгер немістің шамамен жиырмадай танкісін жойып және немістердің шабуылын тоқтатып, мәңгі өшпес ерлік жасады. Мәскеу түбіндегі шайқас шешуші шайқастардың бірі және Ұлы Отан соғысындағы маңызды оқиға болды. 

Төрт сағат бойына панфиловшылар артиллерияның және бомбаның бораған отымен әуеден жаудың танкілерін және жаяу әскерлерін тоқтатты. Олар қарсыластарының бірнеше шабуылын қайтарды және 50 танкінің 18-ін жойды. Алайда жасақтағы жауынгерлердің басым көпшілігі қаза болды, қалғандары қатты жараланды (көп уақыттан бері барлық 28 адам өлді деп есептелді). Әрине, Мәскеуді қорғау кезінде Қызыл Армия бөлімшелерінің арасында ерліктің және қаһармандықтың өзге де мысалдары болды, Мәскеу түбіндегі шайқаста мыңдаған кеңес жауынгерлері өмірін қиды (генерал-майор И. В. Панфиловтың өзі-де), ал батыр-панфиловшылардың ерлігі тарихта қалды және соғыста ерекше жұмылдыру рөлін атқарды, батырлардың ерлігі мен күші туралы аңыздар қалды. 

КСРО Мемлекеттік Қорғаныс Комтетінің 1941 жылдың 16 шілдесіндегі қаулысымен дивизияларды, танктерге қарсы және артиллериялық полктрады жасақтайтын арнайы топ құрылды. 1941 жылдың шілдесінде Қазақ КСРО-ында 238, 310, 314, 391-атқыштар дивизиялары және 105-кавалериялық дивизия жасақталды. Бұл мобилизацияның бірінші толқыны болды, осы себептен де жоғарыда аталған дивизиялардың барлығы жақсы дайындықтан өткен. 

1941 жылдың қыркүйегінде Свирь өзенінің жағалауында петропавлдық 314-атқыштар дивизиясы ұрысқа кірісті, ал Ақмолинск қаласында 310-атқыштар дивизиясы жасақталды. Осы жылдың қазан-айында Мәскеу түбінде 312, 316, 238, 391, 387-атқыштар дивизиялары құрылды. Сондай-ақ, 39-атқыштар дивизиясы, 74, 75-теңіз атқыштар дивизиясы жасақталды. Басқа қазақстандық дивизиялар 1942 жылы армия қатарына қосылды. 39-атқыштар бригадасы 1941 жылы Алматы, Ташкент, Фрунзе және басқа қалалардың курсанттарынан жасақталды. 8-гвардиялық Панфилов дивизиясы сияқты 39-атқыштар бригадасы-да Мәскеу түбінде соғысты. 39-атқыштар бригадасы жаппай ерлік көрсеткені үшін 73-гвардиялық дивизия болып аталды. 

Ақтөбелік 312-атқыштар дивизиясы Маслояровцтың жанында апта бойы үш-төрт жаулық дивизияға қарсы соғысып, құрамындағы екі полктен айырылған дивизия Нара өзеніне шегіне бастайды. 312-атқыштар дивизиясының үшінші полкінде жауынгерлердің үштен бірі ғана қалды. Басқа әскери бөлімшелердегі сарбаздарға қосылып, 312-атқыштар дивизиясының негізінде жаңа 53-дивизия пайда болды. Дивизия Ұлы Отан соғысын Вена түбінде аяқтайды. 

Шымкенттік 102-атқыштар дивизиясы Украинаның солтүстік-шығысында ерлікпен қорғанып, Солтүстік Кавказ аймағына шегінеді. Осы жерде таратылған. 74-теңіз атқыштар дивизиясы 292-атқыштар дивизиясына айналады, ал Сталинград қаласынан солтүстік-шығыс бағытында өткен қазан айындағы ұрыстардан кейін ол-да таратылады. Сонымен бірге, 96-Қазақ ұлттық дивизиясы (Өскемен қаласы), жамбылдық 105 және ақмолалық 106 дивизия майданға жақын аумағында таратылған еді.

a30e75ef0c86f7004fd4c3b1fd47a1cf.jpg

1942 жылдың 5 сәуірі. 106-шы Қазақ ұлттық кавалерия дивизиясының командирлері мен саяси жетекшелері

72-атқыштар дивизиясы 1941 жылы қазіргі Астана, бұрынғы Ақмола қаласында, құрылып, солтүстік өңірдің азаматтарынан жасақталған. Аталмыш дивизия (бастапқыда 29-дивизия болып аталған) 1942 жылдың шілдесінде Сталинград, бір жылдан кейін Курск шайқасына қатысқан. Кейін Украина, Молдова, Румыния, Венгрия, Австрия жерлерімен жүріп өтіп, Жеңіс күнін Прагада қарсы алған. 

Ерлігі және батырлығы үшін 73-гвардиялық атқыштар дивизиясының 7500 сарбазы, сержанты, офицері КСРО ордендері және медальдерімен марапатталған. Дивизияның 27 жауынгері Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. 

Қызылтулы 391-атқыштар дивизиясы Калининский майданына қатысып, Балтика елдерін, Сталинград қаласын, Ростов-на-Дону және Қырымды босатты. 100 және 101-ұлттық атқыштар бригадалары Ржевск және Великие Луки түбіндегі шайқастарға қатысқан.

Жүз елу бірінші атқыштар бригадасы — Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық әскери құрама. 1941 жылдың аяғында 151-атқыштар дивизиясының негізінде, Қостанай қаласында, жасақталған. Рейхстагқа Жеңіс туын бірінші болып тіккен Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатовтар. 

3331a836aade31a9699c531a969f370c.jpg

Рақымжан Қошқарбаев және Григорий Булатов 

Бүкіл соғысты басынан өткерген қазақстандық 12 дивизия құрметті атақтар алды. Олардың бесеуі — бір, төртеуі — екі, екеуі үш орденмен марапатталған. 

Қорытындылай өтсек, Ұлы Отан соғысында КСРО 27 миллион адамнан айырылды. Шамамен, олардың ішінде 410 мың адам — қазақстандықтар. Ұлы Отан соғысының ауыр жылдары бүкіл адамзатқа әсер етті.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?