Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

ЕРТЕҢ ӨТЕР ТӨҢКЕРІС

1503
ЕРТЕҢ ӨТЕР ТӨҢКЕРІС  - e-history.kz
«Үміттің бастамасы». Осы атаумен 1991 жылғы тамыз айында «Казахстанская правда» газеті Ресей Президенті Б.Н. Ельциннің Қазақстанға сапары туралы мақала жариялады

Екі президент те туысқан халықтар арасындағы екі жақты қарым-қатынастың сәтті дамуына үлкен үміт артты. Ал сол кезде Мәскеуде Одақтық шартқа қарсы бағытталған қастандық ойластырылып жатты. Олар бұл жөнінде ештеңе білмеді.  «Казахстанская правда» Президенттердің жоспарлары, жаңа Одақтық шарт туралы, экономикалық реформалардың шарасыздығы мен қажеттілігі туралы айтып береді. 1991 жылдың 16  тамыз күні Ресей Президенті Б.Н. Ельциннің командасы Қазақстанның астанасына келді. Сапарадың мақсаты – Ресей мен Қазақстан арасындағы достық пен ынтымақтастық туралы екі жақты шартты бекіту.  Ақырында олардың саясатына ұласқан және  оның негізіне айналған мінез-құлқындағы адамдардың қажетттілігіне назар аудару мен ашықтық қасиеттері Ресей мен Қазақстан көшбасшыларын біріктіреді. Алайда Қазақстан Президенті – мүлдем басқа жатықтағы көшбасшы болып табылады. Қоғамдық – саяси тұрақтылық, экономикадағы дәйекті және үздіксіз қайта құрулар, экономикалық реформалар негізінде барлық салауатты күштерді шоғырландыру, шешімдер мен іс-әрекеттердің логикасы мен болжап болмайтындығы – осының барлығы Президент Нұрсұлтан Назарбаевты бейнелейді. Ол сол жақты және он жақты шектерді болдырмайтын центризм саясатының жолында жетістікке жетті. Көп адамдар үшін бүгін Пезидент Назарбаев – қиын жағдайда сәйкес келмейтін нәрселерді қалайша сәйкестендіруге болатының  үлгісі – нәтижеге қол жеткізу үшін қоғамда келісімді сақтай отырып күрделі қайта құруларды жүргізу. Осы себептен оның ұстанған бағыты елде және одан тыс жерлерде көптеген жақтастарға ие бола бастады.

 Мемлекет басшылары Қазақстан-Ресей шарттарына қол қою барысында.

Алматы, 1991 жылдың тамыз айы

Екі Президенттерді біріктіретін басты нәрсе: олардың жұмысындағы мақсат, қарапайым адамның иглігі, ал ақырында – қоғамның гүлденуі. Екеуі де – терең экономикалық реформалардың, өз республикаларының шынайы егемендігінің қолдаушылары.  Екеуі де адамдарға шындықты айтады, әдетте жағымсыз, бірақ іс-әрекеттеге итермелейтін.  Екеуі де қоғамдағы болып жатқан істерге өздері жауапкершілікте болуға дайын, бұлар өзінің сөзі мен ісіне жауап беретін адамдар. Және, әрине, екеуі де – іс-әрекет адамы, бұл саяси және басқа пікірталастар кезінде ерекше тартымды қасиет болып табылады.  Елдің саяси өміріндегі баса назар Алматыға қарай ауысқаны  - шындық нәрсе. Халықтың басым көпшілігі өздерінің үлкен өзгерістерге деген үміттерін ол кісілердің есімімен байланыстыруы бүл үміттердің шындыққа айналуының жарқын белгісі. Ал республикааралық шарты бекіту осы үміттердің құжат жүзінде расталуы болып табылады. Келесі қадам – Одақтық шартқа қол қою. Қазақстан мен Ресей мұны алғашқылардың бірі болып жасайды. Алғашқылардың міндеті  сыйлы болғанымен, аса жауапты. Бірақ бұл істердің іске асуы ол саясатты Назарбаев пен Ельцин секілді көшбасшылар бейнелетіндігі арқасында ғана мүмкін болып отыр. Сондықтан бүгінгі алматылық кездесу екі республикалар арасындағы достық жылнамасындағы ғана емес ерекше белгі деп үміттенуге барлық негіз бар.  Ол жаңарған Одақ қалыптасуының  күрделі, көпжоспарлы үдерісінң құрамдас бөлігі ретінде тарихқа енбек. Алматы есіктерін айқару ашуда!

Арман СҮЛЕЙМЕНОВ

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

 

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?