Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бір суреттің тарихы. Николай Панин

789
Бір суреттің тарихы. Николай Панин - e-history.kz
«Бұл атамның бауыры Николай Паниннің фотосуреті – ол жазушы жолын бастаған еді, бірақ соғыстан оралмады», – Елена Шевченко өз хатында былай жазды.

03d6ec157ddccc4f3403fd4af716449a.jpg

Панин Николай Евстафьевич (1924-1943 жж.) әскери қызмет өтіп жатқанда тұтқынға екі рет түсіп, қашып шығады. Тұтқыннан оралып, штрафбатқа жіберілген. Ол 1943 жылы Витебск түбінде қаза тапты.

1941 жылы Николай Евстафьевич 17 жасқа толды. Майданға бару үшін өзінің жасына бір артық жылды қосты. Ол полк мектебіне жіберілді. Мектепті тәмамдап, сержант атағын алды. Кейін мобилизацияланған адамдардан құрылған полкке ауыстырылды. 1941 жылдың қазанында өз ата-анасына хат жолдап, былай деп жазады: «Соғыс төрт айдай уақытында жалғасып жатыр. Қыс басталуда. Кейбір жер аумақтарында неміс артқа шегініп бара жатыр, бірақ бәрібір бұқа сияқты алға ұмтылады. Жауымыз мықты. Ештеңе етпейді, ол Наполеон сияқты қашып кетеді...». 

Келесі хат 1942 жылдың 16 сәуірінде жіберілген. Бұл хат осы мекенжайынан жіберілген: Мәскеу облысы, Савеловск темір жолы, Долгопрудная станциясы, Виноградово ауылы, № 100 пошта жәшігі. Николай хабарлағандай, ол Мәскеу облысының Горки ауылында (Мәскеуден 15-17 шақырым жерде) болды, Мәскеу қаласының шет аймақтарын қорғады. Олар жер үйде тұра беріп, сәкіде ұйықтады, «көрпе және матрас ретінде шинельдерді пайдаланды». 

Екінші хаттан кейін жарты жылдың ішінде Николай хаттарды жаза бермеді. Мүмкін, осы кезде тұтқында болды. 

1943 жылдың 25 қыркүйегінде Горький қаласынан өзінің үшінші және төртінші хаттарын жіберді. 

Келесі хатта Николайдың басынан кешкен оқиғалар баяндалады. Ол әке-шешесін уайымдап жүріп, былай деп жазды: «... Мен азапты өлімнен қаншама рет арашалап алып қалдым, қымбатты әке-шешем, осы кездерде сіздерді есіме алатын болдым. Кейбір адамдар қалағандай, мен қайтыс болған жоқпын. Олар қателесті, ал мен тірі болып қалдым...». Николай Евстафьевич өзінің келесі хатын жазбаған еді.

Осыдан кейін әке-шешесіне қаралы қағаз келді. Қаралы қағазда Николай Панин Витебск түбінде қаза тапты деп жазылған. 

Николай Паниннің есімі Шымкент қаласындағы Абай атындағы саябақ аумағында орналасқан Даңк Аллеясының монументінде ойып жазылған. 

«Бір суреттің тарихы» фотожобасына қатысыңыз, біз сіздің оқиғаңызды жарыққа шығарамыз.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?