Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

ҚР Ұлттық музейі Наурыз мейрамын тойлай бастады

1448
ҚР Ұлттық музейі Наурыз мейрамын тойлай бастады - e-history.kz
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 2015 жылғы 16 наурызда сағат 15.00-де «Наурыз — береке бастауы» атты дөңгелек үстел өтеді.

Шара шеңберінде «Қауышу» рәсімі жасалып, қонақтарға арнайы музейге экскурсия ұйымдастырылады. Дөңгелек үстелге Парламент Мәжілісінің депутаттары — Зухра Саяпова, Мейрам Бегентаев, Мұрат Ахмадиев, Розақұл Халмұрадов, сондай-ақ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Мәдениет және өнер істері комитетінің төрайымы Ақтоты Райымқұлова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Серік Негимов, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаев сынды белгілі азаматтар қатысады. Дөңгелек үстел соңында қатысушылар үндеу жариялайды. Сол арқылы «Біз біргеміз! Мы вместе!» акциясын қолға алып, мейрам күндері көршілерді, әріптестерді мерекелік дастарханға шақырып, төл мәдениетіміз бен дәстүрімізді насихаттауды ұсынады.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?