Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Астанада суретшілердің халықаралық байқауы өткізіледі

1439
Астанада суретшілердің халықаралық байқауы өткізіледі - e-history.kz
2015 жылдың 22 сәуіріне дейін Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпитальде «Жеңістің қайраты – болашақтың қуаты» суретшілердің III Халықаралық байқауы өткізіледі.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын тойлау қарсаңында және ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесімен ұштастырылған шаралар аясында, Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпитальде «Жеңістің қайраты — болашақтың қуаты» суретшілердің III Халықаралық байқауы өткізіледі.

2015 жылғы 22 сәуір күні сағат 15.00-те госпитальде (Астана қаласы, Бөкейхан көшесі, 28 үй мекен-жайында) байқаудың нәтижелері шығарылады. Салтанатты шара соғыс ардагерлері, Президент Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдері және Парламент депутаттары, шетел мемлекеттерінің елшілері, республикалық қоғамдық ұйымдар, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Қорғаныс министрлігі өкілдерінің қатысуымен өтеді.

Байқау жұмыстары келесі талаптарға сәйкес қабылданады: 

1. Суреттер өте жоғары көркем деңгейде орындалуы тиіс. 

2. Бір автордың 1-2 суретті ұсынуына болады. 

3. Суреттер бір орталықта, яғни Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпитальде, қабылданады, мекен-жайы: Астана қаласы, Бөкейхан көшесі, 28 үй. 

4. Суреттің сырт жағына автордың толық аты-жөні, суреттің атауы, мекен-жайы, байланыс телефондары, оқу немесе жұмыс орны, қызметі толық жазылуы тиіс. 

5. Суреттердің сюжеті әскери-патриоттық тақырып, ұрпақтар байланысын бейнелеу, сондай-ақ ЭКСПО — 2017 көрмесі аясындағы Қазақстанның қазіргі жетістіктері бағытында болуы тиіс. 

 6. Суреттер 2015 жылғы 1 сәуірге дейін толығымен дайын болуы керек. Танымал кәсіби суретшілер мен қоғам өкілдерінен құралған конкурстық комиссияның алдын ала отырысы — 2015 жылғы 10 сәуір күні өткізіледі.

Марапаттау реті: Бас жүлде — 1(біреу) — 50 000 теңге, 1 орын — 1 (біреу) — 35 000 теңге, 2 орын (екеу) — 25 000 теңгеден, 3 орын — 3 (үшеу) — 15 000 теңгеден. Он авторға дейін 5 000 — 10 000 теңге ынталандыру сыйлығын алады. Сондай-ақ, жеңімпаздар грамоталармен, ал барлық қатысушылар — сертификаттармен, тағы да басқа бағалы сыйлықтармен марапатталады. Байқау қорытындысы бойынша осы көрменің түрлі түсті буклеті шығарылады, буклетті әрбір қатысушы сыйға алады.

Байқау аяқталғаннан кейін барлық суреттер Астана қаласындағы Отан соғысы мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпитальдің иелігіне беріледі.

Ұйымдастырушылар: Астана қаласындағы Отан соғысы мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь және Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ.

Бейнесуреттерді дайындау бойынша жалпы үйлестіру жұмыстарын Астана қаласындағы Отан соғысы мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь директоры — Абдулин Әділхан Әмірбекұлы жүргізеді (8-702-409-00-69), aaabdulin@mail. ru, art_competition@mail. ru.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?