Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Ажар – тарихтың көркем келбеттері» атты бейнелеу өнер көрмесі ашылады

2256
 «Ажар – тарихтың көркем келбеттері» атты  бейнелеу өнер көрмесі ашылады - e-history.kz
«Астана» ұлттық сурет галереясында 2015 жылы 3 наурызда «Ажар – тарихтың көркем келбеттері» атты бейнелеу өнер көрмесі ашылады.

Галерея Халықаралық әйелдер күніне арналған көрмені Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығымен бірге өткізеді. Тарихи кенеп бетінен асқан сұлу әйел жүздерін анықтап қарауға және «Ажар —  тарихтың көркем келбеттері» атты көрменің туындылары арқасында, бірегей қазақстандық суретшілері шығармашылығының сан қырлылығын көруге мүмкіндік туды. 

Көрменің құрылуына «Астана» ұлттық сурет галереясындағы кескіндеме туындыларының жиынтығы негіз болды. Кәсіби суретшілермен қатар, кескіндеме жазу дағдысын кәсіби меңгерген әйелдер де туынды авторлары болып табылады. 

Көрме экспозициясы бірінші кәсіби әйел қазақ — суретшісі Айша Ғалымбаеваның шығармашылығынан басталып, Қазақстанның қазіргі заман өнер өкілдеріне дейінгі кезеңді қамтиды. Сонымен қатар, көрме экспозициясы Ресей, Украина, Молдавия және Латвия бейнелеу өнері шеберлерінің дәстүрлерін ашып көрсетеді. 

Бір ғана көрмелік кеңістікте ұсынылған туындыларда әйелдердің қаншалықты сан алуан және өзінше дара екендігіне көз жеткізуге болады. Суретшілер әйелдердің суретін салғанда өздеріне тән әдептілік сезіммен, ерекше нәзіктілікпен, түстерінің айқын жарқындығымен әйелдер өміріндегі маңызды, ең басты оқиғаны қозғайды. Өздігінше терең, әрі кең әйел бейнесінің ықпалы соншалықты, мәдени құндылықтардың қалыптасып қызмет етуіне қабілетті. Өйткені көркем жүзінде уақыт пен дәстүр сақталып қалған. 

Вернисаж «Астана Опера» симфониялық оркестрінің дайындаған музыкалық перфомансымен басталады, көркемдік жетекшісі ҚР еңбегі сіңген қайраткері Абзал Мұхитдинов. Шараның мәртебелі қонағы қатарында дипломатиялық корпус, бизнес құрылымдарының өкілдері, республикалық БАҚ, қоғамдық және саяси тұлғалар, өнер, білім, мәдениет саласының қайраткерлері, сондай-ақ Галерея серіктестері шақырылып отыр.

Барлық қызықтыратын сұрақтарға (7172) 44-32-85 телефонына хабарласуға немесе astana.nag@gmail.com электронды поштасы арқылы жазылуға болады.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?