Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Нұралы ханға сый-сияпат беру жайлы Сенат қаулысы

1864
Нұралы ханға сый-сияпат беру жайлы Сенат қаулысы - e-history.kz
Нұралы хан 1748–1786 жылдары билік құрған. Әбілқайыр хан өлген соң, 1748 жылы Кіші жүздегі хандық таққа оның ұлы әрі мұрагері Нұралы отырғаны жайлы жазған болатынбыз.

1749 жылдың 17 мамырында Ресей Сенаты Нұралы ханға сыйға қылыш, бұлғын ішік пен қара түлкі терісінен жасалған бас киімді сыйға тарту жайлы Қаулы қабылдады. Екі беттен тұратын Қаулыда Нұралы ханға тарту етілер сыйлықтардың бағасы нақты жазылып 1989 рубль 78 копеек деп көрсетілген.

Нұралы хан өмірінің соңғы жылдарында да Патша үкіметінің қарауында болған, 1785 жылы Орынборға шақыртып алып, оған қызметкерімен бірге тұруға Уфадан жарамды үй бөлдіріп, күнкөріс үшін жылына 5 мың сом қаржы тағайындалған екен. 

1790 жылы көктемде осы қалада дүние салады. 1790 жылы күзде қазақтар Есім сұлтанның ұлы Сәмекені хандыққа ұсынады, бірақ патша әкімшілігі бұл ұсынысты қабылдамайды. 1792 жылы Патша үкіметі Нұралы ханның інісі Ералыны хандыққа бекітіп, Ералы хан тағына отырады.

bfdf9f7b7f904677cf071627236a8412.jpg


Олжас БЕРКІНБАЕВ

«Қазақстан тарихы» Интернет жобасы мақаланы әзірлеу барысында мұрағат құжаттарымен қамтамасыз еткен, Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатына Алғыс білдіреді.
Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?