Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Томирис — сақ патшайымы» атты спектакльдің тұсаукесері өтеді

2893
«Томирис — сақ патшайымы» атты спектакльдің тұсаукесері өтеді - e-history.kz
27 ақпанда Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау аясында М. Горький атындағы орыс драма театрында Б.Жандарбекованың пьесасы бойынша «Томирис — сақ патшайымы» атты спектакльдің тұсаукесері өтеді.

19 ақпан күні, М.Горький атындағы орыс драма театрында баспасөз конференциясы өтеді.

«Спектакль-толғау, батыл сақ әйелінің мойнына түскен соғыстың ауырпалығы туралы толғау. Халықтың тағдыры, бірлік үшін қажырлы күрестің жылдары оны шыңдады. Және Томиристің жас әйелден ұлы патшайымға дейін өзгерісі басталғанға дейін кезең қамтылды. Бұл қазіргі қазақ халқының бейнесі болып табылады. Ол сыртқы мен ішкі қауіптерге қарсы тұрып, өмір бойы қуып жеткен бірлікті сақтай алған. Ол тарихта қалған», — деп атап өтілген алдағы шараның баспасөз релизінде.

Конференцияға театрдың директоры Еркін Қасенов, тарих ғылымдардың докторы Зиябек Қабылдинов, спектакльдің қоюшы режиссері Гүльсина Мерғалиева, суретші-сценограф Қанат Мақсұтов, театрдың бас режиссері Бекболат Парманов, Томирис рөлін сомдайтын актриса Анастасия Воронцова, сондай-ақ ҚР Халық әртісі, Крез рөлі орындайтын актер Сергей Матвеев, Кир рөлін сомдайтын Роман Чехонадский қатысады.

Сондай-ақ, М.Горький атындағы орыс драма театрында Алматы облысы күндерінің мәдени бағадарламасы аясында Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арнап Т. Әліпбайдың «Томирис» спектаклін астаналықтарға тарту етті.

Енді аталмыш театр қараша айының 16 жұлдызында 37 театр маусымын Т. Әліпбайдың «Томирис» тарихи дастанымен ашуды көздеп отыр. Бүкіл Жетісу жұртын 16 қараша күні сағат 18.30 — да Б.Римова атындағы драма театрының 37 театр маусымының ашылуына қатысып, «Томирис» спектаклінің премьерасын тамашалауға шақырады.


Бүгін Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрында Жамбыл облыстық қазақ драма театры ұсынған Ш.Мұртазаның «Домалақ Ана» спектаклі көрсетіледі. Сонымен қатар, мәдениет күндері аясында М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының сахнасында И.Вовнянконың «Тұран кентаврлары» спектаклі көпшілік назарына ұсынылады. Жамбыл облыстық орыс драма театры спектаклінің желісінде ерте замандағы сақ тайпасының патшайымы Томирис пен Кир патшаның арасындағы соғыс туралы айтылады.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?