Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Мемлекеттеліктің даңғыл жолы

1219
Мемлекеттеліктің даңғыл жолы  - e-history.kz
e-history.kz веб-порталы және «Қазақстан – 2050» жалпыұлттық қозғалысы мемлекеттілігіміздің қалыптасуының барлық негізгі дәуірлері қамтылған инфографиканы назарларыңызға ұсынады.

2015 жылы Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі – қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдық мерейтойы аталып өтіледі. Өткен жылдың қазанында Астана қаласының активімен кездесу барысында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Керей мен Жәнібек алғашқы хандықты 1465 жылы құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім, ол бүгінгі әлемге танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі басқа барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы - сол кезде оған негіз қаланды, біз – бабаларымыздың ұлы істерін жалғастырушылармыз. Бүгінде еліміз барлық таяу мемлекеттермен көпғасырлық достық және тату көршілестік дәстүрлерін сақтап отыр. Осы қарым-қатынасты әрдайым сақтағанымыз жөн» деп айтқан болатын. 

Бәріміз білетіндей, 1465 жылы Керей мен Жәнібек сұлтандары Шу, Талас өзендерінің жағалауында алғашқы қазақ мемлекетті – Қазақ хандығының негізін салған. Қазақ хандығы құрылу уақытынан кейін тәуелсіз Қазақстан Республикасының қазіргі даму кезеңіне дейінгі тарихи оқиғалардың әлеуметтік пен мәдени құндылығы зор болады. 

Мемлекетіміздің тарихы қазақ даласындағы көрнекті тұлғалардың өмірі мен қызметіне арналған көптеген тараулардан тұрады. Керей, Жәнібек, Хақназар, Тәуке, Абылай, Әбілқайыр, Кенесары, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы... Әртүрлі тарихи кезеңдерде олардың барлығы қазіргі Қазақстанның қалыптасуына өздерінің қомақты үлестерін қосқан. Олар бір тізбектегі – ғасырлар бойы жалғасқан және жер аумағының кеңеюін, билік институтының дамуын, мәдени-тілдік дәстүрлердің қалыптасуын өзіне қосқан қазақ мемлекекттілігінің қалыптасу үдерісіндегі элементтерді бір-бірімен қатынастыратын буындар болған. 

Қазіргі Қазақстанның тәуелсіздігін қадірлей білу, түсіну үшін оның тарихының әр парағын үңіле зерттеу маңызды болады. Тек осылай ғана жас ұрпақ еліміз – туған дала мен бүкіл халықтың жарқын болашағы үшін басқыншылармен қанды соғыстардың нәтижесі деп түсінеді. 

Осыған орай «Қазақстан тарихы» веб-порталы «Қазақстан –2050» жалпыұлттық қозғалысының активисттер тобымен бірлесіп, «Мемлекеттеліктің даңғыл жолы » арнайы жобасын – инфографика түрінде қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу мен даму тарихын жүзеге асырады. Бұл сериядағы алғашқы инфографика Қазақ хандығының құрылуы тарихының бастаулары жайлы баяндайды.

a28d7c1a9427d7ba3968a7e5eb05a68e.jpg

Қазақ хандығының құрылуы жайлы жоба аясында жарық көрген бірінші инфографика.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?