Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Қазақстан: ежелгі мәдениеттер тоғысы» атты дөңгелек үстел өтеді

1528
«Қазақстан: ежелгі мәдениеттер тоғысы»  атты дөңгелек үстел өтеді - e-history.kz
ҚР Ұлттық музейінде 13, ақпанын күні, сағат 11.00-де көрнекті қоғам қайраткері, ақын және дипломат Олжас Сүлейменовтің қатысуымен «Қазақстан: ежелгі мәдениеттер тоғысы» атты дөңгелек үстел өтеді.

Кездесу Қазақстанның бастамасымен БҰҰ жариялаған Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығы (2013–2022 жылдар) және ЮНЕСКО-ның Іс-қимыл-жоспары аясында «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» жаһандық жобасын жүзеге асыру жөніндегі аралық қорытындыларды шығаруға және келешегін талқылауға арналады.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұсынысымен БҰҰ жариялаған «Онжылдық» сәтті өткен Мәдениеттерді жақындастыру жылының ауқымды жалғасы іспеттес болды.

«Қазақстан: ежелгі мәдениеттер тоғысы» атты дөңгелек үстелдің негізгі тақырыптары келесідей болмақ:
— адамзаттың жер планетасына орналасу үдерісі мен тарихы;
— субконтинет территориясын алғаш игеруге келген халықтар мен тайпалардың географиялық шығу тегі;
— өркениеттер мен мәдениеттер және діндер арасындағы сұхбаттың нығайуы.

«Халықтардың ұлы қоныс аударуы» жобасы — біздің тарихымызға дейінгі дәуірден және ежелгі тарихымыздан бастап бірнеше кезеңде жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаты — барлық халықтардың ортақ «бесіктен» шыққанын және аумақтарға қоныстануын көрсету.

«Қазақстан: ежелгі мәдениеттер тоғысы» аттыдөңгелек үстел жұмысына ҚР Мәдениет және спорт министрі, ЮНЕСКО ісі жөніндегі Ұлттық комиссияның төрағасы Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысады. Сонымен бірге, дөңгелек үстелге қатысушылардың қатарында ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Карл Байпақов, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов, ҚР Ұлттық мұрағатының бас директроры Марат Әбсеметов, Халықаралық Түркі академиясы Тіл, әдебиет және терминология орталығының жетекшісі, ф.ғ.д., профессор Әділ Ахметов, Кемел Ақышев атындағы археология ғылыми-зерттеу институтының директоры Марал Хабдулина, ҚР ҰҒА академиктері Болат Көмеков, Ғарифолла Есім, Шығыстану институтының директоры Әбсаттар Дербісәлі, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің ректоры Уәлихан Әбдібеков, ҚР Президенті Кеңсесі басшысының орынбасары Асқар Молдағаринов, ҚР Мәжіліс депутаты, п.ғ.д., профессор Қамал Бұрханов, «Культура» қорының вице-президенті Валерий Толмачев, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО-ның кластерлік бюросының директоры, ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Тәжікстандағы өкілі Сергей Лазарев, «Азаматтық альянс» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрлан Ерімбетов сынды елімізге белгілі ғалымдар мен мемлекет және қоғам қайраткерлері болады деп күтілуде.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?