Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Көне ғимараттар. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің ғимараты

2823
 Көне ғимараттар. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің ғимараты - e-history.kz
Орал қаласындағы Батыс Қазақстан облысының әкімдігінің үйінде бір кездері, іргетасы 1904 жылы салынған Орыс сауда-өнеркәсіптік Орыс банкі орналасқан.

XIX ғасырдағы сәулет ескерткіші өзінің бұрынғы орнында әлі күнге дейін тұр, бірақ қазіргі кезде ол орналасқан алаң Түркістан деп емес, ұлы ойшыл Абай Құнанбаев есімімен аталады.

Төңкеріске дейін осы үш қабатты үйде, Орыс сауда-өнеркәсіптік банкі орналасқан екен. Бірінші қабатта —жертөле болса, екінші қабат — тротуармен деңгейлесе отырып, дүкендерге арналған, үшінші қабатта — банк және биржа болған екен. Кіре берістің сол жағында — нотариалдық кеңсе, оң жағында — дүкен орналасқан.

Кіре берістің алдында ұстындардың арасында көтеріңкі бейнеленген арыстандардың фигуралары бар. Оң жақта Орал казак әскерінің елтаңбасына таянып тұрған арыстан сомдалса, ал ол сол жағымен Орал облысының елтаңбасына сүйеніп тұрады. Ғимарат ренессанс үлгісінде тас пен темірден, салынып, беткі маңдайы ақ кірпішпен қапталған.

2f6e875b78bfab10a61b96244ab9ecfd.jpg

Ғимараттың жобасын сол замандағы танымал архитертор, А. Бунькин жасаған. Бізге жеткен, мұрағатта сақталған мәліметтер бойынша, ғимаратқа қақталған безендіру көрінісерін П. И. Лаптишкин берген, ал құрылыстың жалпы жұмыстарын Мәскеу қаласынан әдейі шақырылған, сол замандағы әйгілі темір жол құрылысшысы Н. Д. Раевский басқарған.

0f9f26b5d1ee2df05bb3c321cb707256.jpg

Банк ғимараты (оның периметрі бойынша) декоративтік ордың дуалымен қамтылған. Үй алды (фасад) бай мәнерлеп жабыстырылған, түсті пластикалары бар балкон шарбағымен, әдемі көрінген және сонысымен ерекшеленгілген. 

Ғимараттың басты ерекшелігі — алға жылжыған портал. Ол мүсіндері бар ұстындармен безендірілген. Қала тұрғындары заманында коммерциялық банкті «ақ банк» деп атаса керек.

Банк ғимаратында Компанейцтің дәріханасы, көпес Р. Функтің дүкені, Грязнов шаштаразы, коммерциялық шайхана, мейрамхана, биржалық зал, банк басқарушысының пәтері орналасқан екен.
b3f4fe1dd28f032da8a12cfb1a6f5be9.jpg

1917 жылғы төңкерістен кейін, коммерциялық банктің ғимаратында қалалық және облыстық Жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері орналасқан.

1919 жылы ғимаратта РКП(б) және қалалық комсомол губкомы орналасқан. Көптеген жылдар бойы мұнда Орал облысының Еңбекші депутаттар кеңесі жұмыс істеп тұрған.

Қазіргі күні көнеден жеткен бұл тарихи ғимаратта Батыс Қазақстан облысының әкімдігі орналасқан.

Мақала Uralsk.info порталымен бірлесе дайындалды.

Тарихи, мәдени, архитектуралық ескірткіштер болып саналатын ғимараттар жайлы мақалаларыңыз болса фотосуреттерімен қосып kaz.ehistory@gmail.com электронды адресіне жіберсеңіздер болады.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?