«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Президент өмірінен қызықты деректер

2754
Президент өмірінен қызықты деректер

Бүгін Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жалпы халықтық сайлау арқылы билікке келгеніне тура бір жыл толды. Осы орайда оқырманға Қасым-Жомарт Тоқаевтың өмірі мен қызметіне байланысты қызықты деректерді ұсынамыз.  

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Әкесі Кемел Тоқаев Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі жазушы болған. Ол негізінен детектив жанрындағы шығармалар жазған. Қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізігі қалаушы қаламгер. Анасы Тұрар Шабарбаева Алматы қаласындағы шет тілдер педагогикалық институтында қызмет атқарған.

Қасым-Жомарт Кемелұлы 22 жасынан бастап дипломатия саласында еңбек ете бастаған. 1975 жылы бесінші курс оқып жүргенде КСРО-ның Қытайдағы Елшілігіне диплом алдындағы жартыжылдық тәжірибеге жіберілді.

Мемлекет басшысы 1994 – 1999 жылдар және 2002 – 2007 жылдар аралығында он жыл Қазақстанның сыртқы істер министрі қызметін атқарды. 1999-2002 жылдар арасында үкіметті басқарды. Ол 2011-2013 жылдары БҰҰ бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің бас директоры, сондай-ақ Қарусыздандыру жөніндегі конференцияның бас хатшысы болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілін қосып есептегенде ағылшын, орыс, қытай, француз қатарлы тілдерді еркін меңгерген. Жоғарыдағы шет тілдерінде еркін сөйлейтін полиглот.

Танымал жазушы Кемел Тоқаевтың жолын қуған Қасым-Жомарт Кемелұлының да қаламгерлік қабілеті ерекше. Президент Халықаралық қатынастар мәселелері бойынша тоғыз кітап пен көптеген мақалалардың авторы, саяси ғылымдар докторы. Оның «Беласу» дипломатиялық очерктер жинағы оқырмандарға және дипломатиялық сала мамандарына жақсы таныс.

Тоқаев еліміз тәкелсіздігінен бергі ең маңызды шешімдердің бірі болып саналатын ядролық қаруды таратпау ісіне белсене атсалысқан. Ядролық қаруды таратпау шартының 1995 және 2005 жылдардағы шолу конференцияларына қатысқан.

Президент салауатты өмір салтын берік ұстанады. Мектеп кезінде үстел теннисінен Советтер Одағының спорт шеберіне кандидат атанған. Оқушы кезінен пинг-понг ойнағанды ұнатты. Қазақстанның үстел теннисі Федерациясын 13 жыл бойы басқарды.   

Мемлекет басшысы әлеуметтік желілердің белсенді пайдаланушысы. Әсіресе Twitter және Instagram желілерін тұрақты пайдаланады. Мемлекетке қатысты маңызды ақпараттар, ресми тағайындаулар, тапсырмалалар әлеуметтік желілер арқылы да тарап отырады.

 


Автор: Аян Аден