Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Тарихшылар немен күн көреді: Ғылыми қызметкер

1788
Тарихшылар немен күн көреді: Ғылыми қызметкер - e-history.kz

 

- Мектепте оқып жүргенде гуманитарлық пәндерге, оның ішінде тарих саласына қызығушылығым ерекше болды. Осы қызығушылық мені тарихшы болуға жетеледі.

- Менің жұмысымның ерекшелігі – ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысу. Жұмысымдағы негізгі бағыт ұлттық тарихтың негізгі қатпарларын зерттеуге арналғандықтан, ғылыми қызметкерлерге де қойылатын негізгі талап осыған саяды.

- Тарих мамандығын бітіріп шығу қиын емес, бірақ тарихшы болу қиын. Өзін тарихшы санайтын әрбір адамның алдында тұратын міндеттер: ғылым теориясы мен методологиясын, ғылым философиясын меңгеруі тиіс; Өзін тарихшы санайтын әрбір адам қолжазбалармен, мұрағат құжаттарымен жұмыс жасай алуы керек. Бұларды білмеген адам тарихшы емес. Сондай-ақ тарих ғылымы жемісін баяу береді. Төзімділікті қажет етеді.

- 80 мың теңге. Елімізде басқа сала қызметкерлерінің, әсіресе сот, прокурор, ішкі істер органдары қызметкерлерінің жалақысы еселеп өсіп жатқанын жақсы білеміз. Алайда, тарихшылардың жалақысы сол баяғы 50-60 мыңнан сәл-ақ асады. Қазіргідей қымбатшылық алқымнан алып тұрған заманда бұл ақша ешкімнің де жұмырына жұқ болмасы анық. Бір сөзбен айтқанда ғылыми қызметкерлер қауымының жағдайы оңалмай, білім саласы жақсармайтынын естен шығармаған абзал.

- Қара жұмысқа салынып, жалақыны күтумен бе, әлде ақылмен жұмыс жасап, күнделікті табысыңызды өзіңіз қалағанша тапқанды ма? Мен дәл осы сұрақты өз-өзіме бірнеше ай бұрын қойғанмын. Сол кезден бастап, екінші жолды, яғни ақылмен жұмыс жасап, табыс табуды шештім. Негізі ғылыми қызметкер үшін табыс табу көздері көп болғанымен, бәрі айналып келгенде жалақыға тіреледі. Бұл қолбайлаудан құтылу үшін, мен қосымша ғылыммен айналысуды ұйғардым. Табыс көзім ретінде ғылыми жобалар жазып соны сатып немесе біреуге тапсырыс бойынша жазып беремін. Одан түсетін табыс көзі артылып жатпасада қосымша қаржылық шығындарды өтеуге жетеді.

- Шығын шықпай кіріс кірмейді - демекші күнделікті тұрмыстық шығындардан басқа жұмыс бабымен кететін шығындар тағы бар, нақты айтқанда ғылыми еңбекпен шұғылданғаннан кейін көп іздену керек, көріп білу керек, үйрену керек ал оның барлығы айналып келгенде қаржыға тіреледі. Дәлірек шығынның сумасына келсек ай сайын 50 мың кетеді кем дегенде, кейде көлемді шығынға ұшырайтын кездерде болады, әрине оның арты өзіндік өтімі пайдасы да бар.

Тарихшылар немен күн көреді: Тарихшы-мұғалім

Тарихшылар немен күн көреді: Тарихшы - PHD

Жалғасы бар...

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

 

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?