Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Әл-Фараби

2478
Әл-Фараби  - e-history.kz
Ортағасырлардағы мұсылмандық Шығыстағы ғалымдардың арасындағы басты тұлғалардың бірі, ұлы ғалым-энциклопедист, философ, астроном, математик және медик – Әбу Насыр әл-Фараби болып табылады.

 Әбу Насыр әл-Фараби – Сыр өңіріндегі ірі ортағасырлық қала Фарабтан  (кейіннен Отырар) шыққан. Осы бірегей тұлғаның қызғушылықтары сол уақытта  таралған ғылым мен мәдениеттің барлық белгілі салалары –астрономия, логика, музыка теориясы, математика, әлеуметтану және этика, медицина және психология, философия мен құқық, өнер және әдебиет, поэзия және музыканы дерлік қамтыды. Әл-Фараби «Муаллим ассана» - «Екінші ұстаз» атымен таныс. «Екінші», себебі «Бірінші» деп мың жыл бұрын ғұмыр кешкен Аристотельді атаған. Оны Шығыста «Бірінші» деп санаған. Ұлы ғалым әл-Фарабидің қолжазба мұралары әлемнің көптеген кітапханалары мен мұрағаттарына таралған. Көптеген ғалымдар оны іздеумен және зерттеумен айналысуда.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?