Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

І.Есенберлиннің 100 жылдығына арналған еңбек жарық көрді

2172
І.Есенберлиннің 100 жылдығына арналған еңбек жарық көрді - e-history.kz
Жақында ғана І.Есенберлиннің өмірі мен қызметіне арналған жаңа еңбек жарық көрді. Ұлы ғалымның 100 жылдығына арналған кітап жазушының туған жылынан бастап,өмірінің соңына дейінгі аралықты қамтып отыр.

Ғылыми танымдық тұрғыдан жазылған бұл шығармада Алматы мемлекеттік және Атбасар қаласындағы әдеби мұражайларда, ұлттық мұрағатта сақталған қолжазбалар мен басқа да деректер негізінде І.Есенберлиннің өмірлік көзқарастарының қалыптасуы, оған әсер еткен жағдайлар мен тарихи шығармалардың жазылу себептері қарастырылған. 

Автордың басты мақсаты қазақтың әйгілі жазушысы Ілияс Есенберлиннің өмірлік жолы арқылы патриотизм үлгісін көрсету болды. 

Кітаптың авторы — Амангелді Қашқымбаев т.ғ.к., доцент, Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары ал жалпы редакциясын тарих ғылымдарының докторы, профессор Б.Ғ. Аяған басқарды. І. Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығын қамтыған бұл еңбек «Ұлы Дала тұлғалары» сериясымен шығып отыр. 

Кітап 5 тараудан тұрады, оның біріншісінде жазушының жастық шақ жылдары, өскен ортасы жайында айтылды, ал үшіншісінде — Ілияс Есенберлин шығармаларындағы тарих және тарихи сабақтастық көрсетілді. Ілияс Есенберлиннің өмірбаяны негізінен оның інісі Раунақ Есенберлиннің естеліктері негізінде берілген.

А. Қашқымбаевтың еңбегі тарихи-танымдық тұрғыда жазылған еңбек. Мемлекеттік мұрағаттар мен музейлерден, соның ішінде Алматы, Жезқазған, Қызылорда, Атбасар қаласындағы І.Есенберлин атындағы музейлерден табылған құжаттарды жазушымен замандас болған белгілі қаламгерлер естеліктерімен салыстыра отыра, Есенберлиннің терең философиясын оның романдары мен поэмаларында кездесетін ұшқыр ойларымен жандандыру идеясының көрініс табуы да еңбекке пікір жазған ғалымдардың қолдауын тауып отыр. 

Кітаптың электронды нұсқасы сілтемеде: http://e-history.kz/kz/books/library/view/1316#scontent

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?