Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Терең тарихтан жарқын болашаққа» атты байқаудың қорытындысы шығарылды

2675
«Терең тарихтан жарқын болашаққа» атты байқаудың қорытындысы шығарылды  - e-history.kz
«Астана» Ұлттық сурет галереясында «Қазконтент» АҚ «Қазақстан тарихы» веб-порталының қолдауымен, ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Терең тарихтан жарқын болашаққа» атты байқау өтті.

Бүгін «Астана» Ұлттық сурет галереясында «Қазконтент» АҚ «Қазақстан тарихы» веб-порталының қолдауымен, галереяның шығармашылық студияларының арасында «Терең тарихтан жарқын болашаққа» атты байқау өтті. Байқауға 120 бала қатысты, шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған. Балалар мерекесіне «Қазконтент» АҚ, «Жастар театры» МҚКК, «Баян Сұлу» АҚ демеушілер ретінде қатысты.

Астана қаласында орналасқан галереяның шығармашылық студияларына үш айдай уақыттың ішінде келетін балалар арасында «Терең тарихтан жарқын болашаққа» атты байқау жас бүлдіршіндерге мен кішкентай әртістерге арналған ең алғашқы осындай ірі шара болып табылады. Бірақ осы бір қысқа мерзімге қарамастан, балалар өз дарындылығын толығымен көрсетіп, көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады. 

60586380c843dacd81deb826787c66c1.jpg

Шараның бағдарламасында  балалар суретінің тақырыптық байқауы өтіп, ән мен би нөмерлері, «Аттракцион» театр студиясының ойын бағдарламасы да болды, өлеңдер оқылды.5ea717c99842f32be0e74d2de1cf0856.jpg

 Қазылар алқасының алдында күрделі тапсырма болды — жеңімпазды таңдау.

a7e122bba1504ab7e80bbbdd068a244f.jpg

«Біздің барлық балаларымыз өте дарынды, осы байқауға дайындалып жүрді, сондықтан олардың ішінен үздігін таңдау қиын», — деп атап айтты «Астана» ұлттық сурет галереясының визуалды өнер бөлімінің жетекшісі Гүлмира Сұлтанбекова. 

0b11183b9f2d1942926972b041583067.jpg

Жеңімпазды қалай анықтауға болатынын жұмбақтар байқауын өткізген театр студиясының мүшелері түсіндірді: «Біз мұнда барлығымыз доспыз, сондықтан бір-бірімізге қарап, жымиып, күліп, ду қол шапалақтап қояйық!».

Байқаудың нәтижесі бойынша оның әр қатысушысы грамотамен және есте қаларлық сыйлықпен марапатталды. Ең тапқыр балалар ойын-сауық бағдарламаның жұмбақтарын дұрыс шешіп, «тәтті» сыйлықты алды.

577a13fb21a9b8e33a94e238671e9101.jpg

«Терең тарихтан жарқын болашаққа» атты байқау e-history.kz веб-порталымен ұйымдастырылған екінші осындай шара болып табылады. «Терең тарихтан жарқын болашаққа» ұраны (слоганы) ұлттық тарихқа балалардың қызығушылығын оятып, сүйіспеншілігін арттыру мақсатына бағытталған. Осындай ігі шаралар портралдың бұлжымас дәстүріне айналып кететініне сенімдіміз.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?