Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Астанада «Терең тарихтан жарқын болашаққа» байқауы өтеді

1019
Астанада «Терең тарихтан жарқын болашаққа» байқауы өтеді - e-history.kz
«Астана» Ұлттық сурет галереясында 11 желтоқсанда галереяның шығармашылық студияларының арасында «Терең тарихтан жарқын болашаққа» атты байқау өтеді.

2014 жылдың 1 қазанынан бастап «Астана» Ұлттық сурет галереясында келесі жанрлар бойынша шығармашылық студиялар өз жұмысын бастады: актерлік шеберлік, хореография, сәндік-қолданбалы өнер, бейнелеу өнері. Студиялардағы сабақтар тегін жүргізіледі. Оқушылардың көбі — аз қамсыздандырылған отбасылардан шыққан және «Дара» қайырымдылық қорынан мүмкіндігі шектеулі балалар.

11 желтоқсанда сағат 15.00-де «Астана» Ұлттық сурет галереясында шығармашылық студияларға келетін балалар арасында «Терең тарихтан жарқын болашаққа» атты байқау (ойын-сауық бағдарлама) өтеді. ҚР Тәуелсіздік күніне орай өткізілетін концертті галерея мен e-history.kz веб-порталы ұйымдастырады.

Шара өскелең ұрпақтың ұлттық тарихқа қызығушылығын арттыру мәселесіне мен балаларда олардың шығармашылығы арқылы өз ішкі дүниесін ашып, дарындылығын дамытуға бағытталады.

Концерт нағыз шоу бағдарламасына айналып кетуі мүмкін. Бағдарламада жас суретшілердің жұмыстары, би мен ән композициялары, театр қойылымдары, өлеңдер, байқаулар да болады.

Барлық қатысамын деушілерді мен балалар шығармашылығын бей-жай қарамайтындарды ойын-сауық бағдарламамызға шақырамыз!

Қатысушыларға сыйлықтарды «Қазконтент» АҚ, «Жастар театры» МҚКК, «Баян Сұлу» АҚ ұсынады.

БАҚ аккредитациясының мәселелері бойынша:
e-history.kz веб-порталының редакциясы:
kaz.ehistory@gmail. com
+7 (7172) 798206 (114)
+7 (7172) 798206 (111)

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?