Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Көне ғимараттар. Көкшетау қаласының тарихы музейі

3529
Көне ғимараттар. Көкшетау қаласының тарихы музейі - e-history.kz
Көкшетауда төңкеріске дейінгі кезеңде бір отбасылық, жақсы жабдықталған бай үйлер мен ең арзан шикізаттан салынған ағаш үйлер көптеп кездеседі. Өкінішке орай, ағаш үйлер – нашар салынған.

Біздің уақытымызға дейін жеткен осындай үйлердің саны аз емес. Мысалы, қаланың бұрын жақсы дамыған бөлігіндегі Тарих музейі. Осы жақтан қаланың құрылуы басталды. Тарих музейінің үйі — XIX ғасырдың соңындағы қалалық үлгідегі үйлер сияқты салынған, қазіргі кезеңге дейін сақталып қалған шаруашылық құрылыстарымен (жазғы ас үйі, моншасы, өжіресі, шағын бағы бар), көптеген тарихи дәуірлерді «басынан кешкен», XIX ғасырдың соңы — XX ғасырдың басындағы жергілікті ағаш сәулеттің ескерткіші болып табылатын ғимарат. 

Ол республикалық маңызы бар ескерткіш. 1889 жылы Түрме көшесінде (қазіргі Қанай би көшесі) орналасқан бұл үйде әскери топтың басшысы Владимир Яковлевич Куйбышев мекендеген, ол Омбыдан Көкшетау қаласына әскери қызмет атқару үшін келген. Музей орналасқан ағаш үйде 1889-1905 жылдары мемлекет қайраткері, Ленин мен Сталин жақтасы, төңкерісші Валериан Куйбышевтің отбасы тұрған.

24c0821d93a0999da99498aff03aa644.jpg

Куйбышев отбасы, Көкшетау, 1989 жыл

Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңес әскерінің жараланған жауынгерлеріне арналған тыл госпиталі орналасты, содан соң, 1949 жылы, бұл үйде В.В. Куйбышевтің музейі ашылды. В. В. Куйбышевтің туған апасы Елена Владимировна оның негізін қалаған және аталмыш мекеменің 30 жылдың ішінде директоры болған. Кеңестік кезеңде музей Көкшетау қаласының ең ірі мәдени орталықтарының бірі болып, республикалық маңызы бар мекеме болып табылып, КСРО-ның үздік музейлерінің қатарына енген. Ол марксизм, ленизм ілімдерінің ережелері бойынша жастарды тәрбиеледі.

4858b0130760e5cea43d8bc1b730a64f.jpg

В.В. Куйбышев музейі, 1950-ы жж.

1982 жылы 90-жастағы Елена Владимировна Көкшетау қаласынан Мәскеуге көшіп кеткеніне қарамастан, өз өмірінің аяғына дейін бұл музейдің жағдайын қатты уайымдап жүрген екен. Ол өзіне соншалықты жақын, ыстық көрінген ғимараттың қызметкерлерімен байланыс үзбеген.

b28f2afbb80eb9a59cb31cea585da8a1.jpg

Е.В. Куйбышева, Көкшетау, 1968 жыл

Еліміз үшін қиындыққа толы 90-шы жылдары музейге де әсерін тигізген... КСРО ыдырығаннан кейін және Қазақстан тәуелсіздігін алғанымен музейдің бұрынғы маңыздылығы әлсіреп кетті, оның қызметі де қажетсіз болып қалған. 2000 жылы қала басшылығы В. В. Куйбышев музейдің негізінде Көкшетау қаласының тарихы музейін құру керектігін көрсетті. Музей орналасқан ағаш үй қайта қалпына келтірілді, ал оның қойылымдары жаңа музейдің құрамына енді. 2004 жылдың 25 қыркүйегінде музей салтанатты түрде ашылған.

Б. Ғабдуллина, Көкшетау қаласының тарихы музейінің директоры

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?