Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де Қазақстан тарихы пәнін оқытудағы өзекті мәселелер талқыланбақ

929
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де Қазақстан тарихы пәнін оқытудағы өзекті мәселелер талқыланбақ - e-history.kz
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті «Ұлттық тарихты зерттеу мен оқытудың қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

2014 жылы 22 қарашада Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Тарих факультетінің ұйымдастыруымен «Ұлттық тарихты зерттеу мен оқытудың қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі (Мирзоян көшесі 2, ЕҰУ бас ғимараты, 208 аудитория).

Конференцияның жұмысында Қазақстан тарихының өзекті мәселелері болып табылар Қытай деректері мен ортағасырлар тарихын жазу ерекшеліктерінен бастап, еуразия интеграциялық жобасына дейінгі тақырыптарды талқылау жоспарланып отыр. Кеңестік кезең тарихы бойынша оның трагедиялық парақтарына жататын: саяси репрессиялар, халықтар депортациясы, аштық, ГУЛАГ тарихы, сонымен қатар сталиндік кезеңдегі кеңес адамының күнделікті өмірі, кеңестік бюрократияның қалыптасу ерекшеліктері сияқты мәселелер қарастырылады. Білім берудің заманауи жүйесіндегі Қазақстан тарихын оқытудың өзекті мәселелеріне жеке секция жұмысы жоспарланған. Ұлттық тарих және ұлттық мұра мәселелері конференция қатысушыларының барлық баяндамаларында сөзге тиек етілген.

Конференция барысында тарих ғылымының дамуына ықпал ететін сыртқы және ішкі факторлар әсерін талдауға ерекше көңіл аударылады. Қазіргі таңда ұлттық тарихқа мемлекет және қоғамдық пікір тарапынан аса қызығушылық танытылып отырғаны белгілі. Әлемдік-деңгейдегі саяси-құқықтық және әлеуметтік-мәдени кеңістікте орын алып отырған өзгерістер жұртшылық назарына бірқатар мәселелерді жылжыта отырып, оған тарихшылар тарапынан, қоғам мен мемлекет алдында тұрған жаһандық және геостратегиялық міндеттер ментарих ғылымының ішінара ресурстық және кадрлық мүмкіндіктерін есепке ала отырып кәсіби тұрғыдан берілер жауабын күтуде.

Тарихшы кадрлар даярлауда кәсіби зерттеушілердің жалпы гуманитарлық дайындығы мен біліктілігі маңызды рөл атқарады. Сол себепті конференция жұмысына көрнекті шетелдік және отандық ғалымдар, тарих факультетінің студенттері мен магистранттары, Астана қаласының мектеп мұғалімдері және оқушылары тартылып отыр. Болашақ тарихшылардың кәсіби дайындығы мен сыни ойлау қабілетін дамыту мақсатында конференция барысында баяндамаларды тыңдау мен талқылаумен қатар, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мұражайларына экскурсиялар жүргізіліп, дискуссиялық алаңдар ұйымдастырылатын болады. Конференция ұйымдастырушылары тарихи білімді танымал ету және ғылыми, оқытушылық, мұражайлық, экскурсиялық қызмет саласында кәсіби мамандануға баулу ісін жоғары білімнің ең басымды міндеттерінің бірі ретінде таниды.

Конференцияның ұйымдастыру комитетіне шамамен 180 баяндама келіп түсті. 

Конференцияның жұмысына: Ұлыбританиядан (А. Моррисон), Белоруссия (В. И. Меньковский), Польшадан (Михаил Педраки), Ресейден (Д. А. Аманжолова, Л. В. Алексеева, Н. В. Сапожникова), Түркиядан (Себахаттин Шимшир) шетелдік белгілі ғалымдар қатысады. Қазақстан зерттеушілері еліміздің түрлі аймақтарынан: Астана, Алматы, Қостанай, Өскемен, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Көкшетау, Арқалық, Семей, Петропавлдан қатыспақшы.


Конференцияның жұмыс тілдері — қазақ, орыс және, ағылшын.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?